Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Орыс этнографиясы бөлімі

Масленицадағы көше қызықтары. 2015

Фото - Уличные забавы на Масленицу. 2015Фото - Уличные забавы на Масленицу. 2015Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының орыс этнографиясы бөлімі 12 - 26 ақпанда Ертістің сол жағасындағы этнодеревняда костюмдендірілген іс-шара өткізді.  Өскемен қаласындағы №№ 25, 29 и 30 мектептердің 0-7 сыныптарының оқушыларына арналып, халықтық Масленица мерекесіне орайластырылған бұл іс-шара музыкалық жағынан сүймелденіп өткізілді. Іс-шара балаларды ескі халықтық дәстүрлермен таныстыру үшін ұйымдастырылды. Іс-шара бағдарламасында «Алаула, алаулай түс жарқырап», «Блин беріп жібер», «Трифон ағай» деген ойындар, Масленица тұлыбының айналасында хороводпен айналу,  сібірткі мініп жарысу, блиндерден дәм татқызу, Масленицаның тұлыбын өртеу жоралғылары болды. Балалар бұл іс-шарадан ерекше әсер алып, мәз-майрам болып тарасты.