Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Елікпай Б.М. Халық қазынасының ордасы

Халықаралық мұражайлар кұніне орай

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданғаннан кейін мәдениет саласында бір серпіліс байқалғандай. Бұл салада ерекше орын алатыны, әрине,  көне жәдігерліктерді сақтап және оны күнделікті насихаттап  отырған мұражай саласы. Облыстық этнографиялық мұражай жылдық жоспармен  қатар қорды толықтыру мақсатында бесжылдық  жоспар жасап отыр. Қазақ этнографиясын алатын болсақ, зергерлік бұйымдар, ұлттық киім,  музыкалық аспаптар, қару-жарақ және тұрмыстық заттар әлі де  керекті болып отыр. Зергерлік бұйыдарды алдыңғы кезекке қою себебіміз – зергерлік өнермен тек қана кәсіби шеберлер айналысқан, сондықтан олардың қолынан шыққан әрбір зат ұлттық өнеріміздің  жоғары дәрежеде болғанын айқындайды. Екіншіден, зергерлік бұйымдардың түрлері сан алуан. Мысалы, кәзір сирек кездесетіні бес білезік, сәукеле әшекейі – жырға,  әйел адамдардың  белдіктері, білезіктердің басқа түрлері - топсалы, бұрама, үзбелі т. б.

Үшіншіден, зергерлік  бұйым жасауда және әшекейлеуде әдіс-тәсілдердің көптеген түрлері болғаны анық, бірақ  солардың кейбіреуі ұмытылып, кейбіреуі кәзіргі зергерлердің қолынан келмейтін жағдайда. Төртіншіден, күміс зергерлік бұйымдарға тек қана әшекей деп қарамай, оның магиялық  қасиеттеріне де көп мән берілген еді ертеде.

Жәдігерлердің қорға түсу жолдарын атап өтсек, олар бірнешеу.

Біріншісі: ғылыми экспедициялар және іссапарлар ұйымдастыру арқылы;

екіншісі: басқа мұражайлардың,  мекемелердің, жеке азаматтардың сыйға тартқан дүниелері; үшіншісі: халықтың өз бетімен тапсырған заттары; төртіншісі: ескі үлгідегі жәдігерлерді қайта қалпына келтіру немесе тапсырыс арқылы қайта жасату;

бесіншісі: жәдігерлерді дайын күйінде арнайы фирмалардан сатып алу.

Ескере кететін бір жәйт, бұл дүниелердің ақшаға сатып алынатыны, қорға жәдігер сатып алу   жөніндегі комиссияның қарауынан, міндетті түрде, өтуі керек.

Қалай айтсақта, ғылыми-зерттеу жұмысы- жұмыстың негізгі бағыты деп саналады, қәзіргі таңда. Осы бағытта да біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Облысымызға

танымал «Деловой Усть-Каменогорск» және «Региональный вестник Востока»

(ШҚМУ) жорналдарында  біздің ғылыми қызметкерлердің, мамандардың ғылыми

мақалалары жиі басылып тұрады, ал орыс бөлімі мен діндер тарихы жөніндегі сектопрдың  дайындаған публикациялары Ресейде шығатын ғылыми жинақтарда  жарық  көріп  үлгерді. Ендігі жылы, жоспар бойынша, қазақ этнографиясы бөлімінің

қызметкерлері соңғы жылдары жазған ғылыми мақалалары жинақ болып басылып

шығарылмақ. Бұған қоса, қордағы коллекциялар негізінде ғылыми тізімдемелер

де жасалып жатыр.

Бұқаралық-ағарту жұмысын алар болсақ, быил, көрмелер алмасу шеңберінде , Наурыз мерекесіне орайластырған, Қызылорда тарихи-өлкетану мұражайы қорынан  «Сыр өңірінің ұлттық өнері» атты көрме ашылып, келушілерді тамсандырғаны хақ.

Көрмеде қазақтың зергерлік әшекейлері, үлттық киімі, ат әбзелдері , тұрмыстық заттары кеңінен орын алды. Өз кезегінде біздің мұражай Қызылордада «Орыс  халқының ұлттық киімі» көрмесін ұйымдастырды. Бұл шараның мәні өте зор,  өйткені  қазақы мұрасы мол Сыр өңірі өз құндылықтарын біздің көрерменге

паш етті, ал орыс халқының коллекциясы  «Қазақстандағы Ресей жылы» шеңберінде қызылордалықтарға қызмет етіп жатқанды. Оған қоса мұражайлар мамандарының тәжірибе алмасуына да әжептәуір ықпал жасағаны анық.

«Қазақстандағы Ресей жылы» мәдени бағдарламаға тоқталсақ,  сәуір айының аяғында біздің көрме залдарымызда екі бірдей көрме ашылды. Біріншісі, жерлесіміз О.В. Навозовтың  «Ресей қалаларының гербтері» атты жеке коллекцисы, екіншісі  «Ресей. Өзгерістер жолында» фотосуреттер көрмесі. Екіншісі біздің  мұражайға Қазақстандағы  Ресей елшілігі сыйға тартқан көрме.  Фотосуреттер көрмесі Ресей демократиясының онжылдығына арналған. О.В. Навозовтың коллекциясында  547 герб (белгіше) көрсетіліп тұрған болса,  фотосуреттердің   29-ы тамашалануда.

Биыл тағы екі көрме жоспарланып отыр. Олар: Барнаул қаласынан суреттер  және  Горноалтайскіден әкелінетін қолданбалы өнер көрмелері.

Киров атындағы саябақ этнографиялық мұражайға берілгені жұртқа мәлім.

Облыс орталығында тағы бір халық демалатын, басқа саябақтарға  ұқсамайтын, әсем  саябақ   дүниеге келді. Этносаябақ екі бөліктен тұрады:  ботаникалық және этнографиялық аймақтар. Ботаникалық аймақ әдемі  гүлзарларымен, ертегілер алаңымен, демалатын беседкаларымен, романтикалық көпірлерімен  және жас жұбайлар саяжолымен ерекшеленеді.

Этнографиялық бөлігін алар болсақ,  мұнда орыс және қазақ халықтарының  XIX-XXғ.ғ. межесіндегі үйлері орын тепкен.

Бұл экспозициялар көктемде ашылып күзге дейін халыққа қызмет етіп тұрады.

Үйлердің іші ежелгі жиһаздармен, тұрмыстық әбзелдермен толық қамтамасы етіліп,

ата-бабаларымыздың өмір-салтымен, тұрмыс жағдайымен таныстырып тұрғандай.

Үй-жайдың көріністері бабаларымыздың ой-санасы, мінез-құлқы, қолөнері, тұрмыс

жағдайы жөнінде тәлім-тәрбиелік мәні зор мәлімет береді. Үй тұрмысына қарап

халықтың сол кездегі экономикалық жағдайы, сауда-саттық қарым-қатынастары туралы мағлұмат алуға әбден болады. Ашық аспан астындағы  мұражайды көруге

балабақша бүлдіршіндері,оқушылар, студенттер, қала тұрғындары және қала  қонақтары(оның ішінде шетелдерден келген меймандар)  көптеп келіп,

қызығушылық танытып  жатқан жайы бар. Қазақ үйлерін айтар болсақ, көшпелі

мәдениетіміз жөніндегі мағлұматымыз баршылық, ал отырықшылық өмір-салтымыз

жөнді зерттелмеген екен, сондықтан экспозицияны құрған кезде, кейбір сауалдарға

жауап беру, оңайға соқпады. Дегенмен, соңғы жылдары, бұл бағытта әжептәуір

іс-әрекеттер жасалды деп айталамыз.

Саябақтағы құрылыс жұмыстары толастар емес, өйткені уақыт  талабына сай, қазақ ауылында киіз үй тікпек ойымыз бар және П. Бажов мұражай-үйінің қасынан  көрме павильоны, құдай қаласа, жаз айларында салынып бітеді.

Мұнда   О. Бөкейге және басқа да шығысқазақстандық жазушыларға арналған

көрме  ашылуы тиіс.

Өз өңіріміздің әдеби тарихымен,  жазушы - тұлғалардың шығармаларымен

танысуға мүмкіндік туары сөзсіз. Әсіресе, бұл жас ұрпаққа аса қажет дүние екеніне

сенім мол. Жыл он екі ай айналып келген халықаралық мұражайлар күнін қашанда

аз да болса жақсы істерімізбен өрнекті ізденістерімізбен қарсы алуға тырысамыз.

Әңгіме арқауы атқарылған істер болса, алда атқаратын, межелеп отырған дүниелер  жетерлік. Ең басты міндет – қалың ел сұранысына, солардың мүддесіне орай қызмет көрсету деп білеміз.

Б. М. Елікбай

Облыстық этнографиялық мұражайы

қазақ этнографиясы бөлімінің меңгерушісі

«Дидар» газеті, 18 мамыр 2004 жыл.