Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Сабантой -2016

Сабантуй -2016Сабантуй -2016

2016 жылғы 16 шілдеде Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорықтың Солжағалық кешең аумағында татар халқының көктемгі өріс жұмыстарының аяқталуына арналған «Сабантой-2016» жыл сайынғы халық мейрамы атап өтілді. Халық серуені Солжағалық кешеннің орталық алаңында орнатылған киіз үйдің жанында өтті.    

Келген қонақтар алдында Ресей Федерациясының Бас консулдық атташе Айрат Маратұлы Хамидуллин мырза, Қазақстандағы татарлар мен башқұрттар Республикалық қауымдастығының төрағасы Г.М. Ішмұратов мырза, татарлар этномәдени бірлестігінің төрағасы С.В. Фаизов мырза және Шығыс Қазақстан халық ассамблеясының өкілі Л.Б. Шик мырза құттықтап сөз сөйледі.

Көңілді мейрам орталық киіз үйдің жанындағы бас сахнада өтті.     

Татарлар этномәдени бірлестігінің өкілдері «Сабантойға» арналған татар халық өлеңдерін айтты, балалар татар тілінде тақпақтар оқыды.  

Сонымен қатар, татарлар диаспорасының әріптестері – неміс этномәдени бірлестігінен «Maigluckchen» - «Мамыр інжугүлдері» атты фольклорлық ансамбль және жетекшісі Л.Г. Роот құттықтап келді.     

Спорт алаңшаларында күресу, армрестлинг және гирлер спорты бойынша сайыстар өткізілді. Ересектер мен балалар көңілді сайыстарға белсене қатысты. Барлық мереке қатысушыларына татарлар этномәдени бірлестігінен сыйлықтар табысталды. «Усадьба» кафесінде қонақтар дәстүрлі татар тағамдарынан ауыз тиді.  

Сабантуй -2016Сабантуй -2016Сабантуй -2016Сабантуй -2016Сабантуй -2016Сабантуй -2016Сабантуй -2016Сабантуй -2016