Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Мұражай-қорық директоры Н.А.Зайцевтің есеп беруі, 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

2014 жылғы 20 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және  табиғи-ландшафттық мұражай-қорығында мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцев 2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді.

Директор өзінің жасаған баяндамасында мұражай-қорықтың 2013 жылы облыстық мәдениет басқармасы бекіткен жоспары негізінде жұмыс істегенін атап өтті, қаржыландыру және материалдық база жағдайындағы қолда бар ресурстар мен қорлар пайдаланылды.

Мұражай-қорық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған жоспарына сәйкес 2013 жылы  халыққа көрсетілетін қызметтердің көлемі ұлғайды.

2013 жылы мұражай-қорыққа 257 948 адам келді,  мұның өзі жылдық жұмыс жоспарының 141,7 % орындалғанын білдіреді.

1 022 лекция оқылды – 118,6 %

9371 экскурсия (134,5 %), 360 іс-шара (163,6 %) өткізілді

124 көрме (238,5 %) безендірілді

2014 жылдың 1қаңтарына қарағанда мұражай-қорықтың қорын - 61 250 бірлік сақталым құрады.

2013 жылы мұражай-қорықтың қорына - 1 786 бұйым түсті

2014 жылдың 1қаңтарына қарағанда -  10 027 бірлік цифрлендірілді.

12 кітап, тізімдеме, альбом, жолбасшы, бүктеме, кітапша шығарылды, 41 ғылыми және ғылыми-көпшілік мақала жарияланды

2013 жылы мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінде «Жібек жолы» саябағы ашылды, оған енетіндер:

- Сәулеттік-көркемдік бейнелер:  «Хан сарайы» (Қазақстан), «Раджа сарайы» (Үндістан), «Әмір сарайы» (Орта Азия), «Император сарайы» (Қытай)

- «Каравелла» көрме орталығы

- Лабиринт

- Сарқырамалар каскады

2013 жылы «Көгілдір көлдер» жағажайын абаттандыру аяқталды, Солжағалық кешеннің ескі кіру тобы алып тасталып, жаңасы (мешіт жанында) салынды,  шешен мұнарасы жөндеуден өткізілді.

Мыналар салынды:

- жылқы мен есектерге арналған 2 қысқы вольер;

- құстарға (күйкентай мен күркетауықтар) арналған екі вольер.

Аюларға арналған вольер (102 шаршы м.), тұяқты жануарларға және қасқырларға арналған екі вольер (400 кв.м.) бетондалды;

Аюларға арналған вольердің кәріздік жүйесі жөндеуден өткізілді.

Жамбыл атындағы саябақтың аумағына кеспетас төселді.

Есеп беру жиналысында мұражай-қорық директоры қызметкерлерге мына аталымдарда дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырды:

- Өз бөлімшесін біліктілікпен және жемісті басқарғаны үшін:

А.А. Яковлевке – орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі; А.Х. Кенжиноваға – күндізгі күзет секторының меңгерушісі; Ю.М. Ачинянцқа – әскери-патриоттық тәрбие секторының меңгерушісі

- Мұражай-қорықты дамыту ісіне адалдығы және айтарлықтай қосқан үлесі үшін:

Л.И. Елизароваға – орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері; П.Н. Сушкоға – сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің аға ғылыми қызметкері; Е.М. Елемисоваға – ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

- Мұражай-қорық жұмысындағы жоғары көрсеткіштері үшін:

Ю. Павленкоға – экспозициялық-көрме жұмысы секторының меңгерушісі

- Өз ісіндегі мінсіз қызметі және жоғары жетістігі үшін:

Т.В. Давыдоваға – ботаникалық бақ және дендробақ бөлімі секторының меңгерушісі

- меценаттармен белсенді және тиімді  жүргізген жұмысы үшін:

Г.Ж. Жүнісоваға – мемлекеттік сатып алу бөлімінің менеджері

- Солжағалық кешеннің жаңа алаңдарын игеруге шығармашылық қырынан келгені және нәтижелі еңбегі үшін:

А. Бочаговқа – ботаникалық бақ және дендробақ бөлімінің меңгерушісі

- Жарқын шығармашылығы және алға қойылған міндеттерді жүзеге асырғаны үшін:

А.И. Коробковқа – ботаникалық бақты көркем безендіру бөлімінің меңгерушісі

- Мұражай-қорықтың техникалық міндеттерін шешудегі нақтылығы, орындаушылығы үшін:

В.Л. Ошкаловқа – мұражай қорын қалпына келтіру бөлімінің меңгерушісі; О.В. Жарликовқа –шаруашылық бөлімі секторының меңгерушісі

 

Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина