

Наурыз мерекесі қарсаңында қазақ этнографиясы және сәндік-қолданбалы өнер бөлімдері бірлесіп «Наурыз – ең қызықты мереке» атты мерекелік іс-шараны ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, мәдени мұраны сақтау және жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында «Белес» этно-фольклорлық ансамблінің мүшесі Кащей Ардақ қобыз аспабында күй орындады. Қазақ халқының «Амандасу», «Көрісу» дәстүрлері көрініс ретінде ұсынылды. «Белсенді ұзақ өмір» орталығының мүшелері Ж.Иляшева мен С.Серікбаева халық әндерін орындады. Оқушылар шығармашылық сарайының «Нұр-Алтай» үйірмесінің қатысушылары А.Қабыш пен Т.Мақажан ұлттық би биледі. Сонымен қатар «Селт еткізер» дәстүрі таныстырылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп оқушылары мен қонақтар қатысты. Іс-шара жүргізушісі – К. Акуов болды. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.







