Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

ШҚО-ның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері ЭКСПО-17 көрмесіне дайындалуда. 2016

Музей-заповедник, Кайсенова ДПИМузей-заповедник, Кайсенова ДПИ

Астана қаласында үш ай бойы өтетін халықаралық сипаттағы осынау бір ауқымды іс-шара аясында қолданбалы өнер шеберлерінің бірнеше жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. ЭКСПО-2017-ге қатысудың өзі абырой екені түсінікті, сонымен қатар ШҚО қолөнершілеріне табыс табу мүмкіндігі пайда болады. Ең бастысы, сұранысқа ие болатын бұйымдарды назарға ұсыну керек.

Музей-қорықтың сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің базасында ШҚО қолданбалы өнер шеберлері үшін  ұйымдастырылған семинар-тренингте осы мәселе сөз болды. ҚР БҒМ М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, өнертанушы Раушан Қарғабекова іс-шара модераторы болды.

-         ЭКСПО өтетін күндері Астанада 5 миллионнан астам қонақ болады және олардың көпшілігі шетелден келеді деп күтілуде. Бұрын осындай іс-шараларды өткізу тәжірибесі көрсеткендей, шетелдіктерді, шағын бұйымдар, әсіресе сөмкеге сала салатын заттар, әрі ұлттық нақыштағы, сондай-ақ ұйымдастырушы елдің әр аймақтарында тұратын этностарға тән кәдесыйлық өнім қызықтырады,- деді ол.

Музей-заповедник, Кайсенова ДПИМузей-заповедник, Кайсенова ДПИ

Бұл орайда ерекше бағаланатыны табиғи материалдардан жасалған бұйымдар екенін Раушан Исмаилқызы атап өтті. Ол сондай-ақ, шеберлерді халықтың дәстүрлі мәдениетіне тән емес элементтерді пайдалануға болмайтынын ескертті. Сонымен қатар, бұйымға қалай күтім жасау қажеттігі туралы қысқа ғана аннотацияны қосып қойған жөн, мәселен қуыршақ болса оны жууға бола ма: «Осындай сұрақтарды шетелдіктер жиі қояды!».

Шеберлер жәрмеңкелік іс-шараларға қатысуға іріктеуден өту үшін өтінімді қалай дұрыс ресімдеу керектігі жайында білді, өздерін қызықтырған басқа да сұрақтарға жауап алды. Өз кезегінде Р.Қарғабекова қолөнершілерді ЭКСПО-17-ге белсенді түрде қатысуға шақырды: «Мұндай мүмкіндік бола бермейді!» деді ол.

Ірі фирмадан тапсырыс алу мүмкіндігі бола қалса алып көрмеге қатысу үшін қосымша ынталандыру болып табылады. Бұл ретте шеберге тек еңбегі үшін ғана емес, материал үшін де ақы төленеді.

 

 

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі