Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«Нұрлы Бастау» ҚҚ волонтерлері ШҚО музей-қорығында 200-ден астам самырсын, қарағай мен қайың көшеттерін отырғызды. 2016

Мероприятие прошло в рамках республиканской акции «Посади дерево»Мероприятие прошло в рамках республиканской акции «Посади дерево»

Іс-шара республикалық «Ағаш отырғыз» акциясы аясында өтті, акцияны Өскемен қаласында  «Нұрлы Бастау» ҚҚ мен облыстық музей-қорық ұйымдастырған болатын. Волонтерлермен бірге олардың отбасыларының мүшелері де келіпті, барлығы 130-ға таяу адам қатысты.

– Біздің қоғамдық қайырымдылық қор ағаш отырғызу жөніндегі акцияны үшінші мәрте өткізуде.  2014 жылы біз музей-қорық директоры Николай Зайцевке осы бастамамен келіп, одан қолдау таптық. Өткен жылдары егу материалын өз есебімізден сатып алатынбыз, ал биыл оны музей берді, – деді «Нұрлы Бастау» ҚҚ директоры Сымбат Зейнел.

Мероприятие прошло в рамках республиканской акции «Посади дерево»

-         Акцияны ұйымдастырушыларға көшеттер мәселесінің түйінін шешуге облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу бақармасы көмектескен болатын,- деп түсіндірді өз кезегінде музей-қорықтың  экологиялық ағарту бөлімінің меңгерушісі Ришат Адамов. «Бізге оларды ақысыз берді», – деп атап өтті ол.

Биыл көрмелік Үлкен павильон  мен әскери кешен аралығындағы учаске жаңа тоғай өсіру алаңына айналды. Аумақты алдын-ала белгілеу, қажетті мүкәммал мен суы бар цистерна дайындау ісімен Солжағалық кешен қызметкерлері шұғылданды. Акция басталар алдында Ришат Адамов пен музей-қорықтың ботаникалық бақ бөлімінің меңгерушісі Александр Бочагов оған қатысушыларды қажетті нұсқаулықпен таныстырды.

 200-ден астам самырсын, қарағай мен қайың  көшеттерін отырғызу шаруасын отбасылық экологиялық «десант»  бір сағаттың ішінде бітіріп тастады. Волонтерлердің айтуынша, олар музей-қорықты кездейсоқ таңдамаған, өйткені мұнда көшеттер жақсы күтімде болады, сондықтан олардың еңбегі еш кетпейтіні анық.

Біздің отбасымыз акцияға бірінші рет қатысып жүрген жоқ және де зор ризашылықпен атсалысамыз! Біз саябағымыздың да, қаламыздың да көркем әрі көгалды болғанын қалаймыз! – деді 12 және 7 жасар ұлдарымен болашақ қайыңдарды ептілікпен отырғызып жүрген Нұрболат Беженхан. 

 Айнұр Ахметсақидің  отбасы да толық құрамда екен: ол күйеуін, екі баласын және атасын ерте келіпті.  «Маған бұл жерге отбасыммен келген ұнайды. Бәріміз бірге игі іс атқарамыз, ал содан кейін осындай ғажап жерде демалып қайтамыз!»,- деді ол

 

Музей-қорықтың баспасөз- қызметі