Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Менің Президентім. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты кеш. 2015

В рамках празднования Дня первого Президента РК

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында ШҚО мұражай-қорығының ақпараттық-білім бөлімінің қызметкерлері  «Менің Президентім. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алты кеш» атты виртуалды экскурсиялар топтамасын дайындады.  

-         Бағдарлама біздің эксклюзивті әзірлемеміз болып табылады.Экскурсия барысында келушілер ұлт көшбасшысының балалық шағы мен жастық шағынан, оның еңбек жолынан көптеген қызықты мәліметтерді біле алады, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік қызметі туралы әңгімелеп береді, сондай-ақ,   Астанаға көшіру туралы шешімді қабылдау неге қажет болғаны туралы түсіндіреді және біздің еліміздің болашағы туралы армандарымен бөліседі – деді бөлім меңгерушісі Шынар Кәрібаева.      

Сонымен қатар, төменгі және ортаңғы сынып оқушыларын «Астана – болашақтың қаласы» атты қызықты викторина күтеді.  Головков көшесі, 29 мекенжайында өтетін іс-шара туралы нақты мәліметтер мен өткізу уақытын мына телефон бойынша білуге болады:   8705148 99 76.

 

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі