Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы(1943-1993). 2012

Оралхан Бөкейдің әдеби-мемориалдық бөлмесінен көрініс«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында тұрақты істейтін «Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы» әдеби-мемориалдық экспозициясы өз жұмысын жалғастыруда. Ол Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы Мұражай-үйінің үлгісінде жабдықталған. Павильон 2006 жылы ашылған. Экспозиция жыл сайын  жазушы кабинетінің жабдықталуын  бейнелейтін жаңа экспонаттармен толықтырылуда.

2012 жылы әдеби-мемориалдық кабинет мұражай-қорықтың қор коллекцияларының бұйымдарымен толықтырылды. Олар:

- Абайдың портреті салынған кәдесый тәрелке, 1995 жылы  қазақ әдебиетінің ұлы классигінің мерейтойына орай Кемеров облысының Прокопьевский заводында дайындалған.

- Сырмақ, алаша, телевизор Оралхан Бөкейдің айналасында болған заттар мен бұйымдардың тұпнұсқасы сияқты.

Сондай-ақ, шыңғыстайлық тұпнұсқа негізінде мұражай-қорықтың суретші-реставраторы, пейзажшы  Чалабаев Тимур Ильясович жасаған бұйымдар:

-          Картина «Аягөз ауданындағы Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарының көрінісі»;

-          Мүсінше «Тиін».

Экспозицияның Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған бөлімінде жазушының шығармалары мен ол туралы әдебиеттер қойылған.

Көрме 2010 жылдың маусым-қазан айларында жұмыс істейді.

Тапсырыстар қабылданатын телефондар: 26-82-97, 26-85-29.