Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Қазақстандағы Ғашықтар күні. 2012

Қазақстанда Ғашықтар күнін 15 сәуірге ауыстыру жөніндегі бастама Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы тарапынан қолдау тапты. Іс-шара мақсаты: қазақ ұлттық мерекелері мен дәстүрлерін көпшілікке танымал ету.

Осы бір тамаша күн қарсаңында Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды еске алу жөнінде өткізілген іс-шараны мұражай-қорық Қазақстандағы Ғашықтар күніне арнады.

Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың қайғылы махаббаты туралы аңыз былай дейді: Сарыбай мен Қарабай өздерінің әлі дүниеге келмеген балаларын алдын-ала атастырып қояды. Сарыбай аңшылық құрып жүрген кезінде қайтыс болып, ұлының өмірге келгенін көре алмай кетеді. Атастырылып қойған Қозы мен Баян бірін бірі көрмесе де, сырттай ғашық болып қалады. Уақыт өте келе Қарабай өз ойын өзгертеді. Ол отарын жұттан аман сақтап қалған Қодарға тұрмысқа қызын бермек болады. Сөйтіп Қодар ғашықтар үшін кедергіге айналады. Осындай үштік арасында Қозы бірінші болып қаза табады. Қайғылы Баян кісі өлтірушіден кек қайтармақ болып қулыққа барады – егер Қодар қайнаркөзді суы бар құдық қазып берсе оған тұрмысқа шығуға уәде етеді. Қодар іске кірісіп кетеді, Баянның шашынан ұстап алған ол барған сайын тереңдей береді. Қыз ойламаған жерден бұрымын қиып жібереді. Қодар шыңырауға құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Ал Баян болса сүйгенінің моласында өзіне өзі қанжар сұғып өледі.

Барлық халықтарда тағы бір тамаша дәстүр бар – өздерінің сүйіктілеріне сыйлық тарту ету! Мерекеде ғашықтар өз сүйіктілеріне сыйлық жасасын деп арнайы жасаған бұйымдарын сәндік-қолданбалы өнер шеберлері келушілерге ұсынды.