Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Николай Алексеевич Зайцев туралы

Николай Алексеевич ЗайцевШығыс Қазақстан облыстық сәулет этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының негізін қалаушы. Н.А.Зайцевтің 50 жыл атқарған қызметінің нәтижесінде Бутаково селосындағы мектеп музейі Қазақстан Республикасындағы музей-қорық мәртебесіне ие болған ірі музейге айналды.

Республикалық және одақтық ғылыми-практикалық конференцияларға бірнеше мәрте қатысты. Оның тікелей атсалысуымен республикада алғаш рет фольклорлық фестивальдар мен «Сарбаздар ән салғанда» атты сарбаз әні фестивалі өткізілді.

Мерейтойлық іс-шараларды (Қабанбай Батырдың 300 жылдығы, Абайдың 150 жылдығы, М. Әуезовтің 100 жылдығы, Астананың тұсаукесері, Алматыдағы құрылтайлар) ұйымдастыруға және өткізуге, жыл сайынғы Президенттік және әкімдік жаңажылдық шыршаларды безендіруге белсене  қатысты. ШҚО шеберлерінің Ресурстық орталығын құру, облыстық сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкелерін өткізу, жетекші жоғары оқу орындары жанында халықтық өнер шеберлерін даярлау жөніндегі факультеттер құру жұмыстарын ұйымдастырушы.

Музей 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі жылы аясында Мәскеуде, Барнаулда, Астанада ұйымдастырылған сауда-өнеркәсіптік көрмені безендіруге және мәдени іс-шараларды өткізуге қатысты.

Н.А. Зайцев Қазақстан музейлерін «Музейлер қауымдастығына» біріктіру ісін, ҚР халықтарының мәдениеті мен өнері онкүндіктерін ұйымдастырушы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, ШҚО әкімі сыйлығының иегері, «Қазақстанда қолөнердің дамуы және халықтық көркемөнер кәсібінің жандануы» бағдарламасы үйлестіру Кеңесінің мүшесі болып табылады.

Музей ісін дамытуға сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 14 наурыздағы Жарлығымен Н.А. Зайцевке «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді.

2000 жылдың 24 қазанында республикаға сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталған.

Мемлекет алдындағы сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық қызметі мен мәдениетінің дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 485 Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен марапатталды.

2011 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталып, «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды.

2012 жылдың 22-25 мамыр күндері Өскемен қаласында өткен «Ашық Азия – Ашық Музей» атты ІІІ Ортаазиялық аймақтық фестивальдің қорытындысы бойынша (ұйымдастырушылары: «Қоғамдық даму зертханасы» Дешт-и-Арт/АБ (Қазақстан) Нидерландының дамушы елдермен қарым-қатынас жөніндегі гуманитарлық институтының  (HIVOS), ШҚО мәдениет басқармасына қарасты Шығыс Қазақстан облыстық сәулет этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының  қолдауымен) Н. Зайцев шекарасыз Музейлер идеясының ауқымдығы үшін, жаңа дүниелерді жасай білгені және адамсүйгіштігі үшін дипломмен марапатталды (Гран-при).    

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 5 желтоқсанындағы №444 Жарлығымен  «Парасат» орденімен марапатталды.

Н.А. Зайцев Қазақстан Республикасының жағымды имиджін қалыптастыруға қол жеткізгені, кәсіпқойлығы мен шығармашылығы үшін, аймақтық, республикалық және халықаралық туристік бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуына белсене қатысқаны үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» (2013 ж.) төсбелгісімен марапатталды.

ҚР халқының руханияты мен мәдениетінің, бірлігінің, бейбітшілігі мен келісімінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Н.А. Зайцев «Қазақстан халкы Ассамблеясынын қоғамдык «Бiрлiк» алтын медалiмен» («Золотая медаль единства» Ассамблеи народа Казахстана, № 0279, 2014 ж.) марапатталған. 

Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚО әкімінің жыл сайын лауреаттарды марапаттау салтанатында  (21.05.2014 ж.), ТМД Халықаралық ассамблеясы Кеңесінің белгісімен (№ 11, 28.11. 2013 ж.) марапатталған.