Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Мұражай-қорықтың зообағында нағыз «бэби-бум». 2016

Фото к статье "В зоопарке музея-заповедника настоящий «бэби-бум». 2015"Фото к статье "В зоопарке музея-заповедника настоящий «бэби-бум». 2015"

Өткен жыл облыстық мұражай-қорық үшін төлге бай жыл болды. Жабайы аңдар, әсіресе жыртқыштар қамауда ұстаған кезде онша көбеймейді. Олардың төлдеуінің өзі зообақ қызметкерлерінің кәсіптік жұмысы мен жақсы қарауының көрсеткіші болып табылады.

Ізгі дәстүрдің бастамасына Даша мен Саша деген қоңыр аюлар себепкер болды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында екі қонжық жасқа толды. Барлық өлшемдері бойынша олар әлі бала болғандықтан күндерін ойын ойнаумен өткізеді. Қонжықтардың көңіл көтерулерін балалар мен ересектер қызыға тамашалайды.

Өткен жылы төл қорбаңбайларда ғана пайда болған жоқ, сондықтан ШҚО мұражай-қорығының зообағы үшін 2015-ті «бэби-бум» деп атауға болады.

– Мамыр айында ұрғашы қасқыр бөлтіріктер әкелсе, тауешкі лақтады. Барлығы дін аман, – деп хабарлады ШҚО мұражай-қорығының фауна бөлімінің бастығы Зайнитдин Шамшиев.

Халықта отүйрек деп аталатын қызыл үйректер де балапан басар еді. Барлығын салпаң құлақ қырғауыл бұзды. Оны тәртібі дұрыс болмаған соң, үйректермен бірге қамаған, өйткені ол өзінің тұқымдастарына үнемі ұрынып, жастауларын аяусыз қуған. Үйректермен бірге торлы қорада тұрған кезде «әлімжеттік» тоқтатылды. 

Бірде кәрі бұзақы, яғни 7 жасар, салиқалы жастағы қырғауыл жоғалып кетті. Торда тесік те, ін де жоқ, қайда кетуі мүмкін? Бастық жұмысшыларға «Дұрыс қарамадыңдар!» деп ұрыса бастады.

Жоғары қарап қалған кезінде, естен кетпестей оқиғаға душар болды.

– Бұрын бұл торлы қорада құтандар тұрған. Олар табиғатта көбінесе ұяларын ағашқа, биікте басады, біз оларды ағаш діңгекпен ауыстырдық. Бірақ сосын құтандарды жаңа торлы қораға ауыстырып, бұл жерге отүйректерді көшірдік. Құтандардың ұясы үйректерге ұнады. Байқағанымыздай, ұя тек оларға ғана ұнап қалмаған. Мен жоғарыдағы ағашқа қараған кезімде, құтанның ұясындағы үйректердің жұмыртқасында біздің жоғалтып жүрген қырғауылымыздың отырғанын көрдім! – деді З. Шамшиев.

«Бұзақы» қырғауылды ұядан түсірдік. Бірақ, осыдан кейін үйректер оны тастап кетті. Осылайша, қырғауыл отүйректерді болашақ балапандарынан айырды. Бір қызығы, қырғауылдар басқан жұмыртқаларды осы оқиғаның қанатты кейіпкері тұмсығымен шұқып тастаған. Бәлкім, оның әкелік сезімі оянған шығар? 

 

ШҚО мұражай-қорығының баспасөз қызметі