Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Зейнеп Мәжікенқызы. Өткеннен өнеге

Кеткеніміз  оралып, жоғалғанымыз  табылып, өшкеніміз  қайта  жанған  тәуелсіздік  шапағаты  төгілген  осынау  кезеңде, егемендігіміздің  еңселі  жылдарының жарқын  бір  жемісі- мемлекеттік «МӘДЕНИ  МҰРА» бағдар-ламасы.  Ел  экономикасының  пәрмені  біршама  артқан  шақта елбасы ҰЛТТЫҚ  руханиятқа  ерекше  көңіл  бөліп  осы  мемлекеттік  МӘДЕНИ МҰРА  бағдарламасын  дүниеге  әкелді.

Бұл  бағдарлама - әлемде  теңдесі  жоқ  әлеуметтік  жоба.  Бұл  бағдарлама  ел  өмірінде  орасан  маңызды  орын  алды.  Оның  мақсаты – халқымыздың  бірегей  ұлттық  мәдениетін  әлемге  әйгілеу, өзімізге  таныту  арқылы қазақи  отаншылдыққа  тәрбиелеу.

Әрбір  азаматтың  ата – тегін, елінің  тарихын, ана тілін  білуі, ұлтын сүюі  қасиетті  парызы.  Ал, ұлтының  әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін,  мәдениетін  өмір  бойы  сақтап,  ұстануы, дамытуы  ата-  баба  рухы  алдындағы  мәңгі-лікке  ұмытылмайтын  борышы  мен  міндеті.

Олай  болса  «Салтын  сыйлаған, халқын  сыйлайды», - деген  даналық  сөзді  мәңгілік  жадымыздан  шығармауымыз  керек.

Осы орайда  облыстық  этнографиялық  мұражайда  мемлекеттік  МӘДЕНИ  МҰРА бағдарламасы  аясында  «ӨТКЕННЕН  ӨНЕГЕ» атты  ұлт-тық  салт-  дәстүр, ұлттық  қолөнердің  бірегей  туындыларынан  жабдықта-лған  көрме  ашылды.

Бұл  көрмеге  Жарма, Үржар,  Аягөз, Зайсан аудандарына  қазақ  этно-графиясы  бөлімі  ғылми  қызметкерлерінің  тарапынан  ұйымдастырыл-ған  экспедиция  барысында  іздеп,  табылған  тұрмыстық  қолданбалы бұйымдар  және  Астанадағы  тұңғыш  Президент   мұражайынан  келген,  Астана,  Алматы  қалаларына  жасалған  іс-  сапарлар  кезінде  шеберлерден  арнайы  қалап  алынған  зергерлік  әшекейлер  қойылды.

2004 жылы  Жарма,  Аягөз,  Үржар  экспедициясы  барысында  бұрын-  соңды  кездеспеген  түрлі –түсті  сырмақтар,  түскиіздер,  кемер  белдіктер,  қасқыр  терісі,  шым ши,  күміс  жүзік,  білезіктер, шәшбаудың  бөлшегі,  әдемі  әшекейлі  сандықтар, оюлы  төсек  сияқты,  тағы  басқада  ұлттық  қолөнеріміздің  көнеден  үзілмей,  өнеге  болып,  жалғасып  келе  жатқан, бірегей  де  әсем  туындылар  табылды.

Бұл  заттар  өзіндік  ою-  өрнек,  орындау  техникасы,  бояу  түстерінің  жаңаша  үйлестірілуімен  ерекшеленеді.

Көрмеге  қойылған  қалыңдық  пен  күйеу  жігіттің  ұлттық  үрдіспен  тігілген  той  киіміндегі  оюлардың  ұсақ  моншақтармен  бедерленуі,  түскиіздер, аяққап,  кесеқап,  киім  жапқыштарда  гүл  мен  құс  бейнелерінің  кестеленуі,  сәндік-  қолданбалы  өнер  саласындағы  жаңа  тәсіл, бұл  ұлттық  өнеріміздің  байып,  дамый  түскенінің  белгісі.

Көрмеге  ағаш  өңдеу  саласы  бойынша  ыдыс-  аяқтың , сандықтар  мен  жүкаяқ,  тұғырлардың  айрықша  үлгілері  қойылған.  Олар  түрлі  өрнектер-мен  айшықталып,  темірден  ойылған  оюлармен  әшекейленген.

2006 жылғы Зайсан  экспедициясы   барысында табылған  атақты  болыс  Зейнолла  қажы  пайдаланған  әмиян  өзінің   көнелігімен  ерекше  құнды.  Бүркітке  арналған  жемді  салып  қоятын,  ешкінің  бітеу  терісінен  күдері  тәрізді иленіп  жасалған тұлып,  бүркітке  кигізілетін  томаға,  сарала  қамшы осы экспедиция  кезінде  қолға  түскен  бірегей  олжалар.

Халық  шеберлері  Шығыста  ежелден  бар  біз  кесте,  тығыз  кестелерді  қолданып,  бұрынды-  соңды  кездеспеген ерекше  өнер  туындысы -  кестелі  сырмақтар  жасаған.

Біздің  мұражай  ұжымы  бірнеше  жылдар  бойы  Астанадағы  тұңғыш Президент мұражайымен тығыз  шығармашылық байланыста жұмыс  істеуде.  Соңғы  екі  жыл  бойы  сол  мқражай  жәдігерлерінен  арнайы  көшпелі  көр-мелер  ұйымдастырылды.  Осы  байланыс  негізінде  тұңғыш  Президент  мұ-ражайы ұжымы  биылғы жылы бізге көптеген жәдігерлерді  сыйға  тартты.

Астанадағы  тұңғыш  Президент  мұражайынан  әкелінген  бағалы, құнды  жәдігерлер:  17-18 ғасырлардағы  қазақ  батырының  кіреуке  сауыты, күміс  ертоқым,  ат- әбзелдері,  торсықтар, жерлесіміз  жазушы  Дидахмет  Әшімханов  сыйлаған  аңшының  шаңғысы,  оқ-  дәрі  өлшегіші,  Халық  қаһарманы,  КСРОхалық  әртісі,  ҚазКСР  халық  әртісі   Роза  Бағланованың  концерттік  костюмі,  КСРО халық  әртісі, КазКСР  халық  әртісі  Бибігүл  Төлегенованың  концерттік  костюмі, т.б. заттар  көрермендерді  қызықтыр-ады  деп  ойлаймыз.

Ал, қазақ зергерілері ЮНЕСКО- ның «САПА БЕЛГІСІ»сертификатының  Қазақстандағы  тұңғыш  , жалғыз  иегері жерлесіміз  Сержан  Бәшіровтың   және  Берік  Әлібайдың  авторлық  жұмыстары – ұлттық  өнеріміздің  өткен-нен өнеге  ала  отырып, дамыта,  түрлендіре  жасаған  таңқаларлық,  ғажайып  өнер  туындылары.  Бұл  әшекей  бұйымдардың  өзгеше,  кейде  тіпті  әдейі  бұрмаланған,  әсіре  көнелендірілген  пішіндері  дәстүрлі ұлттық  нақыштарға  бай,  әрі  қиял ерекшелігімен   және  аса  шебер  орындалуымен  көзге  түседі.

Халық  шеберлерінің  қолынан  шыққан  осы  бір  өнер  туындылары  сан- алуан  қырымен, бояу  реңдерінің  байлығымен  және  жоғары  орындалу  шеберлігімен  көрерменін  тәнті  етері  сөзсіз.

Демек,  халқымыздың  салт-  дәстүрі,  ұлттық  бай  мұрасы,  өнері  мәңгілік  жалғасып,  жаңарып,  дамый  бермек.

Зейнеп  Мәжікенқызы

«Мәдениет  жаршысы»  журналы, 2007 жыл  №3