Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«Мыңжылдық керуені. Қырғызстанның сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі. 2014

Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»

2014 жылғы 12 қыркүйек күні мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің Кіші павильонында біздің қаламыздың мәдени өмірінде жарқын және ұмытылмас оқиға - «Жібек жолының жазираларында» жобасы аясында «Мыңжылдық керуені. Қырғызстанның сәндік-қолданбалы өнері» атты халықаралық көрменің ашылуы болды.

Көрмеге қазіргі заманғы қырғыз шеберлерінің бірегей шеберліктерін көрсететін сәндік-қолданбалы өнердің дәстүрлі түрлері ұсынылған.

Зергерлік бұйымдар – шашбаулар, білезіктер, сақиналар, халықтық шеберлердің және кәсіпқойлардың алқалары асқан қызығушылықты тудырады. Алғашқы рет VII-VIII ғасырлардағы соғды тиындары көрмеге қойылды. Суретші Д.В. Үстеміровтың кескіндемелік паннолары бірегей табиғат пен тұрмысты айқын көрсетеді.

Тарихи көшпенді халық – қырғыздардың ерекше мәдениеті киіз үй жабдықтарының әдемілігімен және сән-салтанатымен таң қалдырады. Қойдың жүнінен қолдан тоқылған киіз кілем – шырдақтың алуан түрі, қол кестемен толықтырылған ала-киіздер, тұскиіздер, табиғат сұлулығын бейнелейтін тоқыма шилер ұсынылған. Кестеленген тоқымалы қабырға паннолары әртүрлілігімен және айшықтылығымен қайран қалдырады.

Қолмен өрнектеу техникасымен орындалған, теріден жасалған панно түрлерінің ықшамдылығы және құрылымдары мен сюжеттерінің аяқталуы көрмеге келушілердің көңілін бөлмей қоймайды.

Киізден жасалған кәдесыйлардың, металл мен тастан жасалған әшекейлердің, ұлттық өю-өрнегі бар бас киімдер мен киім-кешектердің көбі Қырғызстан шеберлерінің жоғары кәсіпқойлықтары жайлы ұмытылмайтын әсер қалдырады.

«Мыңжылдық керуені» көрмесі өркениетті дамытудың бірізділігін, уақыт пен халықтар тағдырларының өткінші емес байланысын сезінуге мүмкіндік береді.

 

Резонтова М.М.

Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»Фото Алексея Мазницина «Караван тысячелетий. Декоративно-прикладное искусство Кыргызстана»