Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ СӘУЛЕТ – ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ЛАНДШАФТТЫҚ МҰРАЖАЙ-ҚОРЫҒЫ


 

 

 

«АҚ БАУЫР» ТАРИХИ – АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕН

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

 

 

 

 

«Ақ бауыр» тарихи–археологиялық  кешен келушілер үшін

 

күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін ашық

КІРУ БИЛЕТІ:

Ересектерге - 400 теңге

студенттерге және зейнеркерлерге (студенттік билеті немесе зейнеркерлік куәлігі болған жағдайда) – 200 теңге

Балаларға және оқушыларға 15 жасқа дейін - ТЕГІН

 

Мұражай-қорықтың әкімшілігі мына мекенжайда орналасқан:

 

Өскемен қаласы, Головков көшесі, 29; т.26-82-97.

 

«Ак бауыр» бөлімінің меңгерушісі:

 

Галина Геннадьевна Петенёва, т. 54-45-07

 

Электронды пошта: vkoem@mail.ru

 

Кешен аумағына экскурсиялық-туристік мақсатта болу ісі ШҚО мәдениет басқармасы мен  мұражай-қорық әкімшілігі бекіткен «Ережеге» сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

«АҚ БАУЫР» ТАРИХИ – АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІНДЕ БОЛУ ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

I.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

 

 

 

«Ақ бауыр» тарихи–археологиялық кешені Шығыс Қазақстан облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жергілікті маңызы бар  Мемлекеттік тізіміне № 499.019.А1 қорғау ордерімен енгізілген және ерекше қорғалатын аумақ болып табылады.

 

«Ақ бауыр» кешені табиғат, тарих пен археологияның бірегей ескерткіші. Кешен орналасқан Қалба таулы аймағы, ғажайып ландшафтты, өсімдіктік және жануарлар әлеміне бай өлке. Табиғат Қалбаға пайдалы қазбаларды молынан берген. Адам осы аумақтарды энеолит дәуірінде-ақ (б.д.д. V–III мыңжылдық) игере бастаған екен. Мұнда қола дәуірінде көне өркениеттің қуатты ошағы қалыптасқан. «Ақ бауыр» түрлі дәуірлердің  көптеген археологиялық ескерткіштерінің басын біріктіріп тұр. Ескерткіш құрылымына енетін нысандар киелі ғибадатхана-кешеннің маңызды элементтері болып табылады әрі маусымдық-күнтізбелік цикл салттармен және жерлеу-зиярат ету жоралғыларымен байланысты болып келген. Кешен аумағындағы Қоржынбай тауының оңтүстік беткейінде қызыл охрамен салынған суреттері бар үңгір орналасқан. Солтүстік беткейінде пикетаж техникасында орындалған, қола дәуірмен және ерте темір ғасырмен мерзімделген жартастық суреттері бар, «салт-жоралғылық алаңқай» ерекше әсер қалдырады. Ақ бауырдың көне заманда Күн мен жұлдыздардың орналасуларын бақылайтын, күн мен түннің теңелетін нүктесін айқындайтын жер болып қызмет еткен деген болжам бар.

 

Ақ бауыр – Кенді Алтай аумағындағы өткеніміздің ең жарқын да жұмбақ ескерткіштерінің бірі десек артық айтқандық болмас.

 

 

 

II. КЕШЕНДЕ БОЛУ ЕРЕЖЕСІ.

 

 

 

Тарихи–археологиялық кешеннің аумағындағы археологиялық ескерткіштерді, табиғи және мәдени-тарихи ландшафтты өз қалпында сақтап қалу мақсатында мыналарға жол берілмейді:

 

- ескерткіштің сақталуына, табиғи ландшафтқа және қоршаған ортаға қауіп төндіретін кезкелген іс-әрекетке (атап айтқанда, тарихи қалыптасқан рельефтің жоғарғы бетін бұзуға, су көздерін ластауға, ағаштарды, бұталарды, басқа да  жасыл желектерді және фаунаны жоюға әрі зақымдауға);

 

- жер бетінде жатқан, сондай-ақ қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи-археологиялық олжаларды тиісті рұқсат қағазынсыз (лицензиясыз) жинауға немесе өзімен алып кетуге;

 

- кешен аумағында орналасқан мәдени мұра нысандарына жазба түсіруге және кезкелген зиян келтіретін әрекет жасауға жол берілмейді;

 

Мыналарға үзілді-кесілді тыйым салынады:

 

- кешен аумағына автокөлікпен және велосипедпен кіруге;

 

- от жағуға және өрт қаупін тудыратын кезкелген құралдар мен құрылғыларды (пиротехниканы) пайдалануға;

 

- аумақты тұрмыстық қалдықтармен ластауға, арнайы белгіленбеген орындардан тыс жерлерге қоқыс тастауға;

 

- жануарлармен серуендеуге немесе мал жаюға;

 

- балаларды қараусыз қалдыруға;

 

- экскурсия жүріп жатқан кезде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынады.

 

Ішімдік ішкен, сондай-ақ  есірткі немесе улы заттармен масайған келушілер кешен аумағына жіберілмейді. Кешен аумағында спирттік ішімдік ішуге қатаң түрде тыйым салынады.

 

Кешен аумағында кәсіби фото- және бейнетүсірілімдерді мұражай-қорық әкімшілігінің келісімі бойынша ғана жүргізуге болады.

 

Осы ережені келушілер бұзған жағдайда, сондай-ақ мұражай-қорық қызметкерлерінің ереже талаптарын сақтау туралы талабын орындаудан бас тартқан және қарсылық көрсеткен жағдайда, тәртіп бұзушылардың кешен аумағынан шығарып жіберілуі ықтимал, бұл ретте билет құны өтелмейді;

 

Қараусыз қалдырылған заттар үшін әкімшілік жауап бермейді.

 

Егер Сіздер  адасып қалсаңыздар немесе тобыңыздан қалып қойсаңыздар, кіреберісте кездесіңіздер.

Осы Ереженің сақталуына бақылауды Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы жүзеге асырады.