Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Әлімжан Қаділбекұлы. Хайуанаттар зоопареінде

Жамбыл  атындағы саябақтағы  хайуанаттар  зоопаркі  Ертістің  сол  жағалауындағы  бос  жатқан жерге  ірге  тепкеніне екі  айдан  астам  уақыт  болып  қалыпты.  Шығыс  Қазақстан  облысьық  сәулет- этнографиялық  және  табиғи- ландшафтық  мұражай- қорығының  директоры Николай Зайцевтің  айтуына  қарағанда, дәл  осы  алқапта салынатын  сәулет- этнографиялық  кешеніне 35  гектар  жер  бөлінген. Мұндай  көп  салалы  кешен  елімізде  алғаш  рет  біздің   қалада  ашылмақшы.

Николай  Алексеевичтің  бастауымен  хайуанаттар  қыстауына да  келіп  жеттік. Зоопаркке  дейін  қиыршық  тас  төселген  жол  салыныпты.

Алдымен  торлы  қораларда тұрған  аңдарға қарай  беттедік. Желке  жүні  күжірейген тайыншадай  арлан қасқыр бізді  көріп, тордың  ар  жағына  барып, шоқайып  отыра  қалды. Оны  бұдан  жеті  жыл  бұрын күшік  кезінде  Тарбағатай  ауданынан  әкеліпті.  Бөрінің  отырысы  бір  сәттік  қана  екен,  орнынан  атып  тұрып, бір  сілкінді  де торды  айнала  бүлкілдеп  желе  жөнелді.  Оның  жанындағы  торда  Канаданың  қара  қаншық  қасқыры  жүр.

- Санкт- Петербурктен  Өскеменге  келген   цирктің  артисі өзінің  бір  қойлымында  осы  қасқырдың  аяғы  сынып  қалғаннан  кейін  амалсыздан  тастап  кеткеніне  алты  жыл  болыпты. Мал  дәрігерлері  оны күтімге  алып, емдеп  жазып  шығарды , -деп зоопарктің  бас  дәрігері Айдархан  Төлегенов  мұндағы  түз  тағылары  жайлі  әңгіме  қозғады.

- Қасқырларды  азықтандырудың  күнделікті  мөлшерлемелері  қандай?

-  Екеуіне де  бір  жұмада  төрт  келіден  сүйек, тауықтың  бүйрек- сирақтарымен  қоса  күніне 1,5- 2  келіге  дейін  ет  беріледі.

Қара  қасқырға  жапсарлас  тор  қорадағы  еркек  және  ұрғашы  екі  жа-байы  доңыз  түске  таман  ызғар  қайта  бастаған  кезде ғана  қорасынан  күннің  шуағына  шығады  екен. Бұлардың   Катонқарағай  ауданынан  әкел-інгеніне  жеті  жылдай  уақыт  өтсе де  әлі  көбейе  қоймапты.

Қамауда бөлек  тұрған  Алтайдың  кербез  сұлу  кер  бұғысы  еркіндікті,  тау  қойнауындағы  қалың  жынысты  меңіреу  орманды, құз  аңғарларды  аңсағандай- ақ  күншығыс  жаққа  қозғалмастан  қасқая  қарап  тұр. Дегенімен де, осындай  түз  тағылары  Катонқарағай  ауданында  бесінші  түлік  түрінде  өсіріледі.  Зоопаркте  былтыр  төлдеген  маралдың  қозықасы  өсіп  келеді. Маралдың  әрқайсысы  күніне  он  келі  шөп, үш  келі  ақ  сұлы  жейді  екен.

-Бұғының  мүйізі  өсіп  жетілген  кезде  кесіп  аласыздарма ?

-Жоқ, зоопарктегі  жануарлардың мүйіздерін  кеспейміз,  табиғи жағдайда қаңтар- мамыр  айлары  аралығында өздері  түсіп  қалады,- деді А. Төлегенов.

Үш  ұрғашы, бір  еркек  теңбіл  бұғы  бір  тор  қоршауда  бағылуда. Біреуі былтыр  төлдепті.

-Былтырғы  маусым  айында  еліктің  лағын  жеті  күндігінде  Серебрянскіден  әкеп  тастады.  Оның  алдыңғы  оң  аяғы  сынып,  жүре  алмай  қалыпты. Оған  екі айдай  ешкінің  сүтін  емізіп,  асырап,  емдеп  бақтық.  Қазір  секіріп  ойнақтап  жүр,- деді  бас  мал  дәрігері.

Қыста  өзінің  апанында  ұзақ  ұйқыға  кететін  қоңыр  аюды  үйшігінің  алдындағы  үлкен  тастың  үстінде  отырған  жерінде  көрдік. Жұмысшылар алдағы  жазда  тор  қораларды  недәуір  кеңейтіп, соның  ішінен  аюлар өз  апанын  үңгіп  қазып  алатындай  етіп, жерді  шұңқырлап, топырағын  босат-ып  қоймақшы. Ал, қазіргі  жағдайда аю  жатпайды. Қатты  аяз  болса, үйшігі-нен  шықпайды.   Аюларды  күніне  бір  рет етпен, түрлі  витамин  ретінде  жеміс- жидектердің  қалдықтарымен, балықтың  майымен де  қоректендіруде. Зоопарк   ашылғаннан  бері «Эмиль»  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі демеуші  ретінде тамақтардың  күнделікті  қалдықтарын  беруде.

Тарбағатай  ауданынан  жеткізілген  атан  түйе тұрған  тордың  алдында біраз  аялдадық. Бұл  жануардың  1000 шақырым  жерді  сусыз  жүріп  өте  алатын  болғандықтан  шөл дала  кемесі  деп  тегін  айтпаса  керек. Зоопаркте  төрт  түйе  бар. Ұрғашы  түйе  былтыр  боталапты.  Жануарлардың  әрқайсы-сы  күніне  25 келі  шөп, 5 келі  сұлы  жейді. Шөптің  сағдарын  қорадағы  малға  төсеніш  ретінде пайдалануда, бұған  қоса сабанды  да   дайындап  қойған. Жануарлардың  күйі  жақсы,  жем- шөп  қоры  жеткілікті. Шөпті  осындағы  сегіз  жұмысшы  өздері  шауып, жинап  алыпты.

-Алдағы  уақытта зоопаркке қандай  аңдармен  құстарды  әкелесіздер?

- Семейдегі  зоопарк  басшыларымен  келісіп  қойдық. Біздегі  елікті  жалғыз  ұстаған  обал, әрі  жұп  болсын  деген  оймен көктемде  сондағы  пони  деген  жылқының  тұқымына  айырбастамақпыз. Тоты  құстарымызды  олардың  тырналарына  ауыстырып алмақпыз. Алматы  зоопаркі  еркек  теңбіл  бұғыларды  қан  ауыстыру  үшін  сұрап  отыр. Көліктің  реті  келсе, оны  да  ауыстырып  әкелеміз., - деді  сөз  арасында  Николай  Зайцев.

Қазіргі  кезде  зоопаркте  жалпы  жиыны  төрт  аю, екі  қасқыр, екі жа-байы  шошқа,  үш  марал,  төрт  теңбіл  бұғы, төрт  түйе  бар.

Құстар да  көбейіп  келеді.  Жұмысшылар  суық  түскенде  құстарды  қыста  тұратын  өз  орындарына  көтеріп  әкеліпті. Ал,  құс  қыстағындағы  тұрақтар  тарлау, шағын  қораларда  құстардың  бірнеше түрі  қабаттаса орналастырылған. Жүз  елуден  астам  ұсақ  тоты  құс, күркетауық,  қаз. тырна,  үйрек және тауықтың, қырғауылдың,  тауыстың  екі  түрі  өсірілуде.

Дәл  осы  уақытқа  дейін мұндағы  жануарлар  мен  құстарда ешқандай  ауру  кездескен  жоқ.

Зоопарктің  төңірегін  тұтастай  темір  шарбақпен  қоршау, жем   және  шөп-  тамыр  қоймаларын  салу, құстарды  күн  жылынғанда дадаға  шығару    кезінде  тор  қораны  бұрынғыдан  да  кеңейте  түсу арқылы  қыста  ұстауға арналған  жапсарлас жылы  қора  салу жұмыстарын  биыл  жүргізу  жоспар-лануда.

Зоопарк  қысқа жетерлік  азық  түрлерімен  қамтамасыз  етілген. Жер  асты  суын  шығаратын  қондырғылар  орнатылған. Көптеген  ағаш  көшет-тері  отырғызылды.  Қойма,  жылыжай,  азық  кухнясы  салынды.

Кеңес  дәуірі   кезеңде  орнатылып, қазіргі  таңда  мазмұны  жойылып, орындарынан  алынған  ескерткіштер  де  осы  кешеннің  бір  бұрышына  қойылады.  Мерекелік,  бұқаралық  шаралар  өткізетін  алаң  салынады.

- Әлемдік  дағдарыс  салқыны  мұражай қорығы  ұжымына  әзірге  әсер  ете  қойған  жоқ,  қызметкерлер мен  күтушілеріміздің  еңбекақылары  биыл  өсті  және  уақытында  алып   тұрады,- дейді  Николай Зайцев.

Әлімжан  Қаділбеков

«Дидар» газеті, № 13, 3 ақпан, 2009 жыл