Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының 2015 жылғы 7 наурыздағы Акциясы. 2015

Мұражай-қорықтың Қасым Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимараты - № 1корпуста сенбі күні - 2015 жылғы 7 наурызда «Ашық мұражайлар» іс-шарасы аясында «Бірлігіміз жарасқан» акциясы өткізілді. Мұражай-қорық қызметкерлері Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз қарсаңында Өскемен қаласының әйелдері үшін мына көрмелерге тегін кіруді ұйымдастырды:

 

-    «Көктемгі калейдоскоп» (Шығыс Қазақстандағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көктемгі дәстүрлі көрмесі мұражай қорынан және жеке коллекциялардан ұйымдастырылған); - «Біз - Қазақстан халқымыз»

(Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың материалдық және рухани мәдениеті жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін экспозициялар бойынша экскурсиялар)

-    Мына көрме залдары бойынша экскурсиялар:

-    «Оңтүстік және оңтүстік-батыс Алтайдағы орыс шаруаларының мәдениеті мен тұрмысы»;

-    «Шаруа тұрмысының эстетикасы»;                                                                                             -    «Ескідәстүршілдердің материалдық және рухани  мәдениеті»;                                                                             -    «ВКО сәндік-қолданбалы өнері (мұражай-қорық қорының коллекцияларынан);                                                                                                                                     -    Экспозиция: «Біз - Қазақстан халқымыз. Поволжье және славян халықтары» (белорустар, марилер, чуваштар, татарлар, мордвалар, немістер, украиндар,  поляктар);

-    Экспозиция: «Біз - Қазақстан халқымыз. Кавказ бен Орта Азия халықтары» (қырғыздар, шешендер, армяндар, әзірбайжандар, түркімендер, тәжіктер, өзбектер);

-    Экспозиция: «Біз - Қазақстан халқымыз. Корея мен Қытай халықтары».

(Мұражайдағы акция сағат 9.30-дан 14.00-ге дейін өткізілді)