

2026 жылдың 5 наурыз күні бөлім қызметкері Ж. Рахатова ШҚО өнер музейімен бірлесіп «Дәстүр сұлулығы» атты танымдық сабақ ұйымдастырып өткізді. «Белсенді ұзақ өмір орталығының» тігін тігу үйірмесінің жетекшісі - Гульбарам Сеитханқызы Коксегенова, сәндік-қолданбалы өнер шебері. Құрақ құраудың қыр-сырын жетік меңгерген, оны замануи бағытта дәріптеп жүрген, шығыс құрақшыларының белсенді мүшесі. Шара қонақтары: А. Умбетова, А.Абиева және М. Калиаскарова – шығыс құрақшылары. Қатысушылар - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің I курс студенттері.







