Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«Бір шаңырақ астында» достық форумы 2012

Форум дружбы «Под единым шаныраком» - совместное  мероприятие музея-заповедника,  девяти Домов дружбы области, управлением внутренней политики ВКО.Форум дружбы «Под единым шаныраком» - совместное  мероприятие музея-заповедника,  девяти Домов дружбы области, управлением внутренней политики ВКО.

2012 жылғы 29 сәуірде Солжағалық кешен аумағында мұражай-қорықтың, облыстағы тоғыз Достық үйінің, ШҚО ішкі саясат басқармасының бірлескен іс-шарасы болып табылатын «Бір шаңырақ астында» атты достық форумы өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері қатысты.

Іс-шара бағдарламасына енгендер:

- ШҚО аумағында тұратын халықтардың ойындары – «Ойна қала»

- ШҚО сәндік-қолданбалы өнері шеберлерінің жасаған бұйымдары

- қала мейрамханалары ұсынған ұлттық тағамдар

Этнографиялық кешеннің «көшесі» бойындағы үйлерді тамашалаған келушілер біздің облыс халықтарының тарихымен және дәстүрлерімен танысты, халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жөніндегі викторинаға қатысты, Достық үйлерінің этномәдени бірлестіктері ұсынған ұлттық тағамнан дәм татты.

Гала-концертке Зырян, Курчатов, Семей қалаларының, Глубокое ауданының шығармашылық ұжымдары қатысты. Концерт «Өз елім» атты ауқымды вокалдық-хореографиялық композициямен ашылды. Музыка, костюмдер, әртүрлі ұлттардың тілдері тоғысқан жерде бір ұжым екінші ұжымды ауыстырып жатты. Гала-концерт концертке қатысқандардың барлығы бас қосқан «Атамекен» атты композициямен аяқталды.

«Бір шаңырақ астында» достық форумы 2012 (Фотогалерея)