• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары жаңалықтары ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АЭС-індегі АПАТТЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ. 2016

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АЭС-індегі АПАТТЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ. 2016

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

Акцияны Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері ШҚО Кеңесінің қатысуымен музей-қорық ұйымдастырды.

ЧАЭС-тегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қайтыс болған жоюшылардың туыстары және жәй ғана қалалықтар 1986 жылғы сәуірдегі қайғылы оқиғаны еске алу үшін акцияға жиналды.

ШҚО музей-қорығы әскери экспозициясының плацындағы акцияның ашылуында Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері ШҚО Кеңесінің Өскемен қаласы бойынша бастамашыл тобының өкілі Андрей Смолин сөз сөйледі, ол қайғылы оқиғасымен әйгілі болған атом станциясында екі мәрте, 1986 және 1987 жылдары жоюшылық жұмыстарға қатысқан.

-  Жас ұрпақ меннен «Чернобыльдегі жұмыс деген не?» деп сұрағанда мен «Радиация аясындағы жұмыс» деп жауап беремін. Медициалық норма бойынша қатардағы адамға 20 рентгеннің өзі-ақ жетіп жатыр деп саналады. Әр жоюшыға, іс жүзінде қаншадан келгенін ешкім білмейді. Дегенмен 200 рентгенге есептелген армиялық дозиметрлердің өзі шалықтап кететін. Тіпті электроника істен шығып қалатын.Орынжайлардың ішіндегі барлық жұмыстар қолмен атқарылып жүрді. Қорғаныстық құралдардан тек кәдімгі спецовка мен респиратор болды,- деп әңгімеледі ол.

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

Чернобыльге дейін әлем мұндай апатты көрмеген, ал КСРО-да осындай болуы мүмкін екендігі ойға кіріп те шықпаған. Сондықтан да апат болған кезде оған ешкім дайын болмай шықты. Чернобыль АЭС-іне жіберер кезде облыс орталығындағы әскери бөлімдердің бірінде прапорщик қызметін атқарып жүрген А.Смолиннің айтуы бойынша ЧАЭС-тегі апаттың салдарын жоюға қатысушыларды қалайда да қорғауға деген талпыныстар жасалғаны рас.

Мысалы, жұмысқа қалыңдығы 10 миллиметр болатын қорғасын жабыны бар костюм кигізіп жібермек болған, бірақ бұл конструкцияның салмағы 100 килограммға жеткендіктен, одан бас тартуға тура келген. Ғарышкерлердің скафандрлары да жарамаған. Соңында, кәдімгі спецовка мен «жапырақтан» артық ештеңе болмай шықты. «Әрине, спецовкаларды жуатын, бірақ одан ешқандай тиімділік болған жоқ» деп еске алды Андрей Смолин.

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

Сергей Федоров ЕҚБ-дағы бейбіт жұмыс бойынша өзінің әріптестері - қазірде өмірден озған бірқатар өскемендіктердің есімдерін атап өтті. 1987 жылдың ақпанынан маусым айына дейін Ертіс құрылыс басқармасында маман болған ол Чернобыльде  жұмыстың ең жауапты учаскелерінің біріне (13 аудан) жетекшілік етті.

Өскеменнің Промсантехмонтажынан барған жоюшылар Владимир Шубин мен Юрий Максимов және Ертіс құрылыс басқармасынан барған Светлана Убоженко да естеліктерімен  бөлісті. 18 жасар өңдеуші қызды 1987 жылы ЧАЭС-те көрген кезде тіпті ер адамдар ашулана бастапты: «Бұл не өзі, олар кімді жіберіп отырғандарын көрмей ме?» Светлана Чернобыльде 64 күн жұмыс істеп шыққан.

 

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

Жоюшылардың барлығы Чернобыльдің жұмыс алаңдарында орнаған ауызбіршілік ахуалын атап өтуде.

Салтанат Чернобыль майданында өз денесімен әлемді бәледен қорғап қалғандарды еске алып, аспанға шарлар ұшырумен аяқталды. Содан кейін акцияға қатысушылар  «Ерлік мектебі: ШҚО чернобыльші-жоюшылары» атты жаңартылған экспозицияны тамашалады, ол әскери кешеннің аумағында ашылған болатын.

Жоюшылардың жеке заттары, олардың грамоталары, наградалары, куәліктері, сондай-ақ жұмысшы киімінің бұйымдары, мәселен, тура ЧАЭС-те пайдаланған сияқты газтұтқыш жаңғыртылған экспозиция жәдігерлеріне айналды.

Неге тура сондай? Өйткені радиацияға байланысты апат аймағынан ештеңе әкетуге болмағаны өзінен-өзі түсінікті. Сондықтан АЭС-тің жарылыс болған блогынан түсірілген біраз ғана фотолар мен жұмыс алаңдарынан түсірілген азғантай фотосуреттерді керемет олжа деуге болады, олар қазірде  негізінен барлық жерлерде көбейтілуде.

 -  ЧАЭС-те түсіріліп, экспозицияда назарға ұсынылған фотосуреттердің 80 пайызына жуығы мына сияқты фотоаппартпен жүзеге асырылған, - деп атап өтті А.Смолин, көрмелік көрнек шынысының ар жағындағы «Смена-Символды» нұсқап.

Ол сондай-ақ пленкасы бар кассетаны әуесқой фотосуретшілердің ары-бері  алып өту үшін қандай қулыққа барғандары жайында айтып берді. Әрине олай істеуге болмайтын. Есесіне бүгінде Чернобыль АЭС-індегі апаттың алғашқы күндері мен айларында түсірілген нақты фотодеректер бүкіл әлемде қолжетімді болды.

-  Жоюшылар арасында үш мың шығысқазақстандықтар болды. ЕҚБ-ның, «Промсантехмонтаж», «Промэлектромонтаж» басқармаларының, ҮМЗ-нің таңдаулы жұмысшылары, мамандары, асханаларының қызметкерлері, 22-МСБ мен ШҚО-ның басқа да кәсіпорындарының  медиктері, әскери қызметшілер, соның ішінде запастағылар да қатысты. Бүгінде ЧАЭС-тегі апаттың зардаптарын жоюшы бір жарым мың өскемендіктен тірі жүргендері 200-ге жуық адам ғана,- деді В.Щеглов

ЧАЭС-тегі апаттың 30 жылдығына орай музей-қорықта өткен кездесуге қатысушылар акция ұйымдастырушыларын өздеріне көңіл бөлгендері және өзара кездесуге жағдай жасап, сол бір қайғылы да ерлікке тең күндер туралы естеліктермен бөлісуге, тіпті бейбіт атомның өзіне салғырт қараушылықтың құны қандай болатынын еске тағы да бір сала кетуге мүмкіндік жасағандары үшін алғыстарын білдірді.

 

 

 Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …