Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Жарқын Пасха мерекесі. 2012

15 сәуірде Жарқын Пасха мерекесіне орай мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағында «Пасхалық халықтық мейрам» өткізілді. Ертеректе Пасханың қалай мерекелегнені этнографиялық дәлдікпен көрсетілді.

Осы күні шіркеуде құлышылық етілгеннен кейін және қызыл жұмыртқа жеп ауыз ашқаннан соң жастар көктемде көшеге немесе көкке бірінші рет шығып, серуендеген. Жастардың дәстүрлі серуендеуін мұражай-қорықтың орыс этнографиясы бөлімі ұйымдастырды. Мерекеге «Бастеньки», «Прялица», «Злато», «Перезвон» фольклорық ұжымдары, сондай-ақ мерекені тамашалауға келген қалалықтар да қатысты. Жарты сағатқа таяу уақыт бойы хороводта айналып, ойындық және хороводтық әндер шырқалды, сырнай тартылды. Осы жерде дәстүрлі пасхалық ермек: еңіс астауша бойымен жұмыртқа домалату ұйымдастырылды.



Өскемен қаласындағы Құдайана Рождествосы храмының настоятелі, иерей Евгений Яганов пен «Бастеньки» фольклорық ансамблі пасхалық тропарь орындады. Бір кездері мұражай-қорықтың Зырян ауданында жазып алған көктем әнін «Прялица» ұжымы, пасхалық «волочебные» әндерін – «Бастеньки» ансамблі шырқап берді. «Крутуха» атты би әуені де орындалды.

Пасханы мерекелеуге Өскемен қаласының колөнершілері де қатысты. Қалалықтар мен облыс орталығының қонақтары шеберлердің жасаған бұйымдарын лайықты бағалады.  Мерекеде олар көптеген кәдесыйлар мен басқа да заттар сатып алды.