Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Зейнеп Мәжікенқызы. Ұлы өнерді ұлықтаған азамат

Жерлесіміз  Сержан   Мұратұлы   Бәшіров - ешкімге  ұқсамайтын ерекше  қолтаңбасы , өрнегі бар , сан - алуан  өнерді   меңгерген , жұмыстары  шетелге танымал, халықаралық «ЮНЕСКО-ның сапа белгісі» сертификатына   ие болған  жалғыз  Қазақстандық  зергер,  әрі  ұлттық мұраларды  жинап   зерттеуші  .

Оның көркем туындылары, сәндік әшекей бұйымдары, кеңістік инсталляциалары республикалық және халықаралық көрме-жәрмеңкелерде    көптеген   дипломдармен   марапатталды.

Дербес  көрмесі  АҚШ, Ресей, Франция,  Венгрия, Қырғызстан, Украйна, т.б. елдерде  ұйымдастырылды. Оның таңғажайып, керемет зергелік бұйымдары Туссон, Магдебург, Мәскеу, Санкт-Петербург, Кечкеме,  Астана , Алматы , Өскемен   қалаларындағы   мұражайларға қойылған.

Сержан 1964 жылы Тарағатай ауданы, Ақжар  ауылында дүниеге келген . 1984  жылы  Гоголь  атындағы  көркемсурет училищесін, 1991 жылы   Алматы мемлекеттік театр институтын бітірді. 1998 жылдан бастап   суретшілер   одағының   мүшесі.

Сержан Бәшіровтың шығармашылығы өнердің нақты, анық бір стильдік  саласына  бағынбайды. Оның жұмыстарынан  әлемді  авангардтың , концептуалды  көркемөнердің, абстракты космологиялық халық өнері  идеалогияларының  терең   әсер  еткені  байқалады.

Оның жасаған бұйымдарының таңғажайып пішіні, кейде әдейі бұрмаланған, өте көне, ескірген  дәстүрлі  ұлттық  нақыш-өрнектермен барынша  байытылған, сонымен  бір  мезгілде  ықшам  әрі жәңаша әшекейлеу  әуенінде,  ғасырлар  тереңінен  жеткен   әдет - ғұрыптар  мен  қоса   жәңа  сазды, ойнақы  ырғақтармен   қабысқан, сан қырлы, тұтас, құпия, сиқырлы  бір әлемді көрерменіне ұсынып, бабалар рухымен жүздестіргендей болады                           Мамандығы бойынша сәулетші Сержан өзінің әрбір жұмысын кеңістікте  өмір  сүретін, өсуі мен дамуы, жетілу үрдісі бар, дайын, біткен      материалдық   көркемөнер   туындысы   деп    сезінеді.

Сержанның  кеңістікті,  табиғат  нысандарын , ағаш,  киіз,  тері,  тас  металл(мыс, жез),т.б тұрмыстық заттарды пайдаланып кеңістік  инсталляцияларын  жасауға  бой  ұруы,  онда  ой-пікірлерін  жүзеге  асыру  үшін  кейде  тікелей, кейде  қосымша,  көмекші  мағынада  зергерлік  тундыларына  қолдануы, бір ғана өнер саласымен шектелмейтін шебердің шексіз   мүмкіндігін   көрсетеді.

Оның «Күн белгілері»,  «Әлем таулары», т.б  тақырыбындағы   кеңістік  инсталляциялары  қарапайым   зергерлік    өнердің  аясына сыймайды . Бұл жұмыстарында шебер кеңістікті табиғат нысандарының заттық,  материалдық  сыйпатын,  тіпті  көрерменнің өзінде жасампаздықпен   түйсіне  отырып, шығармашылық   кезеңінің  өте   маңызды  бір  бөлігі   ретінде пайдаланады. Сержанның  инсталляцияларымен күміс әшекейлерінің  керемет  пішіні  мен  құпия, тілсім  бейнелері  адам жанын сиқырлап алады. Ол әрбір көрме-акцияларында бір-біріне ұқсамайтын, қайталанбас  дұниелері   арқылы өзіндік  таным -көзқарасымен өзгеше  мифология тудырып  отырады.

Сержанның  шығармашылық ерекшелігі -барлық жұмыстарында қарама-қайшы бейнелердің ұйлесімділігіне негізделген әртүрлі әдіс-тәсілдерді қиюластыра қолдануы, сан-алуан  нақыш - өрнектерді пайдалануы, от, су, тас, күн, жарық, адам, т.б байырғы ұғымдарды өзгермеген   қалпында   бере   білуі.

Туған  жері Тарбағатай ауданындағы Шілікті обаларына арналған «Төрт құбыла»  атты  туындысында  барлық  элементтердің  өзара  орналасуы мен  байланысы   сәтті  ойластырылған  ірілі- ұсақты   бөлшектердің тепе-теңдігі   негізінде  құрастырылған   жұмысы,  жердің салмақты тартылу күшін  меңзесе , сонымен  қатар  жеңілдік , әуелеп   көкке  ұшардай ұмтылысты   қоса   сезіндіреді.

Ал «Өр Алтай» атты еңбегінде Бабалар рухын , көне заман лебін шамандық  икемді  қимыл - ырғақ  арқылы жеткізілген  бір   жеке  әлем ретінде   көрсетеді.  Табиғат  жүйесіндегі   космологиялық  идея,  шеңбер  мен  шаршының  өзара  орналасуы, мифологиядағы  даланың    шартты  белгісі жер  мен  көк,  көшпенділер  ұғымындағы  ғарыш(космос) бейнесі Сержанның «Үркер»,«Пайза» (өкілеттілік белгісі) атты туындылар топтамасында     көрініс   берді.

Оның  барлық  шығармаларының тақырыбы – космос, табиғат  және тарихи  құндылықтармен  тәрбиеленген  адамзаттың  дүние    танымына  ортақбастапқы негіздермен ажырамастай байланысқан.Өмірге шығармашылық  талпыныспен  қарайтын  адамға   өзінің  жер   бетінде   аса құнды,  маңызды  орынға   ие   екендігін   үнемі   есіне  түсіріп  отырады.

Осындай  өнерде  ерекше  орны  бар жерлесіміздің 2002 жылы Өскемен  қаласында, Облыстық этнографиялық  мұражайда «Өр Алтай» атты   дербес   көрмесі   ұйымдастырылды.

Сержан  зергерлікпен  қоса  ескі,  көне  мұралардыда жинап, зерттеумен  де  айналысады.

Облыстық  этнографиялық  мұражайға  жеке қорынан сыйлаған өте ескі бұйымдары: XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында жасалған сүйекпен  әшекейленген  ағаш  кебеже,  кұміспен  күптелген,  асыл  тастармен әсемделген ертоқым, ат әбзелдері, XIX ғасырдың соңында жасалған  күміс білезік,  құдағи    жұзік,  тамақша,  торсылдақ  тана,  құсмұрын  жұзік, қапсырма,  бойтұмар  теріден  жасалып,   күміс  және  асыл тастармен көмкерілген  кемер белдік XIХ ғасырдың  басында  пайдаланылған  бие саууға  арналған  тері  көнек, тері  кесе  қап, торсық ұлттық   өнеріміздің   бүгінге  жеткен  аса  құнды ,  баға   жетпес     жәдігерлері .

Өз  қолымен  жасалған   ерекше   үлгідегі  сәндік    әшекейлері :ертедегі    аңыз  желісімен   жасалған  «Қазығұрттың басында кеме қалған...» атты   күміспен    айшықтталған    алқа,  бойтұмар «Бозторғай», сырға  «Жебе», шолпы, шекелік, Шыңғыс хан шапқыншылығы  заманында жаушылардың   өкілеттілік  белгісі  ретінде  пайдаланылған  «Пайзаның»  сүйектен жасалған , күміспен  әшекейленіп , ескі  руна   жазуымен   бедерленген   кескіні ,  өзіне   ғана  тән  стиль   мен   құрастырылып,  сиқырлы ,  құпия  сезім тудыратын «Күн белгісі»  атты  кеңістік  инсталляциясы   мұражайдың   көрме  залына     ерекше   сән   беріп   тұр.

Оның  дербес  көрмесі  АҚШ,  Ресей, Франция ,  Венгрия,  Қазақстан,  Украйна, т.б .елдерде   ұйымдастырылды.  Ал  оның  керемет   өнер   туындылары      Шығыс  Халықтары  мұражайында ,  Варшава  қаласындағы  «Тынық  Мұхит»  мұражайында,  Астанадағы «Атын және бағалы  металдар»  мұражайында,  АҚШ,  Ресе ,  Франция, Венгрия ,  Қырғызстан, Украйна, т.б. мұражайларда   қойылған  .

Зергер  жерлесіміз  Сержан  Мұратұлының    өзінің    жаңа, таңқаларлық    өнер    туындыларымен   болашақта      әлем    жұртшылығын талай    тәнті    ететініне     сенімдіміз.

Зейнеп  Мәжікенқызы

«Мәдениет жаршысы», №2,   2006 жыл