Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Қазақстандағы ғашықтар күніне орай. 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаАтаулы күн – Қазақстандағы ғашықтар күніне (Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды еске алу күні) арналған махаббат туралы әндердің «Махаббат жыры» атты І студенттік фестивалі мен «Сүйіктілер үшін сыйлықтар» көрме-жәрмеңкесі.

2014 жылғы 13 сәуірде Қазақстандағы ғашықтар күні қарсаңында мұражай-қорықтың «Жастар» этнобағында махаббат туралы әндер, күйлер, халық музыкасы  қалықтады. Саябақтың орталық көшесі бойына орналасқан сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз бұйымдарының көрме-жәрмеңкесін осы ғашықтар күніне орайластырған болатын. Бұл іс-шара, жастар арасында кейіннен өріс ала бастаған әулие Валентин күні дегеннің орнына ұлттық қайнаркөзге үңіле отырып, балама табу үшін жасалған талпыныстың нәтижесі.

Көрме-жәрмеңкеде шеберлердің өз қолдарынан шыққан, сондықтан олардың қолдарының жылуын, жүректерінің жалынын сақтап қалған бұйымдардың сүйіктілер үшін тамаша сыйлық болып табылары сөзсіз. Іс-шараны жүргізушілер баршаны жәрмеңкені көріп,  сыйлықтар сатып алуға шақырды.

Мұражай-қорық пен Өскемен қаласының жастар орталығы ұйымдастырған «Махаббат жыры» атты ғашықтық туралы әндердің Бірінші студенттік фестивалі осы кезде басталып та кетті. Фестивальге  Өскеменнің ЖОО-лары мен колледждерінің:  Қазақстан-Америка еркін университетінің, экономика және қаржы  колледжінің, политехникалық колледждің және басқалардың студенттері қатысты.

Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина