Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Мұражайдың «Құрметті Алтын кітабына» енгізілген достары

2006 г.

1. Виталий Леонидович Метте

Виталий Леонидович Метте (1947-2003).

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Козлушки селосында дүниеге келген. Севастополь жоғары әскери-инженерлік училищесін бітірген. 4 жыл әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1974 жылы Өскеменге оралып, Өскемен Үлбі металлургиялық зауытына жұмысқа тұрады. Еңбек жолын слесарь-аспапшы болудан бастады. Содан соң ауысым мастері, технологиялық бөлімнің аға инженері, цех бастығы болып еңбек етті. 1988 жылдан 1994 жылға дейін Өскемен Үлбі металлургиялық зауытының директоры, 1994 жылдан 1996 жылға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметі премьер-министрінің орынбасары, бірінші орынбасары, 1998 жылдан біріккен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды.

Гандболдан спорт шебері, жаңалық ашылғандық жөніндегі 49 патентке ие.

"Құрмет" орденімен наградталған.

2000 жылы облыс әкімінің мәдениет пен өнер саласындағы сыйлығын тағайындады.

Облыс әкімі болған кезінде мұражайдың көптеген жобаларын қаржыландырды, соның ішінде "Гималай" (Мәскеу қаласындағы Халықаралық Рерих орталығынан Н.К. Рерихтың түпнұсқалық картиналарының сериясы), " ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы батысевропалық және орыс кескіндемесі" (Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай қорынан) көрмелері бар. В.Л. Метте вернисаждарда болып жүрді, қосымша салынған құрылыстарды күрделі жөндеу жұмысын қаржыландырды, онда мұражай галереясы ашылған-ды.


2. Өзбекәлі Жәнібеков

Өзбекәлі Жәнібеков (1931 жылғы 28 тамыз - 1998 жылғы 21 ақпан) - мемлекеттік қайраткер, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты (1990). Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын (қазір Алматы мемлекеттік университеті, 1952) бітірген.

Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1961-1970), Қазақстан Компартиясы Торғай облыстық комитетінің хатшысы (1970-1975), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шетелдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі (1975-1977), Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, Қазақстан мәдениет министрі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды.

Ұлттық мәдениеттің, ана тілінің, қазақ халқы дәстүрлерінің өркендеуі мен дамуына үлкен үлес қосты. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары Ахмет Яссауидің кесенесін қайта қалпына келтірудің бастамашысы болды.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

Қазақстан мәдениет министрі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болған кезде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

 

3. Геннадий Леонидович Бердюгин

Геннадий Леонидович Бердюгин - "ҮМЗ" акционерлік қоғамы кедендік қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің бастығы.

1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Сокольск кентінде дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, КОКП Орталық Комитеті жанындағы жоғары партия мектебін бітірген.

1980 жылдан 1990 жылға дейін КОКП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінде хатшы, 1990 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті аппараты мемлекеттік наградалар бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан 1998 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік басқарма бастығы болып қызмет істеді.

Г.Л. Бердюгин КОКП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы болған кезінде мұражайға облыстық мәртебесін беруге және мұражайды Бутаково селосынан Өскемен қаласына көшіріп әкелуге, Урицкий көшесі, 67 және М.Горький көшесі, 59 ғимараттарын мұражайға беруге көмек көрсетті.


4. Тоқан Самарқанұлы Самарқанов

Тоқан Самарқанұлы Самарқанов (1937 жылғы 15 тамыз - 1998 жылғы 14 қараша) - Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Киров атындағы колхозында дүниеге келген. Облыстық комсомол органдарында, облыстық атқару комитетінің аппаратында қызмет істеген. 1984 - 1997 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы болған кезінде мұражайдың дамуына үлкен үлес қосты.


5. Полад Бюль-Бюль оглы

Полад Бюль-Бюль оглы - Әзірбайжан Республикасының Ресейдегі елшісі.

1945 жылы Баку қаласында дүниеге келген. Әзірбайжанның Кара Караев атындағы мемлекеттік консерваториясын бітірген.

1988 жылдан 2006 жылға дейін Әзірбайжан Республикасының мәдениет министрі, ТЮРКСОЙ (Түрік мәдениеті мен өнерін дамыту жөніндегі ынтымақтастық) Халықаралық ұйымының Бас директоры болды.

1999 жылы Полад Бюль-Бюль оглының көмегімен мұражайға мынадай заттар: ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдері, кяманча, тар, гавал (музыкалық аспаптар) және басқалар тегін тапсырылды.


6. Амфилохий әкей

Амфилохий әкей (Бондаренко Андрей Анатольевич) - Өскемен округі шіркеулерінің благочинныйы, Өскемен қаласы Покров храмының басшысы.

1969 жылы ШҚО Күршім ауданының Күршім ауылында дүниеге келген. Алматы қаласында діни білім алған. 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысына оралды, Серебрянка қаласындағы қасиетті әулие Ильяның храмын, 1998 жылғы 20 тамыздан – Өскемен қаласындағы Покров храмын басқарды, 1999 жылғы 1 мамырдан – Бірінші Шығыс Қазақстан округінің благочинныйы.

Мұражай қорына өте сирек, бірегей діни заттарды: әулие Николай Чудотворецтің эмальмен қапталып жасалған тәжін, хоругвь – қасиетті жалауын, діни қызметкерлер фотосуреттерінің көшірмелерін, Шығыс Қазақстан облысы храмдарының тарихы жөніндегі материалдарды, украин ерлерінің үйлену тойында киетін 1916 жылғы жейдесін, бақыр ақшалар жиынтығын тапсырды.

Шаралар өткізіп, көрмелерді безендіруге көмектесті.


7. Ким Хон Бе

Ким Хон Бе – інжілшіл христиан-баптистердің "Родник" шіркеуінің пасторы.

1948 жылы Пусан (Оңтүстік Корея) қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Сеул университетінің экономикалық факультетін, діни семинарияны бітірген. 1993 жылы жұбайы Джон Сунмен бірге Сеул қаласынан миссионерлік қызметпен Өскемен қаласына келген.

Корейлердің материалдық және рухани мәдениетінің 100-ден астам заттарынан тұратын коллекция (ерлердің және әйелдердің ұлттық киімдері, аяқкиім, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар, кәдесыйлар мен сәндік заттар, кітаптар) мұражай қорына тапсырылды.


8. Виталий Григорьевич Хадеев

Виталий Григорьевич Хадеев - "Үлбі металлургия зауыты" ашық акционерлік қоғамының бұрынғы бас директоры.

1955 жылы Свердлов облысы Нижне-Сергиев ауданының Бисерт деревнясында дүниеге келген.

1978 жылы Урал политехникалық институтын бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытына жұмысқа жіберілген. 1998 жылдан бас директор және "ҮМЗ" ашық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болды.

2001 жылы 14 қазанда Киров атындағы саябақта 1936 жылы қирап қалған Покров соборының орнына Христос үшін күйзелген ауыр жылдардағы азапқа түскендер, тәубеге келушілер үшін кішкентай шіркеу орнатылды. Оның құрылысын "Үлбі металлургия зауыты" ашық акционерлік қоғамы қаржыландырды.


9. Вера Николаевна Сухорукова

Вера Николаевна Сухорукова - 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

1951 жылы 10 тамызда ШҚО Шемонаиха ауданы Выдриха селосында дүниеге келген. 1973 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын бітіріп, қала шаруашылығының экономисі мамандығын алған. 1985 жылдың желтоқсанынан Жезқазған облысының атқарушы өкіметі жүйесінде қызмет істеген. 1996 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің экономика мәселелері жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды, 1999 жылдың қыркүйегінен 2002 жылдың қаңтарына дейін Өскемен қаласының әкімі болды.

Мынадай мемлекеттік наградалармен марапатталды:

-"Барыс" кеудеге тағатын белгісімен (2001)

-"Құрмет" орденімен (2001)

Киров атындағы саябақты қайта құруға баға жетпес көмек көрсетті.


10. Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов - 2004 жылдың желтоқсан айынан Алматы қаласының әкімі.

1956 жылғы 9 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Махамбет ауданының Новобогат ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген, саясаттану ғылымының докторы, ҚР премьр-министрі (2002 жыл – 2003 жылғы маусым), ҚР Мемлекеттік хатшысы (2003 ж. маусым – 2004 ж. наурыз), ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы (2004 жылғы наурыз – желтоқсан).

Иманғали Нұрғалиұлының тікелей көмегімен 2003 жылы Алтын және бағалы металдар мұражайынан біздің мұражай өте сирек кездесетін 43 зергерлік бұйымдар алды. Олар Қазақстанның барлық аймақтарының ұлттық өнерін паш ететін ХІХ-ХХ ғасырлардағы күміс белбеулер, білезіктер, жүзіктер, сырғалар, шекеліктер. Солардың арасында Шығыс Қазақстаннан да әшекейлер бар.


11. Марат Қабдығалиұлы Татаев

Марат Қабдығалиұлы Татаев - "Аймақтық көп салалы "Атамекен" ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігі директорлар Кеңесінің төрағасы.

1950 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданының Балғын ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Мәскеудің орман-техникалық институтын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірді. Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет істеді. 1986 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

ХХ ғасырдың ауыр болған 90-шы жылдарында Мәскеу қаласының қалпына келтіру шеберханаларында икондарды қалпына келтіріп, қайтарып алуға баға жетпес көмек көрсетті.


12. Тамара Гавриловна Карпенко

Тамара Гавриловна Карпенко - "Тамила Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, ол Қазақстанның сыра, квас және жеміс суларын шығаратын байырғы кәсіпорны.

1939 жылы 17 қыркүйекте Қарағанды облысы Осокаровка селосында дүниеге келген. 1963 жылы Қазақ Мемлекеттік уиверситетін экономист мамандығы бойынша бітірді. 1974 жылдан Өскемен сыра зауытының директоры, көп жылғы және адал еңбегі үшін көптеген наградаларға ие болған.

Т.Г. Карпенко демеушілік қызметке белсене қатысады, біздің мұражайға түрлі шаралар өткізуде қайырымдылық көмегін аямайды.


13. Василий Александрович Лысянский

Василий Александрович Лысянский - "Кседа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

Өскемен құрылыс-жол институтын бітірді, кәсіпорынның слесарынан бас инженеріне дейінгі еңбек жолынан өтті. Қазір "Кседа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бизнес жөніндегі әріптестері – отандық және ресейлік азық-түлік және сабын-жуғыш тауарларын шығарушылар. "Кседа - Эталон" механикалық өндірісі белгісімен шығарылатын өнім көптеген ауылшаруашылық өңдеушілерге, тамақ өнімдерін өндірушілерге, құрылыс индустриясы кәсіпорындарына белгілі.

"Кседа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1936 жылы қирап қалған Покров соборының орнына қазақстандық және ресейлік азап шегушілер мен тәубеге келушілер үшін Киров атындағы саябақта сәулетші Д.А.Мегидь жобасымен салынған шіркеушенің жобасын қаржыландыруға қатысты. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында АҚШ шығарған Карпентир бірлестігінің фисгармониясын мұражайдың алуына, шіркеушеге қоңыраулық салуға қаржы бөлді.


14. Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметов

Бағдат Мұхаметұлы Шаяхметов - "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлік қоғамының президенті.

1946 жылы қараша айында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1969 жылы Қазақ политехникалық институтын бітіріп, инженер-металлург мамандығын алды. Өскемен титан-магний комбинатында металлургиялық өндірістің жұмысшысынан кәсіпорын директорына дейінгі барлық баспалдақтардан өтті. 1996 жылдан 1998 жылға дейін "Казатомпром" ұлттық атом компаниясының президенті болды.

Б.М. Шаяхметов "Отан", "Құрмет белгісі" ордендерімен наградталды, ҚР Халықаралық академиясының және инженерлік академиясының академигі, Қазақ Ұлттық техникалық университетінің және Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің құрметті профессоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының ғылым, техника және білім саласындағы лауреаты. Оған "Қазақстан Республикасындағы кен орнын бірінші ашушы", "Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері", "Өскемен қаласының құрметті азаматы", "Жыл адамы" атақтары берілген.

"Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлік қоғамы құрылыс материалдарына 130 мың теңге аударып, сонымен бірге 10 аяқжол жиектерін және қайнатылмаған әк (жыл сайын 1 тоннадан) берді.


15. Евгений Сергеевич Альхимович

Евгений Сергеевич Альхимович –"Казцветметремонт" тресі Ертіс мамандандырылған жөндеу-құрылыс басқармасы ұжымдық кәсіпорны базасында 1998 жылы құрылған "Иртышцветметремонт" акционерлік қоғамының жетекшісі. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарындағы негізгі технологиялық жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды қайта қалпына келтіру және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды атқарады.

Е.С. Альхимович 1943 жылы 5 маусымда Лениногор (қазір Риддер) қаласында дүниеге келген. 1968 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген. Шығыс Қазақстан жөндеу-құрылыс басқармасы өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, Ертіс мамандандырылған жөндеу-құрылыс басқармасының бас инженері, бастығы болып істеді.

Мұражайға металл трубаларының жиынтығы, бұрыштар, мұражай қызметкерлері үшін жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды.


16. Валерий Федорович Крючков

Валерий Федорович Крючков - "Антей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары.

1957 жылы 11 қарашада Өскемен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-механик біліктілігімен "Автомобиль және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша оқып бітірді. Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар тасу басқармасында, Үлбі металлургиялық және Согра машина жасау зауытында істеді. 1991 жылы шағын отбасылық кәсіпорнын ұйымдастырды, ол кейіннен "Антей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды.

"Антей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұражайға өнеркәсіптік мұздатқыш сыйлап, демеушілік жасады.


17. Михаил Павлович Таранда

Михаил Павлович Таранда - "Өскемен Промтехмонтаж басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастығы.

1944 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Глубокое кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. Учаске мастерінен бірінші басшыға дейінгі еңбек жолынан өтті. Басқарманың өндірістік қызметі Қазақстанның маңызды құрылыстарымен, сонымен бірге, шетелдік фирмалар жеткізетін бірегей технологиялық жабдықтарды монтаждаумен тығыз байланысты.

Михаил Павлович әлеуметтік бағдарламалар тізімінде бірінші орынға тұрақты демеушілік көмек көрсетуді қояды. Мұражайды дамытуға 100 мың теңге аударды.


18. Александр Иванович Федосов

Александр Иванович Федосов - "Казахавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры.

1950 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Құлынжүн ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1972 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын "Автомобиль жолдары" мамандығы бойынша, 1984 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірді. Мастер, прораб, Самар аудандық партия комитетінің хатшысы, Самар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Мұражайға 25 тонна асфальт сатып алуға кәсіпорыннан қаржы бөлінді.


19. Евгений Викторович Шумахер

Евгений Викторович Шумахер – "Возрождение" неміс ұлттық-мәдени орталығының төрағасы.

1963 жылы 18 наурызда ШҚО Күршім ауданының Күршім ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1991 жылы Семей ауылшаруашылық институтын бітірген.

Неміс мәдени орталығы 1996 жылы Глубокое ауданының 4 селосынан этнографиялық материалдар зерттеп, жинау жөніндегі мұражайдың ғылыми экспедициясын қаржыландырды. Нәтижесінде мұражай қоры Шығыс Қазақстан облысындағы немістердің материалдық және рухани мәдениетінің 80-нен астам заттарымен толықты.

Орталық 2005 жылы қазанда мұражайға 24 заттың жиынтығын тапсырды.


20. Ғабдулхай Мұхамедғалиұлы Ишмуратов

Ғабдулхай Мұхамедғалиұлы Ишмуратов - облыстық татар мәдени орталығының, "Ұлан" ЖШС ет-консерві зауыты басқармасының төрағасы.

1954 жылы 25 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, инженер-құрылысшы, заңгер.

2005 жылы татар үйінің ашылуына орай ол мұражайға зермен әшекейленген барқыт қалпақ, мерекелік көйлек, қолдан тоқылған бет орамалдар, президент М. Шәймиевтің портреті салынған түкті кілем сияқты ХХ ғасырдың басындағы өте сирек кездесетін этнографиялық заттарды тапсырды. Барлығы 15 зат.


21. Михаил Николаевич Анашкин

Михаил Николаевич Анашкин - Өскемен монтаждау фирмасы "Имсталькон" акционерлік қоғамының директоры.

1956 жылы туған. Білімі жоғары, 1989 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын бітіріп, инженер-құрылысшы мамандығын алды. Өскемен монтаждау фирмасында істеген 32 жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысының монтаждау өндірісінің технологиясын жетілдіру мен түсті, химиялық және жеңіл өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен байланысының кәсіпорындарын салу ісіне салмақты үлес қосты.

Мұражай-қорықтың Жамбыл атындағы саябағына Ұлы Жеңістің 60 жылдығына ҚР Қорғаныс министрлігі табыстаған 1943-1945 жылдарғы үлгідегі әскери техникаларды тасымалдауда және орнатуда "Имсталькон" акционерлік қоғамы филиалының көрсеткен көмегі баға жеткісіз.

 

2007 г.


22. Николай Петрович Беляев

Николай Петрович Беляев – Қазақстан, таяу және алыс шетелдер үшін электртехникалық жабдық құрастырушы ірі кәсіпорын болып табылатын «КЭМОНТ» АҚ директоры. Осы кәсіпорында Е.П.Беляев 1987 жылғы маусым айынан бастап істейді, «Казэлектромонтаж» тресінің Өскемен монтаждау басқармасының бастығы лауазымынан бастаған болатын.

Николай Петрович 1946 жылы 7 желтоқсанда Ресейдің Владимир облысында дүниеге келген. Кейін Теміртау қаласына, ал 1984 жылы Өскеменге көшіп келеді. 2004 жылдың қыркүйек айынан бері – «КЭМОНТ» АҚ директоры.

«Құрмет» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы», «Қазақстан Республикасы Құрылыс министрлігінің құрметті монтажшысы» белгілерімен марапатталған.

Н.П.Беляев мұражай-қорыққа 200 мың теңге мөлшерінде демеушілік көмек көрсетті.

 


23. Сергей Викторович Коротин

Сергей Викторович Коротин – «Ореол» ЖШС директоры («КIМЕХ» сауда фирмасы). «КIМЕХ» фирмасы европалық озық маркалардың тауарларын сатумен шұғылданады, оларға тапсырыстар тікелей Германияда, Италияда, Испанияда өткізілетін сауда жәрмеңкелерінде іске асырылады.

Сергей Викторович 1952 жылы 1 қазанда Өскемен қаласында туған. Өскемен құрылыс-жол институтының түлегі. 2006 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай С.В.Коротин “Астана” медалімен және “Гендерлік сезімтал басшы” аталымы бойынша Республикалық қоғамдық конкурстың жеңімпазы ретінде Қазақстанның іскер әйелдері қоғамдастығының Грамотасымен марапатталды.

С.В.Коротин И.А.Руковичниковтың иелігіндегі 23 затты – 176471 теңгеге бағаланған икондарды, екі жұпариістендіргішті, мыстан құйылған ұсақ пластика бұйымдарын, кітаптарды мұражай-қорықтың сатып алуына, сондай-ақ мұражайдың басқа да жобаларының іске асуына жалпы сомасы 66000 теңге мөлшерінде демеушілік жасады.


24. Валерий Николаевич Курилов

Валерий Николаевич Курилов 1949 жылғы 3 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1951 жылы олар Өскеменге қоныс аударады. Алматы қаласындағы құрылыс техникумын тәмамдаған. «Казпроммонтажда», кейіннен қалалық тұрғын-үй басқармасында еңбек етті. 1958 жылдан бері коллекция жинаумен шұғылданады. Валерий Николаевичтің арқасында мұражай фарфор мүсіншелер коллекциясын қалыптастыра алды.

2006 жылы В.Н.Курилов мұражайға 80 заттан тұратын хрусталь коллекциясын сыйға тартты.

 


25. Игорь Петрович Протасьев

Игорь Петрович Протасьев – «Алма-ТВ» АҚ Өскемен филиалының директоры. 1945 жылы 30 маусымда ШҚО Лениногор қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Томск политехникалық институтының автоматика және есептеу техникасы факультетін бітірген.

«Алма-ТВ» АҚ-ның негізгі қызметі Шығыс Қазақстан облысында кабельді телевидение көрсетілімін ұсыну. Фирма «2006 жылғы кабельді телевидениенің № 1 операторы» деп танылды.

«Алма-ТВ» АҚ мұражай-қорық есебіне 200 мың теңге аударып, «ШҚО шеберлері жөніндегі очерктер» кітабының басылымына демеушілік көрсетті.


26. Андрей Анатольевич Якунин

Андрей Анатольевич Якунин – «Эмиль» ЖШС директоры, ол ШҚО-дағы тағам өнімін өндіретін жетекші фирмалардың бірі, 1993 жылы құрылған.

1975 жылғы 27 сәуірде Өскемен қаласында дүниеге келген.

Бүгінде «Эмиль» ЖШС сүт өнімінің 22 түрін, 50 түрлі балмұздақ, 35 атаулы нан-тоқаш және кондитер бұйымдарын, жартылай дайын өнімнің 25 түрін, 5 түрлі майонез және ірімшіктің 13 түрін шығарады. Тағам өнімдерін өндіру үшін отандық және аймақтық өндірушілердің шикізаты пайдаланылады. Кәсіпорында өнім ассортиментін кеңейтіп, сапасын жақсарту мақсатында жабдық техникалық жағынан үнемі жаңғыртылып, реконструкция жасалады.

Фирма халықаралық конкурстар мен көрмелерге тұрақты қатысып тұрады, «Таңдаулы тауар», «Сапалы өнім» аталымдары бойынша талай рет дипломдармен марапатталды. «Эмиль» ЖШС – «Шығыс Қазақстанның таңдаулы тауарлары. 2006 ж.» атты конкурс-көрменің жеңімпазы.

Фирма зообақты азық-түлік қалдықтарымен күн сайын жабдықтап тұрады, мұның өзі мұражай-қорықтың бюджетін айтарлықтай үнемдеуге ықпал етуде.


27. Светлана Владимировна Романова

Светлана Владимировна Романова 1959 жылғы 19 желтоқсанда Өскемен қаласында туған. 1990 жылы маталар сататын дүкен мен арнайы киім тігетін ателье ашты. Дүкен жанынан «Шарм» сән агенттігін құрды. Кейіннен «Сәндік қазақ костюмдері» киімінің коллекциясын жасау идеясы пайда болған еді, ол Новосібір қаласында өткен «Сібір: экспорт-импорт» көрмесінде көрсетілді. 2003 жылы агенттік «Орыс сәндік костюмдері» коллекциясын жасауға кірісті, оның авторы Светлана Владимировнаның өзі еді. Коллекция Алматы қаласында, кейін – Сингапурдегі Халықаралық үлгілер конкурсында көрсетілді, мұнда ол жюридің жоғары бағасына ие болды.

2000 жылы С.В.Романоваға «Жылдың таңдаулы кәсіпкер әйелі» атағы берілді.

«Орыс сәндік костюмдері» коллекциясы толығымен мұражай-қорықтың қорына берілді.


2008 г.


28. Исмаилов Тофик Хамитович

Тофик Хамитұлы Исмаилов – 1996 жылы тіркелген «Исмаилов және компания» ЖШС фирмасының директоры. Балық өңдеумен шұғылдана жүріп фирма ШҚО-да бірінші болып ISO 9000 сапа сертификатын және өз өнімін Евроодақ елдеріне шығару құқығын беретін сәйкестігі 05 VK еврокодын алды. «Исмаилов және компания» ЖШС балық шикізатын өңдеумен және бүкіл әлемде қымбат бағаланатын өнім – көксеркенің жон етінен жеке-жеке мұздатылған үлес бөліктерін өндірумен шұғылданады.

Кәсіпорынның жыл сайынғы тауар айналымын 960 миллион теңге құрайды. Компания қызметкерлерінің жалпы саны бүгінде – 300 адамнан астам. «Исмаилов және компания» ЖШС-тің бүкіл өндірісі Европа Одағы Директиваларының нормалары мен ережелеріне сәйкес құрылып, техникалық жабдықталған.

Исмаилов Тофик Хамитұлы – Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласының тумасы. Ол 1958 жылғы 5 ақпанда туған, білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

«Ауани бөлім» ақпараттық-оқу орталығын құруға, сондай-ақ мұражай-қорықты дамытуға арнап «Исмаилов және компания» ЖШС фирмасы 2006 жылы 200 000 теңге сомасында демеушілік жасады.


29. Андрей Ависович Латыпов

Андрей Ависович Латыпов – республикада шыныпластиктен стандартты емес өнеркәсіптік жабдық өндіретін жалғыз кәсіпорын «ЛИК – ЗПКИ» ЖШС директоры, ұжым жұмыстардың бүкіл көлемін – объектіні жобалаудан кілтке тапсыруға дейін өзі атқарады. «ЛИК – ЗПКИ» ЖШС полимербетонды электролизді ванналар өндіруге мамандандырылған, олар мырыш, сондай-ақ мыс өндірісінде пайдаланылады. Зауыттың бүкіл өнімі металлургиялық өнеркәсіп пен машина құрылысында қолданылуда. Зауытқа тапсырыс берушілер – «Қазмырыш» АҚ, КОО ПФД Интернеишнлдің Атырау филиалы, «Катко» БК ЖШС, Дон ТБК, «ТНК Казхром» АҚ және басқалар.

А.А.Латыпов 1960 жылғы 28 қыркүйекте Алматы қаласында туған. 1983 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ді бітірген, мамандығы – физик. 2005 жылдан бері «ЛИК – ЗПКИ» ЖШС директоры.

«Ауани бөлім» ақпараттық-оқу орталығын құруға арнап «ЛИК – ЗПКИ» ЖШС мұражай-қорыққа 100 000 теңге сомасында демеушілік жасады.


30. Вячеслав Михайлович Любавин

Вячеслав Михайлович Любавин – «ЛИК – Диагностика» ЖШС директоры.

1955 жылы 14 тамызда РСФСР-дің Владимир облысы Вязники қаласында туған. 1974 жылы Өскемен құрылыс техникумын техник-монтажшы мамандығы бойынша бітірді. 1976 жылдан 2000 жылға дейін Өскемен ҮМЗ-де еңбек етті. 2001 жылғы сәуірде «ЛИК» ЖШС-ке қатардағы дефектоскопшы болып түсті, ал шілде айында магистральды газ құбырларына диагностика жасау жөніндегі куратор қызметіне тағайындалды. 2001 жылғы желтоқсан айында «ЛИК» ЖШС -тегі қиратпайтын бақылау зертханасының бастығы болды. 2002 жылғы қазан айында зертхана «ЛИК» ЖШС құрамынан шығарылды да «ЛИК – Диагностика» ЖШС кәсіпорны құрылды, оған Вячеслав Михайлович Любавин атқарушы директор болып тағайындалды.

Кәсіпорын мұнайгаз жабдығын диагностикалаумен және сейсмикалық аймақтардағы ғимараттарды, құрылыстар мен инженерлік коммуникацияларды зерттеумен шұғылданады.

В.М.Любавин В.А.Черкашинаның «Шеберлер туралы очерктер» кітабын шығару үшін мұражай-қорыққа демеушілік көмек (100 000 теңге) көрсетті.


31. Виктор Георгиевич Плутахин

Виктор Георгиевич Плутахин – «Агро-Дизель» ЖШС директоры.

Ол 1962 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

«Агро-Дизель» ЖШС ауылшаруашылық техникаға қосалқы бөлшектер жеткізу жөніндегі компания ретінде 1997 жылғы 4 ақпанда құрылған болатын. Бүгінде компания ШҚО-да автокөлікке және құрылыс-жол техникасына арналған қосалқы бөлшектер базарындағы жетекші орындардың бірін алып отыр және өзі белсенді әрі серпінді түрде дамып келеді. Онда клиенттермен жылдам да реттелген жұмысты қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандар еңбек етуде. Ресейдің, Беларусь пен Украинаның ірі дайындаушы зауыттарымен жұптастық қарым-қатынас орнатқан. Мұның өзі компанияға тұтынушыларына тек сапалы қосалқы бөлшектер мен агрегаттар жеткізіп беруге мүмкіндік жасайды.

Кәсіпорын мұражай-қорыққа 120 000 теңге сомасында демеушілік көмек көрсетті.


32. Елена Ивановна Савушкина

Елена Ивановна Савушкина - «Альянс Банк» АҚ Өскемен қаласындағы филиалының директоры.

1950 жылғы 17 қарашада дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматыдағы халық шаруашылығы институтының ЭАМӨ және БАЖ факультетін инженер-экономист мамандығы бойынша бітірді, 1995 жылы банк кадрларын қайта даярлайтын «Ғылым» орталығын, «Банктерді тексеру» курсын, ал 2003 жылы Ресей банктері қауымдастықтарының Банк ісі институтын тәмәмдады. 2005 жылғы наурыз айынан бері - «Альянс Банк» АҚ Өскемен қаласындағы филиалының директоры.

«Ауани бөлім» ақпараттық-оқу орталығын құруға арнап «Альянс Банк» АҚ филиалы мұражай-қорыққа 100 000 теңге сомасында демеушілік жасады.


33. Андрей Вальдемерович Эйхман

Андрей Вальдемерович Эйхман – «ЛИК – СМУ» ЖШС директоры.

Компания күрделі құрылыс саласында мол тәжірибе жинақтады: Қазақстанның түрлі қалалары мен аудандарында тұрғын үйлер мен әкімшілік кешендерін салудан бастап элиталы тұрғын үй мен бизнес орталықтардың сейсмоберік монолитті-бетонды құрылысын жүргізуге дейін қол жеткізді.

«ЛИК – СМУ» ЖШС құрылыс саласында мына бағыттар бойынша: конструкциялар мен құрылғылардың күрделі құрылысын жүргізу және жөндеу; төбе жабындыларын жөндеу және ауыстыру; биік құрылыстарды монтаждау және бөлшектеу; антикоррозиялық қорғау; монолитті, полимерлі едендерді қондыру; жөндеу-өңдеу жұмыстары; ағаш және металл конструкцияларын оттан қорғау; өндірістік жабдықты, құбырларды жылуизоляциялау қызметтерін көрсетеді.

1966 жылғы 26 қазанда Өскемен қаласында дүниеге келген.

«ЛИК – СМУ» ЖШС В.А.Черкашинаның «Шеберлер туралы очерктер» кітабын шығаруға демеушілік (105 000 теңге) жасады.


34. Мамытхан Амангелдіұлы Сәлібеков

Мамытхан Амангелдіұлы Сәлібеков – «AES Өскемен ЖЭО» АҚ Бас директоры.

1965 жылғы 14 қазанда дүниеге келген. Ресей Федерациясының Омбы қаласындағы Сібір автожол институтының инженерлік-экономикалық факультетін (1985-1992 жылдары), Шымкенттің «Мирас» университетін (1994-1997 жылдары), Алматы қаласының Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2002-2004 жылдары), Торонто қаласындағы Йорк университетінің Ағылшын тілі институтын (Канада, 2005-2006 жылдары) үздік бітірген.

М.А.Сәлібеков Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде, AES Реттелетін компаниялары тобының (Астана қаласы) инновация және бизнесті жақсарту жөніндегі аға менеджері болып еңбек етті, 2007 жылғы қазан айынан бері – «AES Өскемен ЖЭО» АҚ Бас директоры.

«AES Өскемен ЖЭО» АҚ 2004 жылы облыс әкімдігі өткізген қайырымдылық аукционында ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр басының көркемөнер туындысы ретінде сатып алынған аса құнды қытай фарфор вазасын, сондай-ақ 48 000 теңгенің арнайы киімін мұражай-қорыққа сыйға тартты.


35. Александр Владимирович Левитанус

Александр Владимирович Левитанус – ІТ-Компания Рейтинг директорлары кеңесінің төрағасы.

Ол 1963 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы политехникалық институтын «Металлургиялық өндірісті автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылы «Рейтинг» ЖШС кәсіпорнының негізін қалаған болатын. А.В.Левитанус 2001 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне Президент Н.Ә.Назарбаевтан алғыс хат алды.


36. Владимир Владимирович Соболев

Владимир Владимирович Соболев - «Рейтинг» ЖШС директоры.

1970 жылы Иркутск қаласында дүниеге келген. Өскемен энергетикалық техникумын «Бақылау және автоматика жүйелері» мамандығы бойынша үздік бітірген және Новосібір Мемлекеттік Техникалық Университетінің автоматика және есептеу техникасы факультетін тәмәмдаған.

IT-КОМПАНИЯ РЕЙТИНГ – табыстан табысқа жетіп, секрпінді дамып келе жатқан компания, негізі 1994 жылы қаланған. Бүгінде Рейтинг Шығыс Қазақстандағы ақпартаттық технологиялар индустриясының көшбасшысына айналды. Көрсететін қызметтерінің кең ауқымы, клиенттердің тілектерін кешенді түрде орындауға ұмтылыс, жоғары біліктілік – осы және басқа да көптеген жәйлар компанияның табысты жұмысының кепілі болып табылады.

«Рейтинг» ЖШС мұражай-қорыққа 119 187 теңге тұратын компьютер алуға демеушілік жасады.


37. Кенжехан Смайылқызы Мейіржанова

Кенжехан Смайылқызы Мейіржанова – «Микен» сауда фирмасының директоры. ШҚО Лениногор қаласында 1960 жылғы 29 қарашада дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтының автоматика және есептеу техникасы факультетін тәмамдаған. Жібек маталар комбинатының ӨБАЖ бөлімінде бағдарламашы, содан кейін агроөндірістехникасының есептеу орталығында пайдалану бөлімінің бастығы болып еңбек етті. 1997 жылы сәнді сыйлықтар сататын «Микен» атты алғашқы салон ашты. Қазір облыс бойынша бірнеше сыйлықтар салоны бар, «МиКен» сауда фирмасы ұйымдастырылды.

К.С.Мейіржанова мұражайлар директорлары мен мамандарының «Қазақстан мұражайлары жаңа әлемде» атты республикалық семинарын өткізуге демеушілік жасады.

 


38. Қайрат Маратұлы Мусин

Қайрат Маратұлы Мусин – «ҚМ компаниялары тобының» бас директоры, Ұлан ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары жетістіктері үшін» төс белгісімен марапатталған. Еуразиялық форум Қ.М.Мусинді ТМД-нің ішкі рыногына және үшінші елдердің рыногына бәсекеге қабілетті өнім шығару жөніндегі орта мерзімдік іс-шараларды әзірлегені үшін «Ынтымақтасық Жұлдызы» орденімен наградтаған болатын.

1960 жылғы 20 шілдеде дүниеге келген.

Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен, Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, көптеген медальдармен, «Қызыл Жұлды» орденімен наградталған.

«ҚМ компаниялары тобының» кәсіпорындары «Шығыс Қазақстанның шағын бизнес саласындағы таңдаулы кәсіпорындары», «Қазақстанның облыстық таңдаулы азық-түліктік рыногы» атақтарын алған.

Қ.М.Мусин мұражай-қорық туралы кітапты шығаруға демеушілік жасады.


39. Дәлелғазы Сүлейменұлы Омарханов

Дәлелғазы Сүлейменұлы Омарханов «Эскор» ЖШС-тің бас директоры. 1951 жылы дүниеге келген, Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген. ІҮ разрядты қырнаушыдан ірі кәсіпорынның директорына дейінгі еңбек жолынан өткен.

«Эскор» ЖШС – ШҚО-дағы ірі электр-құрылыс корпорациясы. Өндірістік бай ресурстарға, қазіргі заманғы техникаға, электр энергетикалық нысандардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың, тұрғын үй мен тұрмыстық нысандардың құрылысын салу саласында мол іс-тәжірибе жинақтаған сауатты мамандарға ие.

«Эскор» ЖШС мұражай-қорықтың қазіргі заманғы компьютерлер технологияларының ақпараттық-оқу орталығын ашуға демеушілік жасады.


40. Сергей Владимирович Прокофьев

Сергей Владимирович Прокофьев – республикадағы стеклопластикадан стандартты емес өнеркәсіптік жабдықтар өндіру жөніндегі жалғыз кәсіпорын «ЛИК – ЗПКИ» ЖШС-тің 2007жылдан бергі техникалық директоры, кәсіпорын нысанды жобалаудан кілтке тапсыруға дейінгі барлық жұмыс көлемін атқарады. «ЛИК – ЗПКИ» ЖШС мырыш және мыс өндірісінде пайдаланылатын полимербетонды электролиздік ванналарды шығаруға мамандануда. Зауыттың бүкіл өнімі металлургиялық өнеркәсіп пен машина құрылысында қолданыс тауып жүр. Зауытқа тапсырыс берушілер – «Қазмырыш» АҚ, КОО ПФД Интернейшнлдің Атырау филиалы, «Катко» БК ЖШС, Дон ТБК, «ТНК Казхром» АҚ және басқалар.

С.В.Прокофьев 1964 жылғы 24 тамызда Татар АКСР-і Сабинский ауданының Шемордан кентінде дүниеге келген. Қ.Сәтпаев атындағы ҚазПТИ-ді, Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-экономист, менеджер мамандықтары бойынша бітірген.

«Ауани бөлім» ақпараттық-оқу орталығын құру үшін мұражай-қорыққа «ЛИК – ЗПКИ» ЖШС 100 000 теңге сомасында демеушілік жасады.


41. Мұхтар Серікұлы Тойбазаров

Мұхтар Серікұлы Тойбазаров – «Защита элеваторы» ЖШС директоры, ол облыстағы астық сақтау және өңдеу жөніндегі ірі кәсіпорындардың бірі. Мұхтар Серікұлының басшылығымен астық өңдеу кластерін құру жөнінде үлкен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізілуде. ШҚО Ұлан ауданының Ұлан ауылында 1966 жылғы 23 шілдеде дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік тарихи-мұрағаттық институтын тарихшы-мұрағаттанушы мамандығы бойынша бітірген, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің аспирантурасын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдағаг.

Ресей мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген орасан еңбегі және жеке басының қосқан зор үлесі үшін Ресей Федерациясының Ломоносов орденімен нарадталған.

М.С.Тойбазаров мұражайлар директорлары мен мамандарының «Қазақстан мұражайлары жаңа әлемде» атты республикалық семинар-кеңесін өткізуге демеушілік жасады.


2010 г.


42. Александр Николаевич Бородин

Александр Николаевич Бородин – 2005 жылдан бері «Темірбетон комбинаты» ЖШС директоры.

1970 жылғы 31 қаңтарда дүниеге келген.

Темірбетон бұйымдар зауыты – қазіргі «ТББ» ЖШС-тың негізі ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында «Алтайсвинецстрой» тресінің құрылымында қаланған болатын. ТББ зауыты, жөндеу-механикалық зауыты, «Легпромстрой» құрылыс басқармасы 2001 жылы трест құрамынан шығарылды да, солардың базасында «Темірбетон комбинаты» құрылды.

«Темірбетон комбинаты» ЖШС Шығыс Қазақстандағы құрылыстарды бетонмен және темірбетон бұйымдарымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын өнімінің 1000-нан астам атаулы бұйымдарын өндіріп, тұтынушыларға өткізеді, Қазақстанда электрбергіш желілерге арналған темірбетон бағандарын шығаруды игерген екінші кәсіпорын болып табылады.

Темірбетон комбинаты 2004, 2006, 2009 жылдары Шығыс Қазақстан құрылыс инсдустриясының таңдаулы кәсіпорны деп танылды.

«Темірбетон комбинаты» ЖШС мұражай-қорыққа шаруашылық қажеттер үшін 230 мыңнан астам теңге тұратын құрылыс материалдарын беріп, көмек көрсетті:

2 тонна арматура, 150 кг катанка сым, әрқайсысы 5 килограмнан 5 жәшік МР-3 дәнекерлеуге арналған катод, бетон ерітіндісіне арналған 5 текшелік миксер

 

43. Гиви Отарович Гомарели

Гиви Отарович Гомарели – 2001 жылдан бері «Беакрис» ЖШС-тің бас директоры.

1961 жылғы 12 желтоқсанда Грузияда дүниеге келген.

Грузияның В.И.Ленин атындағы политехникалық институтын бітірген.

«Беакрис» ЖШС-тің негізі 2001 жылы қаланған. Қысқа уақыттың ішінде фирма Қазақстан Республикасының құрылыс материалдары нарығында бәсекелестікке төтеп беретін ұйым ретінде қалыптаса алды.

Фирма қызметінің негізгі бағыты – металл прокаты мен құрылыс материалдарын көтерме-бөлшек бағамен саудалау. Кәсіпорынның тауар айналымы сауда алаңдарын кеңейту, өткізу базарын кеңейту, мемлекеттік бюджеттік кәсіпорындарды қатыстыру, үнемі жаңа жабдықтаушылар тарту, көпсалалы жаңа кәсіпорындар құру есебінен тұрақты түрде ұлғая түсуде.

«Беакрис» ЖШС шаруашылық қажеттер үшін құрылыс материалдарын беріп, мұражай-қорыққа талай рет көмек көрсетті.


44. Әділғазы Иванович Евсеев

Әділғазы Иванович Евсеев – «Қазақ мамандандырылған жөндеу-реттеу кәсіпорны» акционерлік қоғамының президенті.

1945 жылы 26 маусымда ШҚО Глубокое ауданының Кожохово селосында дүниеге келген.

Өскемен ауылшаруашылық техникумын, Алматы энергетикалық институтын бітірген.

Геология және энергетикалық құрылыс саласында механик, бас механик, содан кейін «ҚМ ЖРК» АҚ бас инженерінің орынбасары болып еңбек етті. Оның басты ұстанымы: тәулігіне 24 сағат және аптасына 7 күн жұмыс істесең саған табыс өздігінен келеді. Кәсіпорындағы экономикалық көрсеткіштердің динамикасы оның ұстанымының куәсі болып табылады.

Кәсіпорын өңірдің барлық металлургиялық және тау-кен өндірісі кешендерінде Мердігер болып жүр. 43 жыл бойы кәсіпорын шахталық көтеру машиналары мен барлық үлгідегі жүк көтергіш крандарды қызметпен қамтуда. Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері сондай-ақ Риддер мен Зырянда да бар.

Осыдан 13 жыл бұрын мұнда Қазақстан экономикасының әртүрлі салалары үшін түрлі ассортименттегі абразивті аспап шығарыла бастады.

Ә.И.Евсеев мұражай-қорықтың дамуы үшін 110 000 теңге сомасында демеушілік жасады.


45. Коновалов Юрий Николаевич

Юрий Николаевич Коновалов – 2010 жылдан бері «Восток-Стройцентр» ЖШС-тің директоры.

1952 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. «Алтайсвинецстрой» тресінде прораб болып, «Алтайсвинецстрой» тресінің «Индустрой» құрылыс басқармасында учаске бастығы, «Восток-Стройцентр» ЖШС-тің учаске бастығы болып еңбек еткен.

«Восток-Стройцентр» ЖШС – құрылыс ұйымы, ол сәулеттік жобалаумен және инженерлік жүйелер мен тораптарды жобалаумен шұғылданады, ең жаңа технологиялар бойынша құрылыс-монтаж, безендіру, төбе жабу жұмыстарын, аулаларды абаттандыру жөніндегі шаруаларды атқарады.

Бұл кәсіпорын суландыруға арналған жабдық алуға, халықтық сәулетшілік және саябақтар нысандарын салу үшін материалдар алуға қажетті қаржылай қаражаттар бөліп, мұражай-қорыққа бірнеше рет көмек көрсетті.

 

46. Әділбек Нәсиолдаұлы Нұрпейісов

Әділбек Нәсиолдаұлы Нұрпейісов – «Даңғыл» ЖШС директоры.

1962 жылғы 13 сәуірде дүниеге келген.

1984 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

2003 жылы «Айрос» ЖШС құрылған болатын. Құрылыс материалдарын шығару үшін габбро-диобаз тасының қоры мол «Қараөзек» тас карьері бөліп берілді. Кәсіпорын ГОСТ-тың барлық талаптарына сай келетін қиыршықтас шығарады.

«Айрос» ЖШС-тың материалдары пайдаланыла отырып Шар – Өскемен теміржолы, қала мен облыстың көптеген жолдары салынды, Өскемен аэропортының ұшу-қону алаңының реконструкциясы жүргізілді. Тұтынушылардың арасында «Желдорстрой», «Гордорстрой», «Земстрой», «Ремдор» сияқты және басқа да кәсіпорындар бар.

«Даңғыл» ЖШС мұражай-қорыққа Солжағалық кешен құрылысы үшін қиыршықтас пен басқа да құрылыс материалын тегін берді.

 

47. Тоқан Жақияұлы Шәйжүнісов

Тоқан Жақияұлы Шәйжүнісов – 2000 жылдан бері Қазақстандағы «Казгипроцветмет» бас жобалау институтының президенті.

Ол 1944 жылғы 16 шілдеде Семей облысының Көкпекті ауылында дүниеге келген. Өскемен үй құрылысы комбинатында инженер-конструктор, прораб болып, ҚКП Үлбі аудандық комитеті өнеркәсіп-көлік бөлімінің нұсқаушысы, ШҚО жөндеу-құрылыс басқармасының бастығы, «Востокказколхозстрой» тресінің басқарушысы болып істеді, 1988 жылы «Агропромстрой» бірлестігінің төрағасы болып сайланды.

ҚГТМ-ның инновациялық жобалары негізінде Қазақстан мен ТМД елдерінің мынадай ірі кәсіпорындары салынып, жаңғыртылуда: ENRC (Eurasian Natural Resources Corporation) - «Қазхром» ТҰК, Соколов-Сарыбай ТӨБ және басқалар; «Қазақмыс» корпорациясы, «Қазмырыш» ЖШС, Суздаль ТБК, Бақыршық ТК ЖШС, «Сары-Арқа спецкокс», «Каустик» АҚ, Бадамшы никель зауыты; Орыс мыс компаниясы, «Уралмеханобр» ААҚ. Украинадағы инвесторлар:Stelex. LLC (АҚШ). Tanwen Limited (Кипр).

Т.Ж.Шәйжүнісов «Құрмет» орденімен, І және ІІ дәрежелі «Гордость Державы Российской» орденімен; «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Құрмет дипломдарымен, ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталды; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы,, Өскемен қаласының Құрметті азаматы атақтарына ие, Орыс Академиясының профессоры, оған бернеше рет «Жыл адамы» атағы берілген болатын..

Т.Ж.Шәйжүнісов мұражай-қорыққа 150 мың теңге сомасында демеушілік көмек көрсетті.

 

2011 г.

 

48. Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев

Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев – ШҚО әкімі.

1953 жылы дүниеге келген, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылының тумасы. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау» мамандығы бойынша тәмамдаған, ғылым кандидаты.

Қызылорда облысының әкімі (1995-1999 ж.ж.), Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (1999-2002 ж.ж.), ҚР Кеден агенттігінің төрағасы, ҚР қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы – вице-министр (2002-2005 ж.ж.), ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

2009 жылғы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Б.М.Сапарбаевтың үнемі көмек көрсетіп, қолдау жасауының арқасында Ертістің Сол жағасындағы «Көпірпоездың» иесіз қалған құрылыс алаңының орнында 37 га жерде бірегей мұражайлық кешен құрылды, оған ашық аспан астындағы мұражай, хайуанаттар бағы, ботаникалық саябақ, әскери кешен енген.

 

49. Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков

Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков - ШҚО әкімінің орынбасары.

1953 жылы 5 ақпанда дүниеге келген. Білімі - ауыл шаруашылық институты (1978), Мәскеу Мемлекеттік құрылыс университеті (2001).

Еңбек жолын 1978 жылы Тарбағатай ауданының «Қазақстан» совхозында инженер-механик болып бастаған, кейіннен «Қазақстан» совхозының директоры лауазымына ауыстырылды. 1994 жылы Тарбағатай аудандық әкімшілігінің басшысына, 1995 жылы Тарбағатай ауданының әкімі болып тағайындалды. 2002 жылы ақпан айында облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2007 жылы ішкі саясат департаментінің директоры, ал 2008 жылы қараша айында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариатының меңгерушісі болып тағайындалды.

2010 жылы ақпанда ШҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Т.Т.Түсіпбеков облыстық мәдениет басқармасының бастығы, ШҚО әкімінің орынбасары бола жүріп, мұражай-қорықтың халықаралық жобаларын жүзеге асыруға, халықаралық көрмелерді, іссапарларды ұйымдастыруға және өткізуге, ТМД елдерінің мұражайларымен мәдениет, өнер салаларында ынтымақтастықты жүзеге асыруға, «Ауани мұражай» ақпараттық-оқу орталығын құруға, мұражайдың барлық жобаларын іске асыруға қолдау көрсетті және көмектесті.

 


50. Никола Попович

Никола Попович – «Қазмырыш» ААҚ президенті.

Бүкіл дүние жүзіне әйгілі Кембридж университетінің «Эммануэль» колледжін 1991 жылы гуманитарлық ғылымдар бакалавры дәрежесі бойынша бітірген, 1992 жылдың қаңтар айында «Гленкор Интернэшнл» компаниясына (Швейцария) жұмысқа қабылданды. 1995 жылы осы оқу орнының гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды.

1997 жылдың маусым айында ол «Қазмырыш» ААҚ басқармасының мүшесі болды, 1998 жылдың сәуірінде Қазмырыш басқармасының және компания акционерлері жиналысының шешімімен Попович мырза «Қазмырыш» ААҚ президенті болып сайланды.

Соңғы 2 жылда «Қазмырыш» қызметі бірнеше құрметті атақтармен атап өтілді, олардың елеулілері мыналар:

- «Таңдаулы инновациялық бағдарлама» аталымында «Қазмырыш» ЖШС-тың Өскемен металлургиялық кешені мыс балқыту және электролиз зауыттарының құрылысы жөніндегі жоба ең үздік деп танылды

- «Жыл топжарғаны» аталымында алтын өндіретін жаңа фабриканы іске қосқаны үшін Васильков ТБК Алтын Гефестке ие болды.

- «Парыз» мемлекеттік сыйлығы – жылдың таңдаулы әлеуметтік жобасы және әлеуметтік-жауапты кәсіпорны.

«Қазмырыш» ААҚ мұражай-қорық ғимаратының жанындағы кабель желісінің ақауланған жерін анықтауға және ауыстыруға, бағбандарға жұмыс киімін алуға көмектесті.



51. Виталий Михайлович Вергун

Виталий Михайлович Вергун – «Михалыч» сауда-көрме залының директоры.

1964 жылғы 3 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1986 жылы Қарағанды политехникалық институтын тәмамдап, инженер-металлург мамандығын алды. Өскемен қаласына жұмыс істеуге жолдама алды.

1990 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен шұғылдана бастады. 1994 жылы «ДРИМ» ЖШС-ты ашып, оның директоры болды. 2002 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейді, бірқатар шетелдік компаниялардың дилері және өкілі болып табылады. Компанияның су құбырына және жылу беруге арналған материалдары барлық көрсетілген техникалық көрсеткіштерге сәйкес келеді. Фирма жұмысының негізгі ұраны – әрбір клиентке жеке біліктілік тұрғыдан қарау және өнім сапасы!

В.М.Вергун мұражай-қорықтың құрылыс материалдарын, техникалық жабдық алуына инвестиция құйды.



52. Михаил Семенович Лабуков

Михаил Семенович Лабуков - «Имсталькон» АҚ Өскемен металл конструкциялар зауытының директоры. «Имсталькон» АҚ – жоғары технологиялық кәсіпорын, ол кезкелген маңыздағы және бағыттағы құрылыс металл конструкцияларын аса сапалы жасауға маманданған, оның сапасы ISO 9001:200 халықаралық сертификатымен бекітілген.

ШҚО-дағы «Әділ» АҚ, Бұқтырма цемент зауыты, «Өскемен ТМК» АҚ, «Востокмашзавод» АҚ, Бұқтырма АЖТ зауыты, Ертіс химия-металлургия зауыты, Ертіс полиметалл комбинаты сияқты ірі кәсіпорындар, сондай-ақ облыстағы бірқатар ауылшаруашылық кәсіпорындар зауыт тапсырысшылары болды.

М.С.Лабуков – Первомай сайлау округі бойынша облыс мәслихатының депутаты, «Восток» футбол клубының президенті, шайбалы хоккей Федерациясы атқаркомының мүшесі. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.

М.С.Лабуков мұражай-қорықтың заманауи компьютерлік технологиялар колданатын ақпараттық-білім орталығын ашуына, технологиялық жабдық алуына инвестиция құйды.



53. Бақытжан Хамзақызы Құдышева

Бақытжан Хамзақызы Құдышева - 2000 жылы ашылған «Жан» салонының директоры және Өскеменде әлемдік жоғарғы сән үлгісінің ұшқынын алғаш енгізуші.

Негізгі қызмет саласы - танымал итальян және француз дизайнерлерінің сәнді әйелдер киімдері мен аксессуарлары. Кәсіби сән әлемінде «Жан» салоны Fashion өнеркәсібі аталынған (аталған термин мультибрендті бутик дегенді білдіреді).

Бүгінгі күні салон өзінің қызметтік саласын кеңейтіп, 2006 жылы еліміздің астанасы - Астана қаласында филиалын ашты.

Салон иесі Б.Х.Құдышева қамқорлықпен айналысады. Ол мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағына көшірілген және қайтадан қалпына келтірілген ХХ ғасырдың басындағы көпес Михаил Шиляевтің үйі - екі қабатты ағаш ғимаратты қалаға сыйға тапсырды.



54. Виктор Семенович Недовесов

Виктор Семенович Недовесов - «Өскемен жылу жүйесі» АҚ бас директоры, ТМД елдеріне еңбегі сіңген энергетик, Қазақстанға еңбегі сіңген энергетик.

«Өскемен жылу жүйесі» АҚ негізгі қызмет түрі - жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау.

В.С.Недовесов 1947 жылы 1 маусымда ШҚО Таврия ауданы Бетқұдық ауылында дүниеге келген. Павлодар индустриялы институтын, 1997 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын бітірді.

1993-1997 жылдар аралығында «Алтайэнерго» ЭӨБ (бас инженері) техникалық директоры, 1997-1998 жылдар аралығында AES серіктестігінде «Алтай Пауэрдің» техникалық директоры, 1998-2004 жылдар аралығында «KEGOC» АҚ Шығыс филиалының директоры, 2004-2008 жылдар аралығында Қазақстандағы AES бизнестерді реттеудің техникалық директоры.

В.С.Недовесов құрылыс материалдарын сатып алуға мен 400 шаршы метр пішен сарай тұрғызуға демеушілік көмек көрсетті.

 

2012 г.


55. Виталий Валерьевич Котляров

Котляров Виталий Валерьевич

Виталий Валерьевич Котляров – Өскемен керамзит зауытының директоры.

1964 жылы Ресей Федерациясының Муром қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Өскемен педагогикалық институтын тәмамдаған.

Виталий Валерьевич 2005 жылы «Эгрэй» ЖШС-інің басшылығын қолға алып, керамзитті қиыршықтас өндіретін зауыттың құрылысын бастады.

Бүгіндегі керамзит зауыты – бұл жолғарытехнологиялы заманауи кәсіпорын, мұнда керамзитті қиыршықтас пен құм, сондай-ақ керамзит блоктар өндіруге қажеттінің бәрі бар.

2010 жылдың мамыр айында Өскемен қаласының әкімдігі «Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер» атағы үшін өткізілген қалалық конкурста ол жеңімпаз аталып, Лауреат дипломымен марапатталды. Үш айдан кейін – «Қазақстанның таңдаулы тауары» атты облыстық конкурс-көрме қорытындысы шығарылған кезде «Эгрэй» ЖШС «Өндірістік мәні бар таңдаулы тауарлар» аталымында жеңімпаз деп танылып, Шығыс Қазақстан әкімінің  дипломымен марапатталды.

В.В.Котляров мұражай-қорыққа Солжағалық кешенді абаттандыру үшін талай рет керамзит пен керамзитті қиыршықтар беріп, көмектесті.

 

56. Ұлықбек Шабданұлы Тумашинов

Тумашинов Лукбек Шабданович  фото

Ұлықбек Шабданұлы Тумашинов – «Элхон» ЖШС-тың бас директоры.

Л.Ш. Тумашинов мұражай-қорққа 15 тонна кірпіш берді.

 

 

 

57. Марк Геннадьевич Уваров

Уваров Марк Геннадьевич фото

Марк Геннадьевич Уваров - «ИЛВЭС» ЖШС директоры

1982 жылғы 10 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. Окончил Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Каскад-Н» ЖШС-те инженер-электрик, жабдықтау жөніндегі менеджер, «АВВ» ЖШС-тің аймақтық басқарушысы болып еңбек еткен.

М.Г. Уваров мұражай - қорықты дамыту үшін 100 мың теңге бөлген еді. ХХ ғасыр басындағы Михаил Шиляевтің үйі Солжағалық кешенге көшіріліп әкеліп, қалпына келтірілген болатын. Осы үйге орнату үшін Марк Геннадьевич 1 млн. теңге тұратын жабдық берді және осы жабдықты монтаждайтын жұмысшыларын жіберді.


2013 г.

 

58. Анатолий Михайлович Балушкин

Балушкин Анатолий Михайлович фото

Анатолий Михайлович Балушкин – «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы директорлары Кеңесінің төрағасы, Lada, Skoda, Chevrolet, KIA автомобильдерін құрастыруды жүзеге асыратын тұңғыш қазақстандық автоқұрастыру зауытының негізін қалаушы.

А.М. Балушкин мұражай-қорықтың дамуына демеушілік жасап, 100 мың теңге және 20 тонна металл құбырларын берді.

 

 

 

59. Денис Владимирович Веселков

Веселков Денис Владимирович фото

Денис Владимирович Веселков–«СпецСнабУК» ЖШС директоры.

Д.В. Веселков мұражай-қорыққа  құрылыс және ағаш материалдарын, лажы-бояу өнімін алу үшін 580 мың теңге сомасында қаржылай көмек көрсетті.

 

 

 

60. Владимир Павлович Мельник

Мельник Владимир Павлович фото

Владимир Павлович Мельник– жеке кәсіпкер.

Мұражай-қорыққа 100 мың теңге сомасында қаржылай көмек көрсетті.

 

 

 

61. Виктория Николаевна Печенегина

Печенегина Виктория Николаевна фото

Виктория Николаевна Печенегина– 2010 жылдан бері «СОВПЛИМ» ЖШС-інің директоры.

1981 жылғы 21 мамырда өмірге келген. 2003 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Жылу-газбен жабдықтау, желдеткіш және ауа бассейнін қорғау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірді.

«СОВПЛИМ» ЖШС 2000 жылдан бастап ауаны желдету, кондиционерлеу, жылыту және тазалау  жүйелерін жобалаумен, жеткізумен, монтаждаумен кәсіпқойлықпен шұғылдануда.

Сапалы түрде монтаждап, сервистік қызметпен қамту ісін клиенттердің талап-тілектеріне ұқыптылықпен қараумен ұштастыра отырып, шетелдік және және отандық жаңа технологияларды табысты түрде егізу - «СОВПЛИМ» компаниясының тапсырысшылармен ойдағыдай ынтымақтастықта болуының кепілі. Кәсіпорында өнеркәсіптік және тұрмыстық  климаттық техниканың ауқымды номенклатурасы бар және ол климаттық жабдықты сенімді түрде жеткізіп беретін ірі өндірушілерімен ғана ынтымақтастық орнатқан.

2011 жылы кәсіпорын «ШҚО құрылыс басқармасы» ММ-ның дипломымен «ШҚО-ның таңдаулы мамандандырылған кәсіпорны» санаты бойынша атап өтілді. 2009 жылы ШҚО әкімінің «Құрылыс саласындағы шағын бизнестің 2009 жылғы таңдаулы кәсіпкері» аталымындағы дипломмен марапатталды

«СОВПЛИМ» ЖШС жыл сайын мұражай-қорыққа материалдық демеушілік көмек көрсетіп жүр.

 

2014 г.


62. Кизекпаев Хасумбек

Кизекпаев Хасумбек фото

Кезекбаев Қасымбек – «Энергостройсервис» ЖШС кәсіпорнының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі. Мұражай-қорыққа Солжағалық кешенді абаттандыруға қажетті құрылыс материалдарын алу үшін бірнеше рет қаржылай көмек көрсетті, мұражай-қорық қызметкерінің Санкт-Петербургке жасаған іссапарын ішінара қаржыландырды.

 

 

 

63. Стихиляс Александр Юрьевич

Стихиляс Александр Юрьевич фото

Александр Юрьевич Стихиляс – «Кровельный центр» ЖШС-тің директоры.

1981 жылғы 2 қазанда  Ақмола облысының Көкшетау қаласында өмірге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің түлегі.

Фирма қызметінің негізгі бағыты -  құрылыс, төбе және қасбет материалдарын көтермелеп-бөлшектеп саудалау. Кәсіпорынның тауарайналымы өткізу нарығы ұлғаюының, жаңа жабдықтаушылар мен жеке құрылыс иелерін тарту есебінен тұрақты түрде артып келеді.

А.Ю.Стихиляс мұражай-қорықтың шаруашылық қажеттіліктері үшін құрылыс материалдарын беріп, демеушілік көмек көрсетті.


64. Сурнина Анна Федоровна

Сурнина Анна Федоровна фото

Анна Федоровна Сурнина – филологиялық ғылымдар кандидаты, доцент, коллекционер, жазушы, әрі саяхатшы.

1946 жылы Өзбек КСР-інің Ташкент қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Өскемен педагогикалық институтының тарих-филологиялық факультетін орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған. А.Ф.Сурнина 1965 жылдан бастап Өскемен пединституты-С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жұмыс істеді.

Мұражай-қорықта 2014 жылғы 27 ақпанда Анна Федоровна Сурнинаның «Матаның әсем қиығы немесе қолорамалдар туралы» атты көрмесі ашылды. Көрмеде әртүрлі елдерден  жарты ғасырдай уақыт ішінде жиналған 300-ден астам шыт, жібек, сондай-ақ синтетика қолорамалдар коллекциясы назарға ұсынылды. Бұл бұйымдар әртүрлі үлгіде және техникада: қолдан жасалған және фабрикада өндірілген. Олардың ішінде, сонымен қатар, авторлық заттар да болды

А.Ф.Сурнина қолорамалдар коллекциясын мұражай-қорыққа сыйға тартты.

 

 


65. Карима Равильевна Шевченко

Шевченко Карима Равильевна фото

Карима Равильевна Шевченко – Өскемен қаласының тумасы әрі тұрғыны, 1961 жылы дүниеге келген, татар. Орта мектеп бітіргеннен соң, 1978 жылы Тұрмыстық қызмет үйіне («Трикотаж ательесі» салоны) жұмысқа түсіп, 1988 жылға дейін сонда еңбек еткен. Қазіргі кезде немерелерінің тәрбиесімен шұғылдануда.

К.Р.Шевченко мұражай-қорық қорына татар әйелдерінің ХIХ ғасыр соңы - ХХ ғасыр басындағы костюмдерін: татар әйелдерінің сәнді бас киімі – өзен інжуімен әшекейленген, бұл орайда жәй ғана тіге салмай, кестелеудің жалғыз да ерекше түрі қолданылған, қазірде пайдаланудан қалған материалмен сәнделген барқыт калфакша-түйреуішті,сондай-ақ зермен зерленген үлкен мөлшерлі калфакты, атлас және жүн матадан тігілген екі көйлекті, жиектері оқамен әшекейленген барқыт камзолды, ХIХ ғасыр соңы - ХХ ғасыр басында түсірілген фотосуреттерді сыйлады.