Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі О.А.Демин мен оның жұбайы мұражай-қорықта және оның Солжағалық кешенінде болып қайтты. 2012

Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Алексеевич Демин жұбайымен бірге Шығыс Қазақстанға танысу сапарымен келген кезінде  этнографиялық мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов және М.Горький көшелерінде орналасқан көрме залдары мен Солжағалық этнографиялық кешенінде 2012 жылғы 13 наурызда болып қайтты.

Елшімен бірге Шығыс Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е.М.Аязбаев пен украин этномәдени бірлестігінің төрағасы А.М.Нетребич жүрді. Мұражай-қорықтың директоры Н.А.Зайцев қонақтар үшін Солжағалық кешен бойынша экскурсия өткізіп, украин қонысын көрсетті. Елші мұражай-қорық қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, украиндар бойынша қор коллекциясын толықтыру үшін жәдігерлер қалыптастыруға және жинақтауға көмек көрсетуге уәде берді. Мұражай-қорықта болғаннан кейін қонақтар Украинка селосына украин диаспорасымен кездесуге аттанды.

 

Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі О.А.Демин мен оның жұбайы үшін ШҚО шеберлерінің «Көктем лебі» көрмесі бойынша өткізілген экскурсия. 2012 жылғы 13 наурыз.

 

 

Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі О.А.Демин «Біз – Қазақстан халқымыз» атты экспозицияның («Украиндар» бөлімі) жәдігерлерін тамашалауда. 2012 жылғы 13 наурыз.

 

 

Мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағындағы серуен. 2012 жылғы 13 наурыз.

 

 

Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі О.А.Демин жұбайымен бірге «Шығыс Қазақстан қазақтарының этнографиялық мұрасы» атты экспозицияның киіз үйінде. 2012 жылғы 13 наурыз.

 

 

 

Николай Константинович Рерих пен Святослав Николаевич Рерихтің Мәскеудегі Халықаралық Н.К.Рерих орталығынан жеткізілген картиналарының «Орталық Азия соқпақтары бойынша» атты көрмесінде болуы. 2012 жылғы 13 наурыз.