Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

мұражай туралы

Атауы:

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы

 

Мекенжайы:

070 000 Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Головков көшесі, 29

 

Мәртебесі:

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 

Ғимараттар:

Әкімшілік корпусы (Головков көшесі, 29).

Ғимаратта орналасқандар: «Ленинград суретшілерінің сыйлары» экспозициясы, мультимедиалық кинотеатр мен компьютер залынан тұратын «Ауани мұражай» ақпараттық-білім орталығы, қызметкерлердің кабинеттері.

Тарих және сәулет ескерткіші

Бұрынғы қалалық бастауыш училищесінің ғимараты.

1881 жылы салынған.

Жоғарғы қабатында қалалық училище орналасқан (оған қазіргі Головков көшесінен енген). Төменгі қабатында қыздардың бастауыш училищесі орналасқан (оған «Жастар» саябағы жағынан енген).

1912 жылы атауы жоғары қалалық бастауыш училищесі деп өзгертілген. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ғимарат жалпы білім беретін мектеп ретінде пайдаланылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында ғимаратта госпиталь орналасқан. Соғыстан кейін – жұмысшы жастар мектебі, балалар көркемөнер мектебі.

 

Мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 бойынша ғимараты

Ғимаратта орналасқандар: «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы этнографиялық мұрасы» экспозициясы, қазақ этнографиясы және ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімдері, галерея.

Тарих және сәулет ескерткіші.

Қала басшысының көмекшісі, көпес И.М.Кожевниковтың бұрынғы шыны, фаянс және басқа да ыдыс-аяқ сататын дүкені. 1914 жылы салынған. Кеңес өкіметі кезінде ғимаратта «Алтай» мейрамханасы орын тепкен.

 

Мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимараты

Ғимаратта орналасқандар: «Біз – Қазақстан халқымыз», ғылыми-ағарту және көпшілік жұмыс бөлімі.

Тарих және сәулет ескерткіші.

Бұрынғы Мариин әйелдер училищесі. 1901 жылы салынған. Ғимаратта Луначарский атындағы ІІ деңгейдегі мектеп орналасқан. Кейіннен мұнда Киров атындағы қыздар мектебі, аурухана орын тепкен.

 

Солжағалық кешен

Жұмыс уақыты: 10.00 -20.00

 

-Зообақ

Жаз кезеңі (1 сәуір – 1 қараша)

Жұмыс күндері: сейсенбі – жексенбі. 

Жұмыс уақыты: 10.00-17.00

(дүйсенбі – санитарлық күн).

 

-Солжағалық кешеннің басқа нысандары

Кезең (1 мамыр – 31 қазан)

Жұмыс күндері: сейсенбі – жексенбі. 

Жұмыс уақыты: 10.00-18.00

(дүйсенбі – санитарлық күн)

 

Музей-қорық ғимараттары

-Музей-қорықтың М.Горький көшесі, 59 бойынша ғимараты

Күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін істейді

«Шығыс Қазақстан қазақтарының XIXғасыр соңы – ХХ ғасыр ортасындағы этнографиялық мұрасы»  экспозициясы және ағымдағы көрмелер

(сәрсенбі – демалыс күні)

 

-Музей-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67  бойынша ғимараты

Күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін істейді

 «Біз – Қазақстан халқымыз»  экспозициясы және ағымдағы көрмелер

(бейсенбі – демалыс күні)

 

-Музей-қорықтың М.Головков көшесі, 29 бойынша ғимараты,

Виртуалдық залдың экскурсиялары

Жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма :сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

Сенбі, жексенбі – келушілердің өтінімдері бойынша

 

 «Жастар» этнобағы

Жұмыс уақыты: 06.00-21.00

Музей-қорықтың ашық аспан астындағы экспозициясы

Кезең (1 мамыр – 31 қазан)

Күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін істейді

(дүйсенбі – демалыс күні)

 

Жамбыл саябағы

Жұмыс уақыты: 06.00-21.00

 

«Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешені

Күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін істейді