Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Бодаухан Тоқанұлы. Алтайдың асыл тастары

Адамзат  сонау  бағзы  заманнан  бері  көргеннің  көз  жауын   алатын  жүздеген  түрлі  асыл  тастарды  сән-  салтанат  үшін,  тіпті  денсаулық  үшін  де пайдаланып  келгені  белгілі.  Бірақ,  табиғаттың  бұл  сыйы ашық-  шашық  жатқан дүние  болмағандықтан екінің  бірі  танып  біле  берер  ме  екен.

ШҚО  этнографиялық  мұражай - қорығы  ұйымдастырған  «Алтайдың  асыл  тастары»  көрмесін  тамашалаңыз, әрине,  асыл  тастарды  танып  білу-іңізге, сүлулықтан  әбден  ләззәт алуыңызға  болады. Танып  қана  қоймайды, сол  асыл  тастарға  қасиетті  қазақ  даласы, соның  ішінде  аты  айтып  тұрға-ндай  Кенді  Алтай  өңірі  де  кенде  емес  екенін  білесіз. Тіпті, Ақжайлаудан  жер  шенеушілер (геологтар)  әлемнің  басқа  бір  де  бір  өңірінде   кездес-пейтін  төрт  түрлі  асыл  тас  тапқан  екен.

Көрмеге  ШҚО  сәулет-  этнографиялық  және  табиғи-  ландшафтық  мұражай- қорығының ,«Востказнедра» өңіраралық аумақтық департаментінің  қорынан,  жеке  коллекциялардан  алынған  асыл  тастар, тұрмыстық  заттар  мен  зергерлік  әшекейлерден  құралған 100-дей түрлі жәдігерлер  ұсынылған.  Бәріде  Алтай  өңірінің  байлығы.  Делбегетайдан, Аягөзден, Тарбағатайдан,  Риддер  мен  Зряннан,  тағысын  тағы.

Бір қызығы  бұл  көрмеден  меруерттен  өзге  асыл  тастың  қазақ  атауын кездестірмедік.  Тау  хрусталі, яшма,  хизопраз, аметист, раухтопаз, халцедон, нефрит, малахит, аквамарин, амозонит, кварц  деп  кете  береді. Қайран  баба-арымыздың  бағзы  заманнан  танып  біліп, ат берген, кейін  аруларымыз  бен  асыл ұлдарымыздың  есіміне  айналған  інжу, маржан, лағыл, гауһар,  жауһар, жақұт,  ақық,  дүр  сияқты асыл  тастардың  атын  кездестіре  алмадық.

Қалайда  асылдың  аты  асыл. Тамашалауға  асығыңыз.

Бодаухан  Тоқан

«Дидар»  газеті    47,  2009  жыл  8  сәуір