Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы орыс шаруалары-ескідәстүршілдерінің белбеулеріев конца XIX-начала XX века. 2012

Мини-выставка старообрядческих поясовУченики  школы  № 21

2012 жылғы 19 қарашада Өскемен қаласындағы № 21 мамандандырылған мектепте мұражай-қорық «ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басындағы орыс шаруалары-ескідәстүршілдерінің белбеулері» атты лекция-көрме өткізді. Бұл іс-шараны орыс этнографиясы бөлімінің қызметкері М.В.Бурковская ұйымдастырды.

Лекция-көрмеде мұражай-қорықтағы ескідәстүршілдік белбеулер коллекциясы туралы, олардың кімнің иелігінде болғандығы жайында, белбеулердің мәні, олардың бір-бірінен несімен ерекшеленетіні және қалай аталатындары туралы әңгімеленді. Мұражай-қорық қызметкері мектеп оқушыларына, сондай-ақ мұғалімдерге де ескідәстүршілдердің фотосуреттері бар слайд-шоу көрсетті. Осыдан кейін белбеулердің бұрын қалай байланғанын көрсетіп, ал балалар фильмнің көмегімен белбеу тоқу тәсілдерімен танысты.

Лекцияны бесінші, алтыншы және жетінші сынып оқушылары тыңдады. Бұл іс-шара оқушылардың көне заттарға деген қызығушылығын туғызғаны сөзсіз, өйткені балалар оларды алғашқы рет көрген болатын.

Показ  слайд-шоу Демонстрация  подвязывания  пояса Ученики  школы  № 21Кадры из фильма «Ткачество на ниту»Фотография на память