Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

2013 жылдың 27 сәуірінде партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына 95 жыл толуына орай облыста мерекелік іс-шаралар өткізілді. 2013

Қасым Қайсенов (1918-2006). Өмірі мен шығармашылығы (мұражай-қорық қорынан) атты жылжымалы көрмеден көрінісҚасым Қайсенов кентінің тұрғындарына жазушы туралу лекция оқу сәтінен көрініс

Ұлан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Б.Т.Шакеровтің шақыруымен іс-шараға мұражай-қорықтың сирек кітаптар мен икон жазу бөлімінің қызметкері Кашаку Гүлжан «Қасым Қайсенов (1918-2006). Өмірі мен шығармашылығы (Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының қорынан) атты жылжымалы көрмесімен қатысты.

Жылжымалы көрмеде көрсетілген жәдігерлердің көпшілігі  2005 жылы мұражай-қорық қызметкерлерінің Алматы қаласына барған жазғы экспедициясы барысында Қасым Қайсеновтің мұражай-қорыққа жасаған тартуларынан тұрады. Отставкадағы полковник Қ.Қайсеновтің салтанатты әскери киімін мұражай-қорыққа Тұңғыш Президенттің Мұражайы берген.

Жазушының қолтаңбасы бар кітаптар, мемориалдық заттар, Қ.Қайсеновтің портреттері, олардың ішінде біреуін 2000-2006 жылдары аралығында  жеке хатшысы болған Еркін Нұразхан салған, сондай-ақ Қасым Қайсеновтің 2006 жылдың 9 мамырында мұражай-қорықтың «Жастар» этносаябағындағы қазақ жазушылары павильонында ашылған «Атамекенім» экспозициясының ашылуына келгенінде түсірілген фотосуреттері келушілердің қызығушылығын туғызды.

Кент тұрғындары мен қонақтары мұражай-қорық көрмесі бойынша оқылған экскурсияны ықыласпен тындады.

Қасым Қайсенов кентінің тұрғындарына жазушы туралу лекция оқу сәтінен көрінісҚасым Қайсенов кентінің тұрғындарына жазушы туралу лекция оқу сәтінен көрінісҚасым Қайсенов кентінің тұрғындарына жазушы туралу лекция оқу сәтінен көрінісҚасым Қайсенов кентінің тұрғындарына жазушы туралу лекция оқу сәтінен көрінісҰлан аудандық әжелер ансамблінің мүшелері көрмені тамашалаудаОблыс әкімі мен қонақтары Қасым Қайсеновтің 95 жылдығына арналған  көрмеде