Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Р. Қайырсынов. Құттықтау

ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан жерлестеріміз: Н.Зайцев «Парасат», Х.Ақжігітова «Құрмет», Я.Горельников «Достық» ордендерімен, Б.Шағатаева «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен наградталып, мәдениет басқармасының бастығы Ж.Омардың ел алдында еткен еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбайдың қолынан «Мәдениет саласының үздігі» марапатына ие болды.

Мәдениетке көп жыл еңбегі сіңген, халыққа рухани нәр беруде, ұлттық өнерді насихаттауда талмай еткен еңбектеріңіздің нәтижесі екенін алған марапаттарыңыз растайды. Егемен еліміздің болашағын ойлайтын, Тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері, мәдениеттің жаршысы ретінде білеміз. Ұрпақ тәрбиесі жолында етіп келе жатқан еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер! Сіздерді, шын жүректен құттықтай отырып, мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау болып, шығармашылықта үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін!

Ізгі тілекпен,

облыстық Жамбыл атындағы драма театрының директоры Р. Қайырсынов

г. Дидар, 20.12.2012 ж.