Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Ғасырлар қойнауынан. Көне түркілердің мифологиялық әліппесі (қазақ тілін үйренушілерге көмек). 2012

2012 жылы 22 тамызда мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағындағы «Ертегілер елі» атты  Балалардың көрмелік-ойын кешенінде «Ғасырлар қойнауынан. Көне түркілердің мифологиялық әліппесі (қазақ тілін үйренушілерге көмек)» танымдық көрмесі ашылды.

Мифология жеке халықтардың тарихын зерттеуге арналған бірден-бір өнердің түрі болып табылады, өйткені мифтерде өткен оқиғалар көрініс тапқан.

Мифологиялық бейнелеулер біздің қазіргі заманғы өмірімізде туған тіліміздің арқасында әдет-ғұрыптар мен салт-саналар түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мақалдар мен мәтелдер арқылы қолданылып келеді.      Көптеген сөздер мен бейнелі түсініктер бізге ерте заманғы тарихымыз мен мифологиялық өткенімізден жетіп, тілімізде көрініс тапқан, біз оларды ертеректегі мазмұнына қарамастан күнделікті өмірде  қолданып жүрміз.

Барлық түркі халықтары сияқты, қазақтар да ғылымда орхон-енисей ретінде белгілі руникалық жазудың мұрагерлері болып табылады. Руна әліпбиі 24 әріптен және сөз жігін ашатын белгіден тұрған.

Содан кейін араб-мұсылман ықпалымен Қазақстан аумағында араб жазуы қолданыла бастады. 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасы қолданылды.

Қазіргі қазақ тілі 1940 жылдан бастап кириллицалық жазу жүйесін қолданып келеді. Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар.

Бұл көрме – қазақ тілін үйрене бастағандар үшін қазақ мифтері,  қазақ мәдениеті негізінде ұсынылып отырған бірден-бір құрал болып табылады.  Онда қазақ әліпбиі, қазақ халқының таным-түсінігі, қазақтың мифологиялық бейнелері ұсынылады.

Мифологиялық бейнелер, мәтіндер 2х1,8 м өлшемімен 36 банерге орналастырылған.  Көрменің атауы мен аннотациясы қазақ және орыс тілдерінде екі банерге орналастырылған.