Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Щетникова В.А. Ерекше көрме

"Аққу әні". Міне, флорист-шебер Светлана Гусева өзінің  жеке көрмесін осылай атапты. Суретшінің  20 жылдық шығармашылығындағы  еңбектер облыстық  этнографиялық  мұражайда орын тепкен.

С. Гусева  БҰҰ мен ЮНЕСКО  шеңберінде  Мәскеуде өткен  көрмеге де өз  дүниелерін  қойған еді. Сондай-ақ, оның әсем  суреттері  Алматыда, Ленинградта, Новосибирскіде,  сондай-ақ, Архангельск облысында өз көрерменін тапқан.

Светлана тек флористикамен  ғана емес, музыкамен, суретке түсірумен, журналистикамен де айналысып келеді.

Ал флористік  тәжірибесін  балаларға үйретуде.  Бұл жолы  суретші  өзінің жеті бірдей  туындысын этнографиялық мұражайға  табыс етті.

Әдемілік, гүлдер өрмесінен  тұратын картиналар сәуір  айы бойы шынайы сұлулықты  бағалай алатын  барлық адамдардың көз қуанышы болмақ.

В. Щетникова

"Дидар", 26. О4. 2003 ж.