• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Шығыс Қазақстан суретшілері. 2010

«Шығыс Қазақстан суретшілері» көрмесі ШҚО бейнелеу өнерінің  дамуын барынша айқындаған суретшілердің картиналарын бір экспозициялық кеңістікке жинады. Сіздердің назарларыңызға өздерін шығармашылықта шыңдаған және түрлі бағыттар мен бейнелеу өнерінің стилінде жоғары жетістікке жеткен, кемеліне келген суретші-кескіндемешілер мен графиктердің туындылары ұсынылған.

Атамекен үшін
Томирис – массагеттердің патшайымы
Шыңғыс хан
КСРО және Қазақстан Суретшілер одақтарының мүшесі  Н.П.Аштеманың қалыптасуы Суретшілер үйінде өтті. Ол өз талантын графикада және қондырғылы кескіндемеде де байқап көрді. Көп жылдар бойы суретшіні қазақ халқының тарихы, оның қасіреттік сәті толғандырып келеді. Ол өз ойларын «Атамекен үшін», «Томирис – массагеттердің патшайымы», «Шыңғыс хан»  және тағы да басқа жұмыстарында қорытып келеді. Н.П.Аштема табиғат сұлулығын «Ай сәулесі түскен Белуха», «Қазақстан даласы» сияқты туындыларында эпостық сарын деңгейіне дейін жеткізді. Суретші өнері туған жердің тарихы мен сұлулығы тақырыбының сарқылмайтындығын дәлелдейді.

Иірім
Көктемнің басы
Ши
КСРО Суретшілер одағының мүшесі А.И.Коробковтың туындылары–ұшы-қиыры жоқ түрлі табиғат әлеміне деген сүйіспеншілікті бейнелеуге арналған. Нақыштар мен көлемдердің пластикалық сұлулығы оның пейзаждарында ішкі тебіреністің бейнелілік әсерін құрайды. Айналадағы дүниеден алшақтай отырып, ол оны өзгертеді, сондай-ақ, керемет нәзік және поэтикалық өз әлемін жасайды (Иірім», «Көктемнің басы», «Ши»).

О.П.Леонова акварельдік кескіндемемен 20 жылдан аса уақыт айналысып келеді. Оның өткір түсті акварельдері нәзік және поэтикалық әлемді сезінуге негізделген. Суретші жұмыстарында ғажайып әлем пайда болады. Ольга Леонова бір орнында тұрмайды, үнемі ізденумен жүреді. Соңғы жылдары ол қатпарлы кескіндеме техникасымен белсенді жұмыс істеп келеді.

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі С.П.Шупляк өнердің әр түрлі саласында жұмыс істейді, бірақ өзін гобелен мен батиктің шеберімін деп есептейді. Әсіресе суық батик техникасында жұмыс жасағанды ұнатады. Ерекше мәнерлі композицияларды табу үшін ол көп тәжірибе жасады.

Ертіс үстіндегі кеш
Аспан бағаналары

А.В.Бердюгиннің кескіндемелері қарапайымдылығымен және бейнелеу тілінің нақтылығымен өзіне қаратады. Бұл сапа «Ертіс үстіндегі кеш», «Аспан бағаналары» және тағы басқа картиналарында айқынырақ сақталған.

 

 


Ағайынды Бурнашовтардың омартасы
Алтай патшайымы - Мұзтау
Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Л.Т.Зайцев нәзік түстерді таңдайтын талантты кескіндемеші, сондай-ақ, Кенді Алтай табиғатына шексіз ғашық жан. Оның картиналарының негізін Алтай тауы бөктеріндегі   саяхаттарынан  алған әсерінен туған этюдтары құрайды.  Леонид Зайцевтің Алтай тақырыптары «Алтай патшайымы - Мұзтау», «Ағайынды Бурнашовтардың омартасы» бояутақталарында ұсынылған. Л.Т.Зайцевтің пленэрде салынған картиналары өзіндік сұлулықты сезінуге және гүлденген жазғы табиғаттың ерекше күйінен  сыр шертеді.

Н.В.Малютин кескіндемелері шын жүректен шыққан қарапайымдылығымен   және ешкімге ұқсамайтындығымен ерекшеленеді («Мұғаліммен сырласу», «Еремей ата»,  «Тарханка»). Суретші айналадағы дүниеге ерекше құрметпен қарайды және шын мәнінде оған қарап шабыттанады

Экспозицияның көлемді бөлігін КСРО Суретшілер одағының мүшесі А.Г.Куклиннің сызба туындылары құрайды. «Адам мен табиғат» және «Ұлы дала» суретші шығармашылығындағы бірден-бір магистральды тақырыптар. Көрмеде ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың өмірі мен тұрмысына, Қазақстан табиғатына арналған түпнұсқалық графикалық жұмыстары ұсынылған. Этнографиялық материалды суреттеуде детальдарға, графикалық дәлдіктерге ерекше назар аударылған, композициялық қатардағы шынайылығымен шебердің  мына туындылары: «Дүниеге келу», «Зергер», «Текемет» және тағы басқалары  ерекшеленеді. Бұл циклде автор сирек техника граттографияға жүгінген. 1998 жылдан бастап Анатолий Григорьевич Ресейде тұрады және жұмыс істейді.

Бүкіл экспозицияны жалпы  шолып өткенде мынандай қорытындыға келесің: Шығыс Қазақстан суретшілері  өнерінің гуманистік бағыттылығы, өз халқының өмірімен,  оның тарихымен және мәдениетімен шығармашылығының тығыз байланыста болу қажеттігін көпшілігінің түсінуі олардың шығармашылығының қайнар көзін айқындаушы бағдаршам болған және болып қалады.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …