• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Кашаку Г. Табылған хаттардан қамқорлық лебі есіп тұр

Кашаку Г. Табылған хаттардан қамқорлық лебі есіп тұр

Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорықтың сирек кітаптар мен икон жазбалар бөлімі 2003 жылдан бері  жерлес ақын-жазушылардың жәдігерлерін жинаумен жүйелі түрде айналысып келеді. 2004 жылдан бері 3 үлкен экспозиция ашылды.

Биыл қараша айының бесінде Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әнші, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз, қазақтың біртуар қызының бірі – марқұм Тұрсынхан Әбдірахманова апамыздың туғанына 90 жыл толады. Осыған орай аталмыш бөлім ақын, ғалым, әнші апамыздың жәдігерлерін жинастыру үстінде.

Ұшқыр уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол кісінің өмірден өткеніне биыл 8 жыл. «Ғалымның хаты өлмейді» дегендей, апамыздың негізгі шығармашылық еңбегі қағаз бетіне қатталса да өмір тарихына байланысты кеше көзінің тірісінде елеусіз болып көрінген көпшілікке әлі беймәлім, бүгінгі күн үшін таптырмас қазына талай дүниелері мұрағаттарда, үрім-жұрағаттарының қолында сақтаулы жатқанында күмән жоқ.

Осындай құнды деректерді Семей қаласындағы «Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығынан» іздестіріп көрдік. Мұқағали жырлағандай «шаң басқан» сары парақтарды аударыстырдық. Апамыздың қол таңбалары мұнда да сайрап жатыр екен.

Әуелі ол кісінің Аягөз аудандық комсомол комитетінде қызметте жүрген кезіндегі «Екпінді» газетінде жариялаған көлемі үлкенді-кішілі мақалаларын таптым. Мақалаларында комсомол жастарының еңбегі мен жетістіктері баяндалған. Тағы қандай мұралары табылар екен деген үміт мені жетектеді.

Қағаздарды парақтап отырғанымда, төртке бүктелген, сарғайған 3 бет көзіме оттай басылды. Ашсам хат екен. Оқи бастадым. Тұрсынхан апамыздың ақын інісі Қалиқан Алтынбаевқа 1981 жылы тамыз айының он алтысында жолдаған хаты екен. Хатта Қалиқанды Жазушылар одағына мүшелікке өтуге шақырады. «...Сен шын мәнінде талант, ақынсың ғой. Саған көзді жұмып қарау үшін біраз күш керек  болар деп  ойлаймын. Тек өзің салақсыма. Осы материалдарды тездетіп жібер. Одаққа өтіп алсаң, жинақ шығару т.б, жол ашылады. Әртүрлі ақындар туралы шежіре материалдарды да ұсынып көресің. Жазушылар одағының әдебиет фондасына мүше боласың. Ол өзі кәзір де, кейін де өте қажет нәрсе. Менің тілімде алсаң, күнделікті семья, өмір тіршілігінің қамы бітпейді. Балалар өскен шығар. Сондықтан сен енді мына творчествоңның да қамын ойла. Екінің бірі сендей талант боп туа бермейді. Соны сен алдымен өзің бағала. Ал бағалауының басы – сол творчествоң туралы қамқорлығың. Соны жарық көргізіп, келешекке, болашаққа қалдыру» (Т. Әбдірахманова, 16.08.81).

Хаттан ақын апамыздың парасатты, дарынды ақын ретінде кейінгі талантты жастарды бағалау, қамқорлық жасау сияқты адами құнды қасиеттерін көруге болады. Ол кісінің іштарлық, көре алмаушылық сияқты жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстайтындығының дәлелі.

Тұрсынхан Әбдірахманова – ақын, жазушы, ғалым ғана емес, қоғам қайраткері. Елім, жерім деп жүрегі соғатын ақын апамыз Семей полигонының тақсіретіне де кезінде үн қосыпты. Мұрағаттан апамыздың 1989 жылы қазан айында «Звезда» журналының редакциясына жолдаған хатын таптық. Аталған журналда басылған «Поддержите нас!» деп басталатын хатта полигон орналасқан аумақ тұрғындарының қасіреті баяндала келе, Ленинград қаласының тұрғындарына жолдаған «Поддержите нас!» деп басталатын хатында Ленинград қаласының тұрғындарынан «Невада-Семей» қозғалысын қолдауын, жерімізді ядролық қарудан құтқаруға көмек берулерін өтінеді. Аталған журнал Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сақталған. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 20 жылдығы салтанатпен тойланғалы отырған биылғы жылда ақын апамыздың бұл үндеу хаттарының да құны ерекше екені белгілі. Апамыздың осы бір құнды хатының көшірмесі Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорықтың сирек кітаптар мен икон жазбалар бөлімінің қорына алынды.

Біздің мақсатымыз - Тұрсынхан апамыздың туған-туыстарынан, жора-жолдастарынан жиналған мемориалдық бұйымдар арқылы мұражай-қорықтың жәдігерін толықтыру, әрі ұлағатты ақынның ұқтырары мол шығармашылығымен, бай мұрасын жас ұрпаққа тарту ету.

Гүлжан Кашаку

г. Дидар, 12 шілде. 3 бет.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …