Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Ғафура Сәрсенбайқызы. Астанадан Жеткен жәдігерлер

Өскемендегі  этнографиялық  мұражайға Астанадағы  мемлекеттік  алтын  және  асыл  металдар  мұражайынан  45 дана  зергерлік  бұйым  мен ертоқым  әкелінді.  Олардың  үшеуі  мемлекеттік   хатшы  Иманғали  Нұрғалиұлы  Тасмағамбетовтің  жеке  коллекциясының  заттары. Жалпы  қаламыздағы аталған  мұражайға  әкелінген  білезіктер, сырғалар, жүзіктер, тұймелер, белбеу  мен  шекелік  бір- бір  дәуірден  сыбаға  болып  жеткен  асыл  заттар  деу  керек.

- Мұражайымыздың  басшылары  «біздегі  қазақ  коллекциясы  әлі  тол-ықтырылмай  отыр, зергерлік  бұйымдарымыз  аздау, осы  тұрғыдан  көмек  жасасаңыз» деп  мемлекеттік  хатшы И. Тасмағамбетовқа  хат  жазған. Ол  өз  тарапынан  республиканың  мәдениет  министрі  Д. Қасейіновке  тапсырма  берсе  керек.  Министрдің  арнайы  шешімімен  бұл  дүниелер  бізге  жетіп  отыр.  Осылардың  арасында  кезінде  біздің  облыстан  алып, сол  мұражайға  қойылған  заттар да  бар. Мысалы: ертоқым  мен  білезіктер,- дейді  қазақ  этнографиясы  бөлімінің  меңгерушісі  Болат  Мүбаракұлы  Елікбай.

Қазіргі  этнографиялық  мұражайдың  қызметкерлері  тек  өз  өңірлер-імізден ғана  емес, өзге  де  өңірлердің  хавлқының  заттары да  өздерінде  болуына  ден  қояды.  Мәселен,  ертоқымның  бірнеше  түрі  бар. Олардан  найман  ертоқымы  өзгеше  болып  келеді  екен.  Оның  алдыңғы  қасы  доға  тәрізді  болып, өте  әдемі  әшекейденеді  және  сәл  шығыңқы жасалынады. Әсіресе, асыл  таспен ою  өрнектеліп, ақ, көгілдір  болатыны  ерекше. Найман  ерін астанадағы  мемлекеттік  мұражай  қызметкерлері  ең  әдемі  деп  бөлек-ше  бағалайды  екен.

Өскеменге  әкелінген  жоғарыдағы  асыл  дүниелердің  кімнен  қабылдап  алынғаны  белгілі  болғанымен, олардың  әу  баста  кімің  қолынан шыққаны, яғни авторлары  белгісіз. Олардың  біреуден сатып  алғаны немесе жай   ал-ғаны  жұмбақ  күйінде  қалуда. Нақ  осындай  күміс  дүниелер республика-ның  барлық  облыстарындағы  мұражайларға  берілмеген  екен.  Тек  осы  этнографиялық  мұражай  мен  Президенттің  мәдени  орталығына  ғана  бөлініпті.

Бір- біріне  ұқсамайтын,  әшекейі   сан  алуан  заттар  сонысымен  де  құнды. Мәселен,  бір  білезікте  бірнеше  техникалық  шеберлік  болуы  мүмкін.  Ал, бір  жүзікте де  солай : көзтасы  да, ширатпасы  да, қалыптамасы да  қатар  болуы  кездеседі.

45  асыл  заттың  16- сі білезік,  оның 14- і қазақтардікі  болса, екеуі  тү-рікмендікі.  Бәріде  күміс  білезік, асы  таспен ақықпен,  кейбіреуі  шыны-мен,  шыныға  ұқсас  смольтамен  әшекейленген. Өскемендегі  бұл  мұра-жайда  кемер  белдік  болмаған- ды, осы  жолғы  коллекцияда  ол  да  Өскеменге  жетті.

Қазір  бұл  дүниелердің  бәріне  ғылмый  сипаттама  жасалуда  екен. Әр  экспонат  өлшеніп,  қай   ғасырда,  қандай  техникада  жасалынғаны,  қайдан  әкелінгені  жайлі  дерекпен  толықтырылып  барып, қана мұражай  қорынан  көрерменге  жол  табады.

2002 жылы  мұражайда  Алматыда  тұратын белгілі  зергер, жерлесіміз Баширов  Сержанның  зергерлік  бұйымдары  көрсетілген- ді. Өзі  небір  әсем  дүниелер  жасайтын,  өзі  коллекционер  азаматтың  бұл  мекенге  сыйға  тар-тқан  дүниелеріде  қазір  көпшіліктің  көзайымы  болып, қазақ  бөлімін  тол-ықтыра  түскен. Ол  шебердің  кейбір  тұмар, шекелік  сияқты  қолтумасы  сатылып та  алынған-ды.  Германия, Франция  тағы  басқа  шет  елдерде  өз  көрмесін  өткізіп  танымал  болған  Башировтың  қазіргі  заманға лайықтап  жасалған  зергерлік  бұйымдарын  өзіміздің  көптеген  әншілеріміз  клиптер-інде  пайдаланып  жүр.

Еліміздің  астанасынан  Өскеменге  жеткен  ғасырлар  қолтаңбасы туралы  айта  келіп  Болат  Елікбай  мырза  мұражайдағы  қазақ  бөлімінің  қазіргі тірлігі  туралы  да  әңгімелеп  өтті. Бұл  бөлімде  қазір  6  адам  еңбектенеді,  үш  мыңнан  асып  жығылатын  жәдігерлер  келушілердің көз  қуанышы  болуда. Әсіресе,  соңғы  жылдары  Киров  саябағында  орын  тепкен  орыс,  қазақ  халқының  ертедегі  тұрмысын  бейнелейтін  үйлерді  көрушілер,  қызықтаушылар  көп- ақ. Ал,  бөлімнің  толықтырылуына  кейбір  жергілікті  халық  арасынан  шыққан  ісімерлер  септігін  тигізуде.  Өздарінің  қолдары-нан  шыққан  алаша, терме  алаша, сырмақ,  тағы  басқа  дүниелерін  әкелетін  шеберлер  көп  емес, бірақ жоқта  емес. Енді бұдан  былай  мұражай 90- жыл-дардан  бері  аяқсып  кеткен (қаржы  тапшылығына байланысты) экспедиция-ларды  жандандырып, облыстың  аудандарына  арнайы  шығып,  жаңа  жәді-герлер  жинауға  бел  шешіп  отыр  екен.  «Ел іші - өнер  кеніші» деген – ғой , мұндай  сапарлар  мұражай  жәдігерлерінің  санын  да  сапасын да, мазмұнын  да  мәңгі  етері  хақ.

Ғафура  Сәрсенбайқызы

«Дидар»  газеті  2004  жыл  17ақпан