Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Өскемен қаласында өткен «Үлкен жолдың кезеңдері» атты көшпелі көрменің дебюті. 2016

Фото Алексея МазницынаФото Алексея Мазницына

Музей-қорық қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнап дайындаған экспозицияны Өскемен қаласында өткізілген «Ақ Ертіс» атты классикалық өнердің ІІ халықаралық фестивальне қатысушылар бірінші болып тамашалады.

Облыстық драма театрының фойесінде музыканттар мен көрермендердің назарына әсем мольберттердегі 40-тан астам фотопланшеттер ұсынылды. Көрме бірнеше тақырып бойынша өткізілді: «Тарих және археология», «Мәдениет», «Денсаулық сақтау», «Өнеркәсіп», «Спорт», «Табиғат».

- Фотокөрме көрермендерге облысымыздың тарихы бай, заманауи жарқын оқиғаларға толы, көрікті мәдени және сәулет ескерткіштері мол, ғажайып табиғаты, әлеуметтік салада үлкен жетістіктерге жеткен, әрі барынша даму үстіндегі өңір ретінде көруге мүмкіндік береді, - деді музей-қорықтың ғылыми-экспозициялық-көрме жұмысының бөлім меңгерушісі Гүлнар Смағұлова.

Фото Алексея МазницынаФото Алексея МазницынаФото Алексея Мазницына

Әсем табиғат пен археологияның бірегей ескерткіштері, Өскемен, Семей қалаларының университеттері, жаңа спорт кешеңдері, оның ішінде 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадалық ойындардың чемпионы және РИО-2016 Олимпиадалық ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпакова атындағы жеңілатлетикалық орталық, әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа Қан орталығында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың болуынан көрініс, ұлы Абай еліндегі ақынның ізі қалған жерлер, заманауи автозауыт – өткеніне ықыласпен қарап, болашағына құлаш сермеген Шығыс Қазақстан облысы келушілердің көз алдына дәл осындай көрінді.

«Үлкен жолдың кезеңдері» экспозициясының жарқыраған, толық та әрі шағын фотожиынтығын біздің облысымыздың нағыз визиткасы деп айтуға болады. Шығыс Қазақстан облысына келген қонақтар фотокөрме арқылы біздің өлкені тамашалап, құндылықтарын ой елегінен өткізді, ал жергілікті тұрғындар туған өңірін тағы да мақтан тұтуға мүмкіндік алды.       

Таяу күндері бұл көшпелі фотокөрме аймақаралық мәдени бірлестік аясында музей-қорықтан Астана қаласына, одан кейін – Петропавл қаласына сапар шегеді.

Музей-қорықтың баспа қызметі

Алексей Мазницынның фотосы