Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Алтай өлкесінен келген кәсіпкерлер делегациясы мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде болды. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаМұражай-қорықтың этноауылы Алтай өлкесінен келген кәсіпкерлерге  ұмытылмастай әсер қалдырды

Шығыс Қазақстан облысына Алтай өлкесінен келген кәсіпкерлердің іскерлік сапары аясында біздің жақын көршілерімізді ШҚО мұражай-қорығының Солжағалық кешенімен  таныстырды.  Қонақтар үшін экскурсияны мұражай-қорықтың директоры Николай Зайцевтің өзі жүргізді.

Ауа-райы қолайсыздығы мен сол күнгі  тоқтаусыз жауған қарға қарамастан, қонақтар Солжағалық кешеннің көрнекті  орындарымен зор қуанышпен танысты. «Жібек жолы», «Каравелла», сондай-ақ, ескерткіштер аллеясы, әскери және басқа да экспозициялар жақсы әсер қалдырды, ал Ақ киіз үйдегі конференц-зал өзінің құпиялығымен таң қалдырды.

Делегация мүшелері Солжағалық кешеннің қысқы жолдарымен шаршамай серуендей отырып,  танысуға соңғы бір-ақ күндері қалғанына өкінумен болды: «Егер бұл жерде осындай әдемілік бар екенін білгенде күнде келетін едік» - деді. 

Алтай өлкесінен келген қонақтарға этноауыл зор әсер қалдырды. Олардың айтуы бойынша, іске асырылған осындай идеяны алғаш көрулері екен: «Қандай керемет! Бір көшені ғана жүріп өтіп, облыста  тұратын халықтар туралы білдік, олардың мәдениті қандай болғанын көрдік» - деді.  

Экскурсияға қатысушылар қоштасар алдында, мұражай-қорыққа  алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі және Өскеменде қандай тамаша орындарда болғанын міндетті түрде үйлеріне айтатындары туралы  мәлімдеді, сондай-ақ, бұл олардың мұражай-қорықтың Солжағалық кешеніндегі соңғы кездесулері емес екенін де айтты.  

Көрші мемлекет кәсіпкерлерінің біздің өлкемізге Алтай өлкесі әкімшілігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы  интеграция аясында, сондай-ақ,  ҚР мен РФ арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық пен екі жақты байланысты нығайту туралы келісімге сәйкес келгенін еске саламыз.

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі

 

 Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина