Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Мәдени сенбілік, 2013 жылғы 9 маусым

2013 жылғы 9 маусымда  «Үлбі» халықты әлеуметтік қызметпен қамту орталығында халықтар мен азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің қызметкерлері мәдени қайырымдылық іс-шаралар аясында «ШҚО халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» атты қайырымдылық жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеде мұражай-қорық қорындағы 30 жәдігер назарға ұсынылды. Олардың ішінде: Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың материалдық және рухани мәдениетін паш ететін ұлттық киімдер, дәстүрлі бас киімдер мен басқа жәдігерлер болды. «Үлбі» халықты әлеуметтік қызметпен қамту орталығынан көрмені көруге келген балалардың назарына ерекше іліккен сәнді ұлттық киімдер мыналар болды: корей ханбокы, ортаазиялық шапандар, кестелі тақиялар, кавказдықтардың папахасымен қоса берілген буркасы.