көрмелер қордан "Қазақ халық костюмінің эстетикасы". 2022

"Қазақ халық костюмінің эстетикасы". 2022

2022 жылғы 6 қазанда музей-қорықта музей-қорық қорынан  алынған "Қазақ халық костюмінің эстетикасы" атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеге Шығыс Қазақстан қазақтарының дәстүрлі және салттық киімдері қойылған. Бұл - ерлер мен әйелдер костюмдерінің жылдың барлық маусымына арналған бірегей этнографиялық топтамасы, күнделікті және салтанатты киім, ХХ-ХХІ ғасырлардағы ұлттық костюмдер.

Экспозицияда Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Күләш Ақашованың авторлық жұмыстары, Қазақстанның танымал адамдары - КСРО мен Қазақстанның халық әртістері Роза Бағланова мен Бибігүл Төлегенованың сахналық костюмдері, сондай-ақ, шығысқазақстандық белгілі ақын-жазушылардың костюмдері ерекше орын алды.

Келушілер назарына қазақтың XVIII ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі бірегей күміс зергерлік бұйымдары, ұлттық кілемдер мен сандықтардың көркем үлгілері және материалдық мәдениеттің басқа да заттары ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Роза Әшімханқызы Төлемісова, музей-қорық директоры А. Тен құттықтау сөз сөйледі. Қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Г. Бекбердинова мен Л. Асылова вернисаж қонақтарын көрмемен таныстырды. Іс-шара барысында музей-қорық директоры көптеген жылдар бойы ұлттық нақышта безендірілген киім тігумен айналысқан Күләш Ақашоваға алғысхат табыс етті.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, музейлер  мен кітапханалардың қызметкерлері, №1, 35 орта мектептердің оқушылары, "Алтай" фольклорлық ансамблінің өкілдері шақырылды. Сондай-ақ, музей-қорық қонақтары мереке соңында бауырсақ пен қымыздан дәм татты.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы мұражай ғимаратында Мемлекеттік Орыс мұражайының залдары бойынша ауани экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург) . толығырақ>>



Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …