Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Кусаинова И.М. Шығыс Қазақстан Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың 50 жылдық мерейтойына арналады. Достық үйімен достығымыз жарасқан!

Адамзат тарихының күретамыры - мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры –адамзаттың ақыл ойы мен іс-әрекетінен туындайтын материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл тұрғыда тарихи-мәдени құндылықтарымызды қалпында сақтап, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында жұмыс істейтін музей қызметінің мәні зор. Шырайлы Шығысымыздың алып шаһары Өскеменде орналасқан 50-жылдық тарихы бар Шығыс Қазақстан Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорық – алтын қазыналы жәдігерлер ордасына айналды. Музей жылдан жылға жаңа экспонаттармен толығу үстінде. Қордың соңғы мәліметтері бойынша 70 мыңға жуық жәдігер бар.

«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегін айтпаған. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Қазақстанда қазақ халқымен бірге тағдыр тауқыметімен елімізге келіп қалған 130 түрлі ұлт диаспоралары мекендейді. Соның ішінде 105-і Шығыс Қазақстанда мекен етеді. Ал музей-қорықта 40-қа жуық этностың рухани және материалдық мәдениетін сақтау, қорғау, жаңғырту және зерттеу істерімен айналысатын ғылыми-зерттеу бөлімдері жұмыс атқарады. Шығыс Қазақстан аумағында тұратын ұлттық топтардың қалыптасу процесін зерттеу мақсатында 1989 жылы аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімі ашылған болатын. Бөлімнің ең алғашқы іс-шараларының бірі – неміс мәдениетінің облыстық мерекесі. Іс-шара Шемонаиха ауданында өтіп, оған облыстың барлық аудандарынан, алтай өлкесінің көршілес селоларынан меймандар келді. Халықтың ұсынысы бойынша осындай мерекелер дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болды.

Орталықтың ізгі шаралары жалғасын тауып, 1996 жылы Пасханы барлық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаумен өткізді. Көктемнің шуағын шашып келген нұрлы мереке – жарық, махаббат, үміт және жаңару әкеледі деп сенеді. Бөлім үлкен көрме ұйымдастырды.

Қазақ халқының болмыс-бітімімен біте қайнасып, тұрмыс-тіршілігі ортақ бір арнаға тоғысқан корейлердің өзіндік ұлт ретіндегі мәдени құндылықтары біздің облыста да қалыптасты. 1990 жылы облысымызда корей мәдени орталығының қауымдастығы құрылды. Алғаш рет музейде 1993 жылы «Корей халқының тұрмысы мен мәдениеті» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

2003 жылы әдеттегі жылдық жоспар бойынша «Ұлттық мәдениет – халықтың жаны» тақырыбында алты тұрақты, әрі ерекше шағын көрме өткізілді. Себебі әртүрлі мәдени орталық өкілдері өздерінің отбасылық құндылықтарын насихаттайтын заттарды көрмеге әкелді. Көрмелер мынандай атауларға ие болды: армян көрмесі – «Арарат шыңынан тасты таулар сағасына дейін», украин – «Біз – Украинаның халқымыз», белорус – «Мы усе - сябры» («Біз бәріміз доспыз»), неміс – «Видергербургт» («Өркендеу»), татар – «Татарлар турында» («Татарлар туралы»), шешендер - «Вайнах» («Біздің халық»).

ШҚО халқы ассамблеясы Достық үйі мен музей-қорық арасында ынтымақтастық туралы 2005 жылы келісім-шартқа қол қойылды. Ынтымақтастық туралы келісім ұлттық – мәдени орталықтармен біздің байланысымызды одан әрі нығайта түсті.

Келісім шарқа қол қойылғаннан кейін бірлескен алғашқы іс-шара Жастар паркіндегі этнобақта ХХ ғасырдың 50-ші жылдарындағы татар үйінің ашылу салтанаты болып табылды. Бөлім қызметкерлері татар халқының тұрмысын көрсетіп, үйдің интерьеріне ұлттық нақыш беруге ат салысты.

Қаламызда алғаш рет 2007 жылы татардың халықаралық Сабантойы өтті. Ол түркі халқының егін науқанынан кейін өткізетін ежелгі мерекесі. Осы кезден бастап жыл сайын бұл мереке атап өтілетін болды. Есте қаларлық мереке 2016 жылы ерекше тойланды. Себебі Ресей Федерациясының Бас консулы Айрат Маратұлы Хамидуллин, Қазақстандағы татарлар мен башқұрттар Республикалық қауымдастығының төрағасы Г.М.Ишмуратов және т.б. мәртебелі қонақтар солжағалаулық этноауылға ат басын тіреген еді. Сонымен қатар неміс этномәдени бірлестігінен «Майглюккен» атты фольклорлы ансамблі қосымша концерт қойып, бірлестік жетекшісі Л.Г. Роот татар диаспорасын ұлттық мерекесімен құттықтады.

2007 жылы облыстық Достық үйінде «Еврейлер Қазақстан жерінде» (авторы Н.В.Крутова-бөлім қызметкері) атты кітаптың тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге тек еврей мәдени орталығының мүшелері ғана емес, басқа орталықтардың да адамдары қатысты. Кеш жоғарғы деңгейде өтті. Келген қонақтар кітапты қолдарына түсірген бойда автордан қолтаңба алды. Бөлім жыл сайын еврейлердің Пурим, Шавуот мерекелеріне арналып көрме ұйымдастырады.

кезден бері жұмыс істейді. Өскемендегі әзірбайжандық диаспора өте белсенді, ШҚО аумағында тұратын жүзден астам ұлт өкілдерін шақырып түрлі шаралар, концерттер ұйымдастырып отырады», - дейді облыстық Достық үйінің директоры Елдар Төлеубеков. 
Әсіресе «Азери» бірлестігінің би ұжымдары әрдайым көрермендердің ыстық ықылысына бөлен

Поляк этномәдени орталығы құрылғаннан бері төрағасы Михаил Львович Межинский және орталық мүшелерімен бөлім де тығыз жұмыс атқарып келеді. Өскемен қаласындағы «Пресвятая дева Мария Святого Розария» католиктік приходымен бірлесіп «Рождестволық шыршалар» және «Менің үйім пасхалық аспанмен қасиеттелген» атты әсем көрмелер ұйымдастырылды. Көрмеге қосымша католиктік приходтың мінәжаттық бұйымдары және поляк орталығының «Акварелька» изостудиясына қатысатын балалардың еңбектері көрсетілген.

Шығыс Қазақстан ассамблеясы «Шығыс Қазақстан поляктары:өткені және қазіргі заман» атты кітап шығаруға демеушілік жасады. (авторлары Н.Петельская мен М.Резонтова). Кітаптың тұсаукесері 2009 жылы  сәуір айында Достық Үйінің дөңгелек залында өтті.

2008 жылы қыркүйек айында музей-қорықтың базасында қызметкерлер арасында Республикалық «Қазақстан музейлері жаңа әлемде» атты семинар-кеңесі өткен болатын. Семинардың өткізілуі «Жастар» саябағында ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы белорус үйінің тұсаукесерімен тұспа-тұс келді.

2010 жыл музей үшін ұмытылмас кезеңге айналды, себебі солжағалық кешен құрылысын тұрғызу үшін қарқынды жұмыстар атқарылды. Аз санды этникалық топтар этнографиясы бөлімі он бір нысан безендірді. Олар, ХХ ғасырдағы корей, еврей, татар, неміс, ұйғыр, белорус, поляк, украин, әзірбайжан қоныстары және XV-XVII ғасырлардағы шешен мұнарасы.

Қазіргі күні кез-келген іс-шара, ұлттық және діни мерекелер этноауылда өткізілетін болды. Мысалы, жылда сәуір айларында корейлердің «Ағаш отырғызу күні» мерекесі атап өтілді. Кореяда бұл мереке дәстүрлі түрде 5 сәуірде өткізіледі және қайтыс болған ата-бабаларын еске алуға арналады. Іс-шараға үнемі «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің оқытушылары мен оқушылары және Шығыс Қазақстанның Корей диаспорасы және Шығыс Қазақстан корейлер ассоциациясы қоғамдық бірлестігі белсене ат салысты.

Ең қызықты және әсерлі өткен 2013 жылғы этноауылдағы Әзірбайжан қонысындағы үйлену тойын айтуға болады. Той арқылы әзірбайжандар ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлерін көрсетті.

 

  1. «Әлемге ашық мұражай. Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және ландшафттық мұражай-қорығы»». Өскемен: «Рекламный Дайджест» баспахана, 2014. 205;208;215-216; 221 беттер.
  2. http://www.vkoem.kz/index.php/kz/zhaalytary?start=132

 

И.М.Кусаинова

ШҚО халықтары мен аз санды

этникалық топтарының этнографиясы

бөлімінің қызметкері