|
 
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен!»
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қ. Қайсенов, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Әйелге деген сүйіспеншілікпен!» атты көрменің вернисажы өтті, онда XIX-XX ғасырлардағы фарфордың бірегей үлгілері ұсынылды. Экспозицияда 200-ден астам зат қойылған, оның ішінде Императорлық және Кузнецов фарфор зауыттарының, Оскар Шлегельмильхтің неміс мануфактурасының фарфор зауыты өнімдері, сондай-ақ Англия мен Чехиядан әкелінген үлгілер бар. Көрмені әйелдер тұрмысына арналған заттар толықтырды, олар дәуір атмосферасын жасады. Вернисаж жақсы мерекелік жағдайда өтті және Халықаралық әйелдер күніне арналған концертпен сүйемелденді. Музей қонақтары экспозициямен танысып, музыкалық бағдарламаны тамашалады.
Қосымша фотосурет ... |
 
«Шабыт мекені»
12 ақпан күні Қ.Қайсенова көшесі, 67 мекенжайындағы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде «Шабыт мекені» атты вернисаж өтті. Өнерсүйер қауымға өз жұмыстарын Өскемен қаласының талантты, өзіндік шығармашылық жолын таңдаған суретшілері Людмила Ким мен Наталья Краснобаева ұсынды. Көрменің ашылу салтанатына суретшілердің достары мен шығармашылығын бағалаушылар жиналып, өнер саласындағы әріптестері Н.П. Аштема мен Л.И. Мартынова құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суреттердің әсем әлеміне енді, әр суреттің көңіл күйін сезініп, авторлармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алды.
Барлық тілек білдірушілерді көрмеге шақырып, жаңа шығармашылық қырларымен танысуға шақырамыз!
Қосымша фотосурет ...
|
|
«Ұйғырлар» атты жаңа бөлім ашылды
 Мұражай-қорықтың «Біз – Қазақстан халқымыз» атты экспозициясында (Қ.Қайсенов көшесі, 67) ұйғыр халқының бірегей мәдениеті туралы сыр шертетін «Ұйғырлар» атты жаңа бөлім ашылды.
|
Әлемдер шегінде. 2012
 Виктор Шевченконыйң «Әлемдер шегінде» көрмесі мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимаратында ашылған болатын. Өз бойынан суретші дарынын байқап, өнер әлеміне бар болмысымен берілу – сирек бақыт әрі батыл қадам. Осындай қалау жасаған суретші Виктор Шевченко өзінің алған бағытынан қайтқан емес, өйткені ол үшін шығармашылықпен шұғылдану дегеніңіз ауамен демалу сияқты табиғи құбылыс.
Толығырақ...
Толығырақ...
Әлем елдері бойынша жаңажылдық саяхат. 2012
 Рождество күндері мұражай-қорықтың «Жастар» саябағында ашық аспан астындағы экспозицияда №№ 3, 8 мектептердің оқушылары үшін «Әлем елдері бойынша жаңажылдық саяхат» атты театрландырылған рождестволық экскурсиялар өткізілді. Экскурсияны Аяз Ата мен Ақшақар қыз жүргізді. Осы жерде балалар ғажап оқиғаларға тап болды. Өйткені біздің өлкемізде тұратын халықтардың жаңажылдық кейіпкерлері бір жерге бас қосқан екен.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ауылым – алтын бесігім» акциясы аясындағы автокеруен
 
Облыстық білім беру, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметпік бағдарламалар салалары, облыстық мұражай-қорық қызметкерлерінің, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясы артистерінің автокеруені Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ауылым – алтын бесігім» акциясы аясында сапар шекті.
Шығыс Қазақстанның Астанадағы күндері
 
2011 жылғы 8-9 қыркүйекте Астанада Шығыс Қазақстан күндері өтті. Күндердің ауқымды бағдарламасына барлық іс-шара – ауылшаруашылық жәрмеңкелерден бастап көрмелер мен концерттерге дейін енгізілген болатын. Астанада мыналар өткізілді:
|
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |