Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Аяз ата мен балалардың жаңажылдық қызықты оқиғалары. 2015

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 Қазір мұражай-қорықта төменгі сынып оқушыларына арналған жаңажылдық көңілді ертеңгіліктер өтуде. Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратта бұл уақытта қызған аншлаг. Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қала мектептерінің оқушылары үшін өздері ертегі кейіпкерлері болатын қызықты ойындар дайындады.

 Сценарий бойынша айлакер Жалмауыз кемпір, Орман перісі және Мысықпен  бірге жаңажылдық мерекенің өтуіне кедергі жасау үшін  Аяз атаның таяғын ұрлап кетеді. Балалар Қаршақызбен бірге оны тез арада іздеулері керек болады. Бұл жолда олар көптеген оқиғаларға тап болады, Жалмауыз кемпір бірнеше рет балаларды алдап кетуге әрекеттеніп, сиқырлы таяқты біресе гүлмен, біресе шыбықпен ауыстырып қояды. Бірақ  ол әрекетінен ештеңе шықпайды.

Таяқты табады, ал Аяз ата  салтанатты түрде керемет жарық шашатын әшекейленген шыршаны жағады. Осы кезде Жалмауыз кемпір қатты ұялып, енді ондай жаман әрекетке бармаймын деп уәде беріп, балалармен бірге хоровод айтуға рұқсат сұрайды.        

Балалар Аяз атаға тақпақтар оқып берді, әндер айтты, жұмбақтар шешті, тәтті сыйлықтар алды.  Ал соңында барлығын сыйлықтар күтіп тұрды. 

 Біздің ертеңгіліктер әр сыныпқа жеке өткізілетіндігімен ерекшеленеді. Сондықтан Аяз атаның, Қаршақыздың және жаңажылдық ертегі кейіпкерлерінің назарынан ешкім де тыс қалмайды.   Әр бала өзіне ұнаған ертегі кейіпкерімен тікелей сөйлесе алады. Осы жылы бізде №№ 24, 10, 12, 5, 34 және 17 мектептердің оқушылары болды – деді мұражай-қорық бөлімінің қызметкері Марина Борисенко.

Ертеңгіліктер 2015 жылғы 30 желтоқсанға дейін жалғасады.  Қош келдіңіздер!

Ақпаратты мына телефон бойынша  анықтауға болады: 26-67-59.   

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі

 

Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина