Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Жануарлар ойдағыдай қыстауда. 2016

Зимовка зверей проходит нормальноЗимовка зверей проходит нормальноХайуанаттар бағын мекендейтіндер үшін ШҚО мұражай-қорығында суық кезеңде барлық жағдай жасалған. Бұған аңдардың сыртқы жақсы тұрпаттары, белсенділігі куә, ал жыртқыштардың қалың да жылтыраған «тоны» қыс кезіндегі  күңгірт  күн сәулесінің өзінде жалтылдап тұрады екен. Сондықтан да зообақ Өскемен қаласы мен ШҚО тұрғындарының жиі баратын жерлерінің бірі болып табылады. Шындығында, бұдан басқа қай жерде түз  хайуандары: әдемі бұланды, сымбатты сілеусінді, алып қабанды немесе американ тау арыстаны – пуманы тірідей көре аласыз.

Зимовка зверей проходит нормальноЗимовка зверей проходит нормально

Азықтанатын уақыт жеткенде аңдар белсенділік танытып, алаңдары биыл айтарлықтай кеңейтілген вольерлерге «серуендеуге» шығады, мұнда олар «алаңсыз сейілдеп» жүреді. Ойнақтап жүрген екі үлкен қабан өздерінің кішкентай көздерімен келушілерге қулана қарайтын сияқты. Мұражай-қорықтың зообағында олардың үлкен болып өскендігі сондай, тіпті көпті көрген аңшылардың өздері таң қалады. Артқы аяқтарына тік тұрғанда бойы 2,5 метрге жететін Саша аю көңілденіп жүрген кім дегендей оларға қарап қояды.

Сымбатты пумаға қарағанда алып аю іс жүзінде вегетарианшыл болып табылады. Көккөзді жирен аң, өзінің сүйкімділігіне қарамастан қаны тамып тұрған етті артық көреді. Пума ең қатал жыртқыштар қатарына жатады, сондықтан оны азықтандырған кезде барынша қауіпсіздік техникасын сақтау қажет. Ең алдымен аңды вольердің бір бөлігіне қамап барып, оған азық кіргізеді.

- Айта кету керек, бұл пума 2,5 жаста,  жетілген еркек аң.  Оған жұп табудың өзі әзірше проблема болып тұр, - дейді ШҚО мұражай-қорығы фауна бөлімінің меңгерушісі Зәйнитдин Шәмшиев. - Пуманы біздің қаламызда гасрольде болған цирктердің бірі осыдан екі жыл бұрын сыйлаған болатын. Олар оған жұп тауып беруге көмектесеміз деп сөз берген еді. Бірақ соңынан қазіргі кезде мұндай мүмкіндік жоқ, деп хат жазыпты.

 Зимовка зверей проходит нормальноҚыстамаға дайындық туралы әңгіме қозғай жүріп Зәйнитдин Шарифитдинұлы  күз соңында салынған азық кухнясын көрсетті. Аңдарға арналған азық блогында тазалық айрықша сақталған, тұғырдағы шелектердегі тауықтардың ішек-қарындарынан пісірілген быламық суытуға қойылған, тағы бір ыдыстардағы тоңазыған ет ерітілуде, тақтайшаларда туралған көкөністер.Тоңазытқыштың іші аңдарға арналған мәзір бойынша азық әзірлейтін өнімдерге толып тұр.

-  Электр қуаты болмай қалған жағдайда азық кухнясында,  пеш бар, қалай болғанда да жануарлар азықсыз қалмайды. Биыл біз, сондай-ақ  өзімізде суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесін жүргіздік, - деді фауна бөлімінің меңгерушісі.

Мұражай-қорықтың зообағы қысқа жан-жақты дайындалған. 50-ге жуық ашатұяқты және мүйізді мекендеушілер үшін жеткілікті түрде шөп дайындалыпты, соның ішінде жұғымды жоңышқа, сондай-ақ сұлы да бар. Әртүрлі жастағы 8 аюдың ішіп-жеміне быламық, көкөністер, алма енгізілген, ал қанаттылар болса жармалармен және басқа да қажетті азықпен қамтамасыз етілген. Барлық жануарларға тұрақты түрде дәрумендер беріліп тұрады.

Құстар үшін жылы қыстамалар қарастырылған, оларға оңтүстік өлкелерді мекендеушілер күз кезінде-ақ кіріп алыпты. Ал аққулар, қаздар мен түйеқұстар қарда маң-маң басып жүре береді.

Ұлан ауданындағы «Дружба» шаруа қожалығына алғыс айтқым келеді: олар зообақты жануарлардың астына төсейтін сабанмен ақысыз қамтамасыз етіп жүр, тағы да «Эмиль» ЖШС туралы айта кеткен жөн. Бұл серіктестік 15 жыл қатарынан бізді өндірістік азықтық қалдықпен тегін қамтамасыз етуде. Және де барлық қалалықтарға рахмет, олар бізбен саяжайлары мен огородтарынан жинап алған өнімдерімен бөлісіп жүреді. Мұның өзі азықтық рационды түрлендіріп, дәмді етуге көмектеседі! Біздің аңдарымыз «тәбеттеріне» ренжіп көрген жоқ!- деп атап өтті З.Ш