Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Мұражай-қорықтың мәдени сенбілігі. 2012

Культурнsq субботникКультурнsq субботникШҚО мәдениет басқармасы бастап, ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтың қолдауымен өткізілетін «Мәдени сенбілік» және әлеуметтік серіктестік аясында мұражай-қорық қызметкерлері 2012 жылғы 27 қарашада облыс денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығында іс-шаралар өткізді. Оған бұқаралық ақпарат құралдары: «Рудный Алтай», «Өскемен» газеттерінің, «Астана», «Қазақстан-Өскемен», «31 арна», «Хабар» телеарналарының тілшілері шақырылды.

Бұл іс-шара осында облыстың әр аудандарынан емделіп жатқан 30 балаға арналып өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырып, өткізу үшін жауаптылар мен оған атсалысқандар: ШҚО Ана мен бала орталығының қызметкері Г.Қ.Келгенбаева, облыстық мұражай-қорықтың ғылыми-ағарту және көпшілік жұмыс бөлімінің қызметкері Ш.М.Кәрібаева.

Культурнsq субботникКультурнsq субботник

Іс-шара барысында өткізілгендер:

- Балаларға арналған «Ана жақта, белгісіз жолдарда...» атты танымдық ойын бағдарламасы (М.В.Борисенко, А.М.Нұрмұхамбетова, Г.Н.Выходцева);

- Сәндік-қолданбалы өнер шебері Светлана Афанасьевна Гусеваның еңбектерімен таныстыру (Е.И.Паутова);

- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесінің қарсаңында ҚР Президенті Н.Назарбаевқа балалардың құттықтаулары мен ізгі тілектері;

- Мұражай-қорық қызметкерлерінің балаларға сыйлықтар тапсыруы.

Бөлім қызметкерлері балаларға ұмытылмас керемет әсер сыйлап, оларды ҚР Тұңғыш Президенті Күні мерекесімен құттықтады.


Культурнsq субботникКультурнsq субботникКультурнsq субботникКультурнsq субботник