• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
экспозициялар Шығыс Қазақстан қазақтарының этнографиялық мұрасы Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы

Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы

«Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы» атты тұрақты экспозиция екі залда орналасқан және 15 бөлімнен тұрады. Негізгі бөлімдер: «Көшпелі мал шаруашылығы», «Қазақтардың кілем-киіз бұйымдары», «Тері өңдеу кәсіпшілігі», «Ағаш өңдеу», «Зергерлік өнер», «Кесте».

Бірінші көрнектерде назарға ұсынылғандар: үзеңгі-жүгендер, ертұрмандар және ат әбзелдерінің басқа да заттары. Ертоқымдар өрнекті жапсырмалармен және түрлі-түсті тастармен сәнделген. Жүгеннің екі: өру техникасында жасалған және күмістелген металл жапсырмалармен сәнделген түрлері ұсынылған.

«Аңшылық» бөліміндегі бүркітпен саятшылық құратын аңшының керек-жарақтары: салпыншақтары бар тері кісенің, күміспен жозыланған томағаның, мүйіз бен теріден жасалған оқ-дәрі салғыштың қызықтырары сөзсіз.

Көшпенді тұрмысында қолданылатын бұйымдарды жасауға қажетті негізгі шикізат жүн мен тері болатын. Экспозицияда тері ыдыс-аяқ: батырма әшекеймен сәнделген торсықтар, сүт сауатын көнектер, ыдыс-аяқ салатын кесеқаптар молынан берілген. Түрлі техникада орындалған киіз және тоқыма бұйымдар: түрлі-түсті жүн жіппен безендірілген оюлы сырмақтар, сондай-ақ тоқыма алашалар мен терме алашалар турникетке қойылған. Киіз үйді өрнекті шым шисіз көз алдыға келтіру мүмкін емес, оларға әсем өрнек салу үшін әр шиді алдын-ала түрлі-түсті жүн талшықтармен орап алып тоқыған. Залдан өрнекті шым шилер мен шиден тоқылған композицияларды көруге болады, олар келермендердің назарын өдеріне әсемдігімен еріксіз аудартады.

Залдың төріне ақ киіз үй тігілген, ондағы ішкі жиһаз толық берілген. Тұсына ілінген кестелі тұскиіздер, еденге салынған сырмақтар мен текеметтер, оймалы сандықтар мен төсек көз қуантады. Киіз үйдің күмбезі тоқыма баулармен және шашақ баулармен безендірілген. Бір сөзбен айтқанда, киіз үйге кірген кезде ою-өрнектер әлеміне тап боласыз, өздерінің функциялық қызметтерімен бірге олар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары болып табылатыны сөзсіз.

Қазақ зергерлері халық арасында, әсіресе әйелдер арасында үлкен беделге ие болған. Экспозицияда жүзден астам күміс бұйымдар бар. Олардың ішінде: ХҮІІІ ғасырмен мерзімделген алтын жалатылған «қазық сырға», мойынға салатын әшекей – «тамақша», салпыншақты тұмар, Қайсабай қажының әшекейге бай белбеуі және басқалар бар.

Экспозицияға 500-ден астам жәдігер қойылған, 2005 жылы ғимараттың ішіне жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Қазақтардың халықтық қолөнері мен кәсіптері, сәндік-қолданбалы өнері қоғамның әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық салаларына игі әсерін тигізуде.

Галерея деп аталатын үшінші зал әртүрлі тақырыптар бойынша, соның ішінде халықаралық маңызы бар көрмелерді ұйымдастыру үшін қызмет етеді. Соңғы жылдары  мұнда Үндістан елшілігі жанындағы Үнді мәдени орталығынан көрмелер көрсетілді, ал қазіргі кезде Қазақстандағы Иран елшілігімен (Алматы қаласы) бірлесіп ұйымдастырылған «Иран – Шығыстың інжу-маржаны» атты көрме жүріп жатыр.

Көрме залдарында үлкен бұқаралық-ағарту жұмысы жүргізіледі, көрме ұйымдастырып, экскурсиялық қызмет көрсетумен қатар «Қазақ халқының мерекелері», «Қазақ ою-өрнектері», «Киіз үй – дүниетаным негізі», «Дәстүрлер, салт-сана мен әдет-ғұрыптар», «Қазақ зергерлік бұйымдары», «Қазақтардың кесте өнері», «Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» және т.б. тақырыптарда лекция оқылады, көпшілік іс-шаралар: «Наурыз – көктем, жаңару», «Сәлем, Наурыз!», «Қазақ ұлттық ойындары» («Жаяу тартыс», «Асықтар-алшықтар», «Теңге алу», «Бәйге» және басқалар) өткізіледі.

Экспозицияны әр жыл сайын 30000-нан астам адам келіп көреді, экскурсиялар саны – 2000-ға таяу, лекциялар саны – 105.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …