Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

Біздің музей-қорық – республикадағы үздік музей-қорық!2016

Фото Восточно-казахстанский музей-заповедник признан победителем республиканского конкурса «Лучший музей»Фото Восточно-казахстанский музей-заповедник признан победителем республиканского конкурса «Лучший музей»

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткен «Ең үздік музей» атты республикалық конкурстың жеңімпазы деп танылды.  

Іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық музейі халықаралық музейлер кеңесі қазақстандық комитетінің (Қазақстан ИКОМ) көмегімен ұйымдастырған болатын. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай, Әскери-тарихи музей директоры Перизат Өтепова, республиканың еңбек сіңірген қайраткерлері, академиктер мен профессорлар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.

Конкурс бірнеше номинациялар бойынша ұйымдастырылды.  Алдын ала қатаң іріктеуден өткен 30 үміткер – мемлекеттік облыстық, аудандық (қалалық) дәрежедегі музейлер және музей-қорықтар өзара бәсекеге түскен еді. Конкурс қорытындысы бойынша Астанада өткен марапаттау салтанатында үздіктердің есімдері аталды.

Фото Восточно-казахстанский музей-заповедник признан победителем республиканского конкурса «Лучший музей»

Қазылар алқасының шешімімен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы «Ең үздік музей-қорық»  номинациясында жеңімпаз деп танылды, Сонымен бірге «Мемлекеттік музей-қорықтың ең үздік қызметкері» номинациясындағы жеңімпаз атағын музей-қорықтың сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Райса Мұхамеджанова иеленді. 

Қуатжан Уәлиев жеңімпаздарды құттықтап, сөз сөйледі. «Мәдениет және спорт министрінің тапсыруымен өткізілген конкурс еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған болатын. Оны ҚР Ұлттық музейі әділ де лайықты етіп әзірледі және бүгінде біздер ғажайып салтанаттың куәсі болып отырмыз. Қатысушы-үміткерлер көп болды, қазір міне солардың ең үздіктері – сахнада тұр. Мен осы конкурстың дәстүрге айналатынына сенімдімін!»

Мәдениет және спорт министрінің атынан музей-қорық директоры Николай Зайцевке және аға ғылыми қызметкер Райса Мұхамеджановаға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Республикалық конкурсқа қатысушылар үшін елорданың музыкалық ұжымдары тамаша концерт қойып берді.

 
 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі