Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Ғафура Сәрсенбайқызы. Кімге күлеміз? Еркін Нұразханның сурет көрмесі

Жақында  этнографиялық  мұражайда  жерлесіміз  қазір  Өнер  баспасын басқаратын   Еркін  Нұразханның  «Кімге  Күлеміз?»  атты  сатиралық  су-реттер  көрмесі ашылды.  Мұнда  бұрын-  соңды  карикатуралық,  шарждық  суреттердің  мұндай  үлкен  көрсетілімі  болмаған  екен. Көрме  аталған  мұр-ажайда  бір  ай  бойы  көрсетілмек.

200- ге  тарта  суреттер  ілінген  көрме  залдарын  көруге  асыққан  сол  бір  күнгі  көрерменді  алдымен  өтетін  ресми  бөлім  ғана  тежеген.  Облыс  мәдениетінің  атасы  Оралбек  Малдыбаев  бастаған  топ  Еркіннің өскелең  өнері  туралы  жақсы  ойлар  айтты.  Әсіресе,  Еркіннің  ағасы  облысқа  бе-лгілі  азамат Шәйкен Нұразхановтың, белгілі  сатирик, «Ара»  журналының бас  редакторы  Көпен  Әмірбектің  сөздері  ерекше  әсерлі  еді.  Ресмилікке  «ТАрбағатай  таулары»  әні  нүкте  қойып, көрме  залдарының  есіетері  ай-қара  ашыла  берген.

Біреу  баяғыда  «Қой  көрмесек  те  ешкілі  байдың  қызы  едік»  деген  екен. Біз  тура  соның  кебін  кигендей  болғанымыз  ғой  . Талай  көрмені  тамашалап  жүріп,  мұндай  жадырататын,  күлкіге  буатын  суреттерді  кездестірмеген  соң   осылай  демей  қайтейік. Кім  жоқ  бұл  жерде:  Шегелеп  сөз  мәйегін  төгетін  Шерағаң (Мұртаза) , әдемі  сезімнің  құдіретін  күллі  әлемге  жеткізе  білген  Әзілхан  Нұршайықов , қара  сөздің  майталмандары  Дихан, Мұзафар,  Мұрат  Әуезов,  Мұхтар  Мағауин, қаһарман- партизан  жазушы,  алып  жерлесіміз  Қасым  Қайсенов, әншілер, қойыңызшы  қазақ  өнерінің  карифейлерінің  бәрі   осында. Тіпті,  елбасымыздың  өзінің  «2030» атты  ақ  Барысымызға  мініп,  қамшылай  түскен  қарышты  сәтін  көріп, бір  түрлі  тың,  тамаша  сезім  буды.  Бірінен-  бірі  асып  түскен  белгілі,  биік  тұлғаларымызды  көріп,  Еркін  карикатурашының  саясатқа   қалам  серме-геніне  де  қуандық.   «Инвестиция», «Ресми  және  мемлекеттік  тіл», «Нарыққа  қарышты  қадам», тағы  басқа  туындылары  кәдімгідей  күлдіріп  қана  қойған  жоқ, ой  салды, заманымыздың  желі  қай  жақтан  соғып  тұр-ғанына  көңіл  аудартты.  Автордың  уақытпен  қатар  адымдап,  соның  ыстық  лебімен,  суық  ызғарымен  тыныстап  жүргенін  ап- анық  жеткізген  еді  мұндағы  көп  дүние.

Көрменің  қай  кереметін  айтуға  болар  еді, алайда  оны  әркімнің  өзі   көргенге   жетер  не  бар?  Ендігі  қызықты  өздеріңіз    көріп,  қуанар  деген  сенім  бар. Ел тамашаға  араласқанда біз  Қазақстан  Мәдениет  минстрлігінің  еңбек  сіңірген  қайраткері,  осынау  мерекенің  бас  иесі  Еркін  Нұразханды  сөзге  тарттық.

- Бұл  менің  туған  ортама  келіп  өткізіп  отырған  тұңғыш  көрмем. Әр  жылы  салынған  200-дей  дүниелерім   қойылған.  Әр  өнер  иесі  -  қоғамның тынысы  мен  тыныстайды  емеспе?  Бұлардың  көбі  әйгілі  адамдар  мен  саясатқа  арналған. Осыларды  жинастырып(дені салынған күйінде  қатталып  жатқан нәрсе  еді)  әрбірін  көмкеріп, осы  бір  көрмені  ұйымдастыруыма  ұйтқы  болған, облыстық  мәдениет  басқармасының  бастығы,  кластас   дос-ым,  мәдениеттің  шын  жанашыры  Түсіпхан  Түсіпбековке  өте  ризамын.  Елге  келген  дүнием  әр  адамның  жүрегіне  жетсе  екен  деп  ойлаймын.  Өнер  халыққа  жетсе  ғана нағыз  ғұмырын  кешеді  ғой.  Жалпы, көрменің  өте  талғампаздықпен,  шеберлікпен  ұсынылғанына  қатты  толқып  тұрмын. Бұл  күн  маған  жаңа  шабытты  кезеңдер  береді,- деді  ол  толқи.

Сөз  арасында  Еркін  Нұразхан  «бұл  мазақ  суреттер  емес, әр  тұлғаның  жеке  басына  қызығушылықтан  туған,  бағалаудан  барып  дүниеге  келген  туындылар,  менің  негізгі  мақсатым –сынау  емес, жанашырлық  таныту,  ой  салу. Заманның  бет-  пердесін  түсініп, творчествомда  бейнелеу» деген- ді.  Халық  пен  өкмет  арасындағы  алтын  көпір -  газет  пен  журнал арқылы  өзінің  алтын  асықтай  туындыларын  көп  уақыттан  бері  қалың  елге  та-нытқан автор  осылайша өз туған облысының  ортасында «Кімге  күлеміз?» атты  ерекше  көрме  ұсынып  отыр.

«Өзіне  өзі  күле  білген  халық  - ұлы  халық» дейді  екен  француздар. Әр  замандасыңыздың  көңлінде  кір  қалтырмай,  мұқатпай, әзіл-  қалжыңды  карикатуралары,  достық  шарждары  арқылы  емдеп  келе  жатқан  Еркіннің  портреттер  галереясы  қайталап  келіп  көруге  тұрарлық  дүниелер.  Рухани  баюдың  бір  желкеніне  мінгізер  көрменің  көрерменнен  арылмасына  біз  кепіл.

Ғафура  Сәрсенбайқызы

«Дидар»  газеті,   2004 жыл  30 қараша