Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

Рейтинг@Mail.ru

«Қазақтың ұлттық кесте өнері». 2016

К 25-летию Независимости30 қараша 2016жылы  №35 мектеп-гимназиясында  этнографиялық мұражай –қорықтың  қазақ бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Талдыбаева Сауле  «Қазақтың ұлттық кесте өнері» тақырыбы бойынша  іс-шара өткізді. Мұражай қорынан жәдігелер алынып, оқушыларға  тақырып бойынша лекция-сабақ өткізілді.

Қазіргі таңда сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері көкейкесті мәселенің бірі.

«Шеберлінің қолы-алтын» – деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып  отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, қайта жаңғыртып, жүректерден орын алуда.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік Қолданбалы өнер»  бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп, толық дәрежеде игеру қажет.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне, әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы,көзқарасы, идеясы қалыптасады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие. Оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.