Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

2011 жылғы 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мұражай-қорықтың Жамбыл атындағы саябағы аумағында Өскемен қаласының ең жас тұрғындары үшін «Құс Жолы» қайырымдылық қоры және Қазкоммерцбанк балалар алаңқайын ашты.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «20 қайырымды іс» атты банктің мерейтойлық жобасы мен банктің мерейтойына орай сыйлықтар табыс етілді.

Балалар алаңқайы құрылысының идеясын Өскемен қаласының әкімшілігі қабылдады және қолдау көрсетті.


Жобаның бюджеті 1,3 млн. аса теңгені құрады. Балалар алаңқайының құрылысына бөлінген алаңның жалпы ауданы 3 мың шаршы метрді құрайды.

Жаңа ойын кешені 13 кіші құрылыстардан: сырғанақтардан, күркелерден, әткеншек -теңгергіштен, пирамидалардан, әткеншектерден, карусельден, құм алаңынан, орындықтардан тұрады.

Балалар алаңқайын қоршауды безендіріп тұрған жарқын түсті ертегі кейіпкерлерінен оңай табуға болады.

«Жақсы салынған балалар алаңқайы балалардың әлеуметтік бейімделуіне әсер етеді. Себебі, ойын кешені әлемнің шағын моделі болып табылады, онда балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасап үйренетінін» - ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев ерекше атап өтті.

«Біз балаларға және олардың ата-аналарына біздің сыйлығымыз ұнайды деп үміттенеміз, осы балалар алаңқайында әрқашанда балалардың күлкісі естілсін» - деді Өскемен қаласындағы Қазкоммерцбанк филиалының директоры Галина Кирьянова. Қоғамға арналған пайдалы жобаларды жүзеге асыру біздің бизнесіміздің әлеуметтік жауапты принциптерінің бірі болып табылады деп есептейміз.

Биылғы жылы республикамыздың 20 қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасының 20 жылдығына және банктің мерейтойына орай Қазкоммерцбанктің ерекше сыйлықтарымен қуанышқа бөлене алады. Алғашқылардың бірі болып Петропавловск, Семей және Сәтпаев қалалары өз сыйлықтарын иеленді. Қазір Петропавловскідегі Ж.Жабаев атындағы алаңға отырғызылған шыршалы аллея мен Семей, Сәтпаев қалаларындағы «Алғашқы ұстазға» атты ерекше сәндік орындықтар қала тұрғындарын қуанышқа бөлеп отыр.

«Қазкоммерцбанк» АҚ Қазақстандағы және Орта Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады.

«Құс жолы» қайырымдылық қорын 2004 жылы Қазкоммерцбанктің топ-менеджерлері бірлескен әлеуметтік белсенділікті жүзеге асыру мақсатында құрған. Қор бюджеті таза пайдадан түскен аударымнан, сондай-ақ, банк қызметкерлері мен клиенттерінің ерікті қайырымдылықтарынан құралған. Ол Қазкоммерцбанктік филиалы арқылы республика көлеміндегі жобаларды жүзеге асырады.