Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Өткен және жақын уақыттарға саяхат. 2015

ШҚО мұражай-қорығында ешқандай уақыт машинасыз жәдігерлермен өткен және жақын уақыттарға экскурсия жасауға болатын көрмелердің тұтас сериясы жұмыс істейді.


ШҚО халықтарының материалдық және рухани мәдениеті туралы сыр шертетін «Біз – Қазақстан халқымыз»  атты экспозицияны ең көлемді және көп жоспарлы деп атауға болады, ол XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысын қамтиды.  Біздің ата-бабаларымыздың этнографиялық мұраларынан   тұрмыстық бұйымдары, ұлттық киімдері, үй жиһаздары, негізгі кәсіптік бұйымдары және өндіріс құралдары ұсынылған.

Ата-бабаларымыз қандай үйде тұрды, қалай киінді және немен айналысқанын көрменің мына бөлімдерімен таныса отырып, көруге болады: «кілемтоқу», «былғары өндірісі», «ағаш өңдеу», «зергерлік өнері», «кесте», «көшпелі мал шаруашылығы» және т.б. 

Ол кезде де адамдар талғамға сай киінуді, әдемі әшекейлерді жасауды және өз үйлерін  жайлы жабдықтауды білген.  Сүлгілер мен дастархандар,  жерге төсейтін төсеніштер, тоқыма станоктары,  ұршықтар, тоз қораптар, саздан және мыстан жасалған ыдыстар, ат әбзелдері, аңшылық құралдары – осы    этнографиялық  бөлімнің бәрі бірлесіп,  біздің аймақта ежелден тұратын халықтардың бірегейлігі мен  сонылығын тамашалауға  мүмкіндік береді.  Мысалы: күміспен жозыланған көзқалқаны – томаға (ауқатты аңшы болғанын көруге болады),  мүйізден және былғарыдан жасалған  дәрі сауыт пен салпыншақтары бар былғары белдік сияқты  бүркітшінің   жабдықтары ер адамдарды бей-жай қалдырмайды.